Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:.
Сабақ: 1
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сыныбы:
|
Қатысқандар
саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы:
|
Балалар мерекесі
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
3.1.1.1-тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтаужәне салыстыру
3.1.2.1 -көркем образдарды аша отырып,түрлі сипатты әндерді орындау
3.1.3.6 -нотамен қарапайым әуендер орындау
|
Сабақ мақсаттары
|
«Еркем-ай» халық әнін тыңдайды;
Әндерін салыстырады, сипаттайды;
«Әри-айдай» халық әнінүйренеді;
«Әри-айдай» әніне импровизация жасайды;
Кері байланыс жүргізеді.
|
Бағалау критерийлері
|
Білім алушылар:
Контрасты музыканы тыңдап сипаттады және салыстырды,
«Әри-айдай» әнін үйренді, топпен көркем образын ашып орындады.
|
Тілдік мақсаттар:
|
Оқушылар:
музыканы талдайды және сипаттайды, тыңдалған музыкалық шығарма жайлы өз ойларын жеткізеді.
Пәнгетән лексика мен терминология:
музыкалық лад, мажор, минор, контрасты музыка, халық әні, ля нотасы
Талқылауғаарналғансұрақтар:
Бұл әндер қалай аталады?
Халық әндері дегеніміз не?
Әннің көңіл-күйі қандай?
Бұл екі әннің өзара қарама- қайшылығы неде деп ойлайсыз?
Әндердің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
|
Құндылықтарды дарыту
|
Ұлттық музыка және халық әндеріне деген құрмет, сыйластықты, мәдени құндылықтарға деген сүйіспеншіліктерін дарыту.
|
Пәнаралық байланыстар
|
-
|
АКТ дағдылары
|
-
|
Бастапқы білім
|
1-2 сыныптағы білімдеріне. Яғни мажор, минор, халық әндері ұғымдарын еске түсіре отырып, музыкалық білімдерін арықарай дамытады
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтыңбасы
5 минут
|
Музыкалық сәлемдесу.
Оқушыларды екі топқа бөліп қарама-қарсы қоямыз.
«Мен саған-сен маған» ойынынжүргіземіз. 1-2 сыныпта және 1 бөлімнен өткен барлық музыкалық терминдерді еске түсіріп қайталаймыз. Мысалы, форте-пиано, мажор-минор, жылдам-жай, және т.б.
|
|
Сабақтың ортасы
30 минут
|
1-тапсырма. Музыка тыңдау және талдау
Контрасты (қарама- қайшы) екі әнді тыңдаңыз. Мысалы;
Мадина Садуақасованың орындауында халық әні «Балапан қаз» және Мақпал Жүнісованың орындауында халық әні «Еркем-ай» әндері.
Оларды салыстырыңыз.
Бұл әндер қалай аталады?
Халық әндері дегеніміз не?
Әннің көңіл-күйі қандай?
Бұл екі әннің өзара қарама- қайшылығы неде деп ойлайсыз?
Әндердің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
2-сынып бойынша өткен музыкалық терминдерді еске түсіріп, лад,мажор және минор ұғымдарын қайталаймыз.
2 тапсырма. Ән үйрену және орындау.
Қазақтың халық әні «Әри-айдай» үйреніңізжәне әнді караокеге қосылып орындаңыз.
3 тапсырма. Нота сауаты
Ля нотасымен танысыңыз. Оны нота дәптеріне жазып қойыңыз.
«Әри айдай» әнінен ля нотасын тауып анықтаңыз .
4 тапсырма. Орындау және импровизациялау
«Әри айдай» әнін импровизациялап, музыкалық және шулы музыкалық аспаптармен сүйемелдеп орындаңыз. Сыныпты 3 топқа бөліп әр топтан 1 дирижер тағайындап, әнді дайындауға уақыт беріңіз.
Музыкалық контрасты қолданыңыз.
|
Тыңдауға ұсынылған халық әндері
Халық әні «Балапан қаз»
https://www.youtube.com/watch?v=BgJYHuD04eg
Халық әні «Еркем-ай»
https://www.youtube.com/watch?v=VtsrKs7G34I
Халық әні «Әри-айдай»
https://www.youtube.com/watch?v=bISFi8RHSrg
Халық әні «Әри-айдай» сөзі
https://sazalem.com/ru/track/tamara-asar-ariaidai
«Әри-айдай» халық әні
3 дирижерлық таяқша
|
Сабақтың соңы
5 минут
|
Рефлекция:
Сіздің орындауыңызда не жақсы шықты?
Не жаман шықты?
Нені жақсартуға болады?
|
|
|