(Ж)2-тапсырма. «Көршіңмен талқыла» әдісі: оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады.
Астана қаласындағы Бейбітшлік және келісім сарайындағы конференц-залдың едені шаршы тәріздес. Еденнің ауданы 288 м2. Конференц-залдың еденіне қанша метр жиектеме (плинтус) керек?
Кері байланыс. Ауданның формуласынан ұзындықты табуда көбейткішті түбір белгісінің алдына шығаруды қалай қолдандыңдар?
«Бес саусақ» әдісі. Қағаз бетіне қолыңызды қойып, саусақтарыңызды айналдыра сызады. Әр саусақтың өзінің мәні бар, солар бойынша өз ойын білдіре отырып, жан-жақты қарастырады.
1. Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызықты болды ......
2. Сұқ саусақ – мен бүгін .......... түсіндім.
3. Ортаңғы саусақ – мен үшін ....... қиын болды.
4. Төртінші саусақ – менің бағам ....... , өйткені...
5. Шынашақ – Мен ............ білгім келеді