▪
Қима мәдениеті. Аталмыш мәдениет Батыс Қазақстан аумағында орналасты. Кешенді
егіншілік-бақташылық
кәсібімен айналысты. Өзен-көлдердің алқап- тарында қоныстанды.
▪ Бұл мәдениеттің жерлеу дәстүріне тән өзіндік ерекшелігі - қабір шұңқыры
қима ағаштармен бекітілуі еді.
Осыдан мәдениет атауы шықты.
• Олар көбінесе өлген адамды таяздау қазылған, қарапайым қабір шұңқырына жерле- ген. Мәйітті бүктетілген
қалыпта,
басын солтүстікке қарата жатқызған. Жанына ирек сызықпен өрнектелген қыш ыдыстар қойған
Беғазы-Дәндібай мәдениеті Орталық Қазақстаннан табылған андрон мәдениетінің ескерткіші.
Бұл андрон
мәдениетінен сақ тайпаларының мәдениетіне көшу кезеңі.
▪ адамдары мәйітті шалқасынан жерлеген.
Қола
дәуірі
• Ерте металл дәуірінің тұрғындары
мал шаруашылығымен, сондай-ақ аң және балық аулаумен
айналысты.
▪
Мал шаруашылығының негізін жылқы мен ірі қара құрады.
▪
Тұрғындар
суармалы егіншілікпен айналысты. Тек су көзіне жақын орналасқан жерлерде ғана мүмкін
бодды. Өзеннен суару үшін арықтар тартты.
• Ежелгі қималықтар мен андрондықтар үлкен
патриархалды отбасыларынан құралғаны байқалады.
▪
Қауым мүшелерінің жері мен малы
ортақ болды.
▪
Қауымдастықта
жекеменшік әлі толық орнықпаған еді. Адамдардың тек өзі ғана
пайдаланатын меншігі,
мәселен, аңшы жақсы садақ жасаса, садақ тек соныкі саналды. Ол адам қайтыс болса, садағы қабірге қоса
көмілді.
Қола дәуірі
Қола дәуіріндегі мал шаруашылығы, егіншілік пен қатар
кен өндіру адамзат қоғамының
дамуында маңызды рөл атқарды. Мыс пен қалайы кені қарапайым құралдар — қайла, балта
және теселермен қазып алынған.
▪
Мыс кені
Жезқазған жеріндегі кеніштерден өндірілген. Ғалымдардың зерттеуі бойынша
көне заманда-ақ Жезқазған кенішінен 100 мың тоннадай мыс қорытылған.
▪ Ежелгі Имантау кен орнындағы қалдықтарға қарағанда, бір кеніштен ғана 48
мың тонна
мыс өндірілгені анықталып отыр.
▪
Қалайы Атасу таулы жоталарынан,
▪
Алтын кені
Степняк т.б. кеніштерден алынған. Бұл өңірлер Қазақстан аумағы ежелден кен
ісінің орталығы болғанын дәлелдейді.