Тірі жүйелердің құрылымдық ұйымдастығы, қасиеттері және химиялық құрамы.
Соңғы жылдары тірі жүйенің мәнін түсінуге біршама мүмкіндік беретін өмірдің көптеген құбылыстарының механизмдері зерттеліп, жаңа заңдылықтар ашылып, негіз құраушы принциптер қалыптасты. Бұл биохимияның тірі жүйелер туралы ғылым – биологияның маңызды мәселелерін талдаудың негізгі әдісі болып қана қоймай, сонымен қатар, оның тіршіліктің заңдарын ашуға және белгілі бір деңгейде тіршілік процестерін басқаруға мүмкіндік беретін әдістемесі болуының арқасында мүмкін болды.
Алайда, тірі жүйелер туралы ғылымның үлкен табыстарына қарамастан біз тіршіліктің не екенін, ол қалай және қашан пайда болғанын анық басып айта алмаймыз. Соған қарамастан биохимиялық принциптер, әдістер белгілі бір деңгейде биожүйелердің функционалды құрылымының, тірі жүйелердің қасиеттерінің негізгі заңдылықтарын ашуға мүмкіндік берді:
клетка мен субклеткалық заттардың құрылымдық ұйымдастығының өте күрделілігі;
тамақтану және заттар алмасуы;
түрлердің өсуі, дамуы, дифференциациясы және әрқилы болуы;
энергияны шығаруы және басқа түрге айналдыру қабілеттілігі;
реактивтілігі мен ағзаның құрылымдық және функционалды біртұтастығын сақтап қалуға қабілеттілігі (өзін-өзі реттеуі);
кеңістікте белсенді, тәуелсіз қозғалуы;
өзіне ұқсас түрді өмірге әкелуі;
қоршаған ортаны талдауға және зерттеуге қабілеттілігі.
Жалпы биологиядан білетініміздей, барлық бір клеткалы және көп клеткалы ағзалар қзін құрайтын клетканың түріне қарай екі үлкен топқа бөлінеді – прокариоттар және эукариоттар.
Тірі ағзалар
Вирустар Прокариоттар Эукариоттар
Бактериялар Көк-жасыл балдырлар
Шырыштылар Саңырауқұрақтар Өсімдіктер Жануарлар
Прокариоттардың клеткаларында белгілі бір құрылысы бар ядро болмайды. ДНҚ-ның генетикалық материалы прокариоттардың тура цитоплазмасында орналасқан және ядролық мембранамен қоршалмаған. Ал эукариоттарда нағыз ядро бар, яғни оларды генетикалық материал екі мембранамен қоршалған және белгілі бір клеткалық құрылымы – химиялық құрамы бар.
Мембрананың, клеткалық – органеллаларының және бүкіл клетканың құрылымын анықтайтын негізгі химиялық заттар – протеиндер, нуклеин қышқылдары, липидтер және көмірсулар болып табылады. Олар сумен және бір-бірімен өзгешелік физикалық-химиялық қарым-қатынаста болады және клетканың молекулярлық ұйымдастығының иерархиясын анықтайды.
Клетканың құрамына органикалық заттардан басқа минералдық заттар да кіреді. Олар органикалық макромолекулалармен комплекс түрінде (P, S, J, Fe, Zn, Co, Cu) немесе бос иондық жағдайда (Na+, K+, H+, Ca++, Mg++ және т.б.) кездеседі.
Клетка
Органеллалар
Протеиндер Нуклеин қышқылдары Липидтер Полисахаридтер
Амин қыш. Нуклеотидтер Май қыш. глицерин Моносахаридтер
Бұл күрделі молекулалардың барлығы клеткалық органеллалардың құрылымын қалыптастырып қана қоймайды, сонымен қатар, клеткалардың, мүшелердің биологиялық қызметтерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді және биожүйелердің тіршілігін – қызметтерінің мәнін анықтайды.
Жаңа тақырыпты бекіту.
Медицинадағы биохимияның маңызы.
Жұмыс орнын жабдықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |