Арнаулы әдiстер: зондтау, катетерлеу, эндоскоптау, УЗИ, рентгеноскопия, графикалық әдiстер (ЭКГ, ринография, пневмография, гастрография, сфимография, флегмография)
Зертханалық әдiстер: қанның, несептiң, нәжiстiң тағы басқа анализдерi.
Аурудың клиникалық түрлерi: әдеттегi, әдеттегiден тыс, аса жiтi, жiтiден төмен, созылмалы, үзiктi, зiлдi, зiлсiз, орны шектелген, жайылған тағы басқа. Аурудың айтылған түрлерiн айқындаудың емдеу үшiн маңызы аса зор
Сонымен қатар зерттеу барысында аурудың инкубациялық кезеңін, ағымын және өту түрін ескеру қажет. Әрбiр жағдайда жұқпалы аурудың клиникалық белгiлерi жануарларда өзгерiп отырады. Бұл әр-түрлi факторлармен: қоздырушылардың түрi мен олардың енген жерiнен, аурудың өту ағымы және формасынан, аурудың сатысынан, организмнiң төзiмдiлiгiне байланысты. Барлық жиналған мәлметтерді ауру тарихына енгізу қажет.
Бақылау сұрақтары:
Инфекциялық ауруларды клиникалық балау мақсаты мен ерекшеліктері
Балаудың клиникалық тәсілі қалай жүргізіледі?
Клиникалық балуадың артықышылығы мен кемшілігі.
Әдебиет:
1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2015 ж.
2. Байкадамова Г.А. Індеттану және iндетті аурулар. Оқу құралы. Алматы, 2015 ж.
3. ҚР Ветеринариялық заңнамасы, 2004 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |