Сабақ 1 тақырып: Жұқпалы аурумен ауырған малмен жұмыс істеу тәртібі


тақырып: Инфекциялық ауруларды клиникалық балау әдістері



бет5/6
Дата17.02.2022
өлшемі21.8 Kb.
#455464
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
1 ЗТС Жұқпалы аурумен ауырған малмен жұмыс істеу тәртібі

2 тақырып: Инфекциялық ауруларды клиникалық балау әдістері
Сабақтың мақсаты: 1. Инфекциялық ауруларды клиникалық балау әдістерін дұрыс бағалай білуді үйрену;
Сабақтың ұзақтығы: 2 сағат.

Инфекциялық ауру шықты деп күдiктенгенде, ветеринариялық дәрігердің ең бiрiншi мiндетi – сол шаруашылыта шыққан ауруды дер кезiнде балау. Балау кезiнде екi нәрсеге көңiл бөлген жөн:

1 Жедел уақытта балау керек.

2 Балауда кешендiк әдiстi қолдану қажет.

Дұрыс және жедел қойылған балаудың (диагноздың) арқасында сауықтыру шараларының тиiмдiлiгi жоғары болады.

Инфекциялық ауруларды бастапқы балау әдістерінің бірі, ол клиникалық балау әдiстерi.

Көп жұқпалы аурулар үшiн клиникалық диагноз шешушi болып саналмаса да, кейбiр ауруларда клиникалық белгiлерi пайдалы бағдар бередi.

Мысалы: iрi қара малдың зiлдi қатаральдық қызбасында, құтыру ауруында, эпизоотикалық лимфангит, бұзаутазда клиникалық белгiлерi диагноз қоюға маңызы өте зор болады.

Клиникалық зерттеудi дене қызуын өлшеуден бастайды. Ары қарай малды жiберiп: дене-тұлғасының ұстауына қарай, әртүрлi тiтiркендiргiштердiң әсерiн, азық, су iшуiне, нәжiстiң түрiне, нәжiс және несеп шығару ерекшелiктерiне назар аудару қажет. Кейiн әртүрлi мүше және жүйелерiн зерттеу кестесiне кiрiседi.

Жұқпалы аурулардың клиникалық белгiлерi көптеген факторлармен: қоздырушының түрi мен мекендейтiн жерi, аурудың кезеңi мен көрiнiс формасынан, организмнiң төзiмдiлiгiмен және басқа көп себептермен байланысты.

Жануарларда клиникалық тексеру жалпы, арнаулы және зертханалық әдiстердi пайдаланып жүргiзiледi. Жалпы әдiстерге жататындар:

Жалпы әдістер: Тiркеу, анамнез, қарау және бақылау, дененiң ыстығын тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация.

- Тіркеу мәлметтерін нақтылағаннан кейін ветеринариялық дәрігер анамнездік деректерді біріктіріп, індеттік жағдайды анықтауға назар аударады. Ол үшін, шаруашылықтың және оның маңайындағы жайылым және шабындық алқабтарының орналасуын, сумен қамтамасыздандыру, малдың күтімі және қоражайларының жағдайын, жануарлар қашан және қандай вакциналармен егілді, аллергиялық және серологиялық зерттеулерден өтті және олардың нәтижелері қандай болғанын анықтау керек.

- Анамнездік деректерді жинағаннан кейін ветеринариялық дәрігер малды клиникалық зерттеуге кіріседі.

Зерттеу барысында жануардың сыртқы көрнісіне, тері жамылғысының, тері асты шелінің жағдайына назар аударып, беткейлі орналасқан лимфа түйіндерін, көзге көрінетін кілегеі қабықтарын қарап, малдың температурасын өлшейді. Кейіннен тыныс алу жүйесін, жүрек-қантамыр жүйесін, асқорыту жүйесін және т.б. зерттеуге кіріседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет