Сабақ №12: Сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар. Сұрақтар мен тапсырмалар


Саяхат, мұражайларға бару, кинотеатрларға бару, кітапханамен жұмыс және бұл жұмыстардың әдебиет сабағымен тығыз байланыстылығы



бет2/4
Дата22.04.2024
өлшемі26.41 Kb.
#499535
түріСабақ
1   2   3   4
12 тапсырма әдебиет

2. Саяхат, мұражайларға бару, кинотеатрларға бару, кітапханамен жұмыс және бұл жұмыстардың әдебиет сабағымен тығыз байланыстылығы.
Сыныптан тыс уақытта жүргізілетін жұмыстар оқушылардың әдебиет сабағында алған білім қорын молайтып, ой өрісін дамытып, дүние тану қабілетін арттырады. Сыныптан тыс уақытта жүргізілетін жұмыстар әр алуан.Олар: түрлі үйірмелер, әдебиет газеті мен қолжазба журналдар, әдеби-көркем кештер, спектакльдер, әдеби көрмелер, серуен, экскурсиялар, театрға бару, кино, мұражайларға бару, сыныптан тыс көркем шығармаларды оқу, әдебиеттік музыкалық клубтар, оқырмандар конференциялары т.б. сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыу сияқты білім мен төрбие берудің басты-басты мәселері сыныптан тыс жұмыстарда одан әрі жалғасын табады.
Әдебиет сабағында сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар.Тәрбие негізін қалайтын, оқушылардың білімін кеңейтіп, өз қабілетін танып білуге үлес қосатын оқытудың түрі - сыныптан тыс оқыту.Сыныптан тыс оқыту мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады.Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың:
- бос уақыттарын тиімді пайдалануға,
- өз қабілетін танып білуге,
- қосымша жұмыс жасауға үйретіп,
- дүниетанымын кеңейтеді.
Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Сөз жоқ, икем - дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілетті, дарынына әсер ету, оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді. Бірақ осы жұмыстардың барлығын сабақ процесінде жүзеге асыру мүмкін нәрсе емес. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Ол жұмыстардың қандай түрі болмасын, оның негізгі мақсаты - оқушылардың түсінігін арттыру, халықтың салтын, мәдениетін, өнерін бойына сіңіре отыру рухани ұлтжандылық тәрбие беру. Сөйтіп, бұл - әдебиеттен оқушылардың алған білімдерін одан әрі тиянақты ету, дамыту, жинақтау, оларды өмір төжірибелерінде дұрыс пайдаланып, сөз мағынасын терең ұғынып, сауатты жазуға баулитын жұмыстардың бірі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет