Сабақ №12: Сыныптан тыс оқу және сыныптан тыс жұмыстар. Сұрақтар мен тапсырмалар


Ұлы Отан соғысы жылдары (Ж.Жабаев, Б.Бұлқышев, Қ.Қайсенов, т.б.) шығармаларындағы патриоттық тәрбие



бет3/4
Дата22.04.2024
өлшемі26.41 Kb.
#499535
түріСабақ
1   2   3   4
12 тапсырма әдебиет

3. Ұлы Отан соғысы жылдары (Ж.Жабаев, Б.Бұлқышев, Қ.Қайсенов, т.б.) шығармаларындағы патриоттық тәрбие.
Қырқыншы-елуінші жылдардағы қазақ поэиясы қайшылықты, алуан құбылыстарға толы. Тарихи-әлеуметтік тұрғыдан зер салғанда, өзінің идеялық тұрғысы мен бағытын, әлемдік аренадағы өз салмағын біршама айқындап үлгерген тосын сипатты, жаңа да жас мемлекеттің рухани және экономикалық өміріне оның күретамыры іспетті идеялық болмыс-бітімі ғана емес, Сталиннің де жеке тұлға ретінде айрықша ықпал жасағаны сөзсіз. Демек, осы екі фактор - бір объективті тарихи дамудың бұған дейін болып көрмеген өзгеше саласына түскен мемлекеттің саяси-экономикалық, тарихи-әлеуметтік бітімі болса,екіншісі - яғни субъективті ықпал - Сталиннің жеке басының пайымы мен пәрмені. Міне, осы екі фактордың жиырмасыншы жылдардың екінші жартысынан бастап, Сталин қайтыс болғанға дейін жалпы мемлекеттің бүкіл өмірінде айрықша маңызды рөл атқарғанын ескермейінше, бұл кезеңдегі рухани саланы әділ бағалауда, терең түсіну де мүмкін емес. Әлеуметтік-тарихи өзгерістер мен құбылыстарға қашанда алдымен үн қатуға, өз үнін білдіруге әзір, елгезек халық ақындары соғыс жылдарында жиі көрінді. Дүниеге келу процесі жазба әдебиет шығармасына қарағанда әлдеқайда жедел, тындаушыға тікелей идеялық-эстетикалық әсер ете алатын ұшқыр,көркемдік нысанасы айқын ауыз әдебиеті туындылары - халық ақындарының өлең жырлары алдымен ауызша айтылып, содан кейін мерзімді баспасөз беттерінде, одан кейін жинақтарда жарияланып жатты. Ақындар айтысында да соғыс жылдарының шындығы, мәселелері - жетістіктер мен кемшіліктер көрсетілді, әр өлкедегі сәулелі сәттер марапатталып, көлеңкелі тұстар нақты мысалдар арқылы сынға алынды, содан соң жеке кітап болып басылып шықты («Ақындар айтысы», 1944).Әсіресе, ұлы Жамбылдың даусы асқақ та айбынды естілді. Оның мерзімді басылымда күн құрғатпай жарық көрген, бүкіл еліміздің радиоларынан күн сайын дерлік саңқылдап, асқақ шабытпен оқылған, туған елге деген махаббатқа, құрметке толы жалынды жырлары жеке кітап болып шығып жатты.
Жамбыл Жабаев «Шығармалары» (1940), «Болат тонды батырлар» (1941), «Майданжыры» (1942), «Отан әмірі» (1941), «Майдан жыры» (1942), «Алынбас қамал» (1943), «Қамал бұзған қаһарман» (1945) жеке кітап болып ұсынылды. 95 жастағы қарт жыраудың тарихи-саяси жағдайды жете байыптауға мүмкіндігі болмағандықтан, республика үкіметі тарапынан, әр түрлі ресми және шығармашылық ұйымдар тарапынан оның әдеби хатшыларына • (Ә.Тәжібаев, Ғ.Орманов, Т.Жароков, Қ.Әбдіқадыров) ықпал жасалып, қарт ақынның сол тұстағы кеңес мемлекеті басшыларын, Сталинді мадақтау да тапсырылғаны, олардың кеңес елін бақытты болашаққа бастайтын тұлғалар ретінде түсіндіруге айрықша күш салынды. Бүгінде Жамбыл шығармаларын, оның идеялық нысанасына емес, көркемдік кестесіне байланысты бағалағанда ғана, ақынның, сол арқылы сол кезендегі жалпы халық поэзиясының, ауыз әдебиетінің көркемдік айырмашылықтарын тереңірек түсінуге болады. Бірінен бірі асып түсетін небір айшықты теңеулер, образдар, тұтқиылдан тап басатын эпитеттер, айтыс ақындарында жиі кездесетін тәсіл - градацияны шебер пайдалану сол қызумен, сол шеберлігімен жазба әдебиетке, оның ішінде поэзияға ықпал жасау заман, кезең шындығын образ-категориялар арқылы да айшықтау сол арқылы халқымыздың ұлттық рухының басылмай, заман ауыртпалығының астында тапталып жаншылмай, қайта іштей буырқанып, булыға қайраттанып, қор жинай беруіне, ұлттық көркемдік ойдың салалана, тармақтала беруіне, көркемдік танымның көкжиегі кеңи түсуіне, халықтың эстетикалық талғамын өз тұрғысынан кемелдендіруіне, рухани ширығып жігерленіп өсуіне зор ықпал жасағанының нақты мысалдары. Бұл орайда бір-екі мысал келтірумен шектелейік. Ұлы жырау Жамбылдың ұлы Алғадай майданда мерт болғанда, көз жасын төгіп, жылап айтқан жыры бүкіл қазақ даласының, қазақ халқының көз жасы, ауыр қайғысы болып, байтақ сахараға кең тарады:
Алатауды айналсам,
Алғадайды табам ба?
Сарыарқаны сандалсам,
Саңлағымды табам ба?
Көкірегін кернеген зар, ауыр қайғы осылайша фольклордағы жоқтау сарынын еске салып, фольклордың ұлттық рухтың алтын қоры ретіндегі қызметін көрсете отырып,халықтың көкірегінде басқыншы жауға деген ыза-кегін оятты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет