Сабақтың ортасы
|
Көмірсутекті газдарды өңдеу тәсілдері.
Мұнай газдарын өңдегенде, одан бензин, сұйытылған газ
жіне жеке көмірсутектерді алады.Оның үлгісін былай көрсетуге
болады газ- тұрақсыз газ бензині-тұрақтандыру фракцияға бөлу –
сұйық газ-жеке көмірсутектер.
Осы үлгі бойынша ГӨ зауыттары мынандай жұмыстар
атқарады:
1) шикізат өңдеуге қажет қысымға дейін қысу, бензиннен
айырған газды тұтынушыларға магитральды газ құбыры мен
тасымалдау; 2) шикі газдан тұрақсыз бензин алу; зауыттан және
сырттан (мысалы, мұнай тұрақтандыру қондырғыларынан)
алынған тұрақсыз бензиндерді айырып, оны тұрақты бензиндерге
және жеке көмірсутектерге айналдыру: пропан, изобутан және нбутан.
Шикізат газ зауытқа аз қысыммен (0,3-0,4МПа)түседі.Зауытқа
түсетін газ құбырлары газ қабылдау пункті деп аталатын бір торопқа
жиналып, жеке құбырлардан келетін тазартылуға жіберіледі.
Газ күкіртсутегімен тазартылып болғаннан кейін келесі өңдеу
сатысына көшіп, бензиннен ажыратады.
қазіргі уақытта көмірсутек шикізатын алудың синтетикалық әдістері үлкен практикалық қызығушылық табады.
Синтетикалық парафиндерді алу
Синтетикалық парафиндерді газ-синтезі деп аталатын СО және Н2–ден алады. Бұл каталитикалық процесс, және ол қолданылатын катализаторға тәуелді 160-320°C температура мен 0,1-30 МПа қысымда жүргізіледі.
Синтез өнімдері құрамы, шығысы және процестің технологиялық дайындалуы мәнді мөлшерде синтез шартына тәуелді болып келеді. Процесс стационарлы қалай жүрсе, солай катализатордың қайнаған қабатында жүреді. СО және Н2-ден көмірсутектердің синтез процесі катализаторлары никель, темір, кобальт, рутений, родий және VIII топшасының металдары әртүрлі қоспалар негізінде дайындалады. Атмосфералық қысымда кобальтты катализатор қатысында жүретін синтез өнімінің орташа құрамы төменде көрсетілген (г/м3): С1−С2−20,0−22,4; С3−С4−20,0−22,3; С5−С10−57,0−63,3; С10−С18−46,0−50,0; С18 жоғары −11,0−12,7.
Синтез процесінде көбінесе қалыпты құрылысты көмірсутектер түзіледі. Мысалы, С5−С8 фракциясы мынаны құрайды (%):
Синтез процесінде парафиндермен қатар олефиндерде түзіледі. Олефиндердің шығысына газ-синтезі құрамды катализатор қатысында қысым үлкен әсер етеді. Сонымен қатар, фракцияның қайнау температурасы өскен сайын ондағы олефиндер құрамы азаяды. Олефиндер көбіне қос байланысты β- және γ-орналасып келеді. Олефиндер арасында әртүрлі орналасқан қос байланыс қатынасы С6−С8 фракциясы төменде берілген:
1-есеп: Газ тәрізді заттардың мынадай элементтік құрамы эксперименттік жолмен анықталғын: көміртегінің массалық үлесі 0,8571 (немесе 85,71%), сутегінің массалық үлесі 0,1429 (немесе 14,29%). Қалыпты жағдайда бұл газдың 1 л массасы 1,25 г болады. Осы заттың химиялық формуласын табыңдар.
2-есеп.(Қ.ж.)тығыздығы 0,715г/л болатын көмірсутектің 4,8грамын жаққанда 13,2г көмірқышқыл газы түзілген болса,онда оның молекулалық формуласы.
3 есеп- 1л бутанның массасын (қ.ж) есептеңіз.(2,58г)
|
Оқушылар топтасып берілген есептерді шығарады.
|
ҚБ «Бәрекелді, әттеген-ай» әдісі
|
Қосымша мәтін
|
Сабақтың соңы
|
Кері байланыс: «Бір ауыз сөз» әдісі
Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді.
|
Пікір жазылған парақтарға өз ойларын жазып, сабаққа кері байланыс береді
|
|
Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздер тақтаға алдын-ала жазып қойылады: ұнады, қажет, түсінбедім, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б.
|