Сабақ №5 Тақырып: Табиғат ресурстары кеңістік-уақыттық категориясы



Дата01.03.2024
өлшемі22.95 Kb.
#493394
түріСабақ
Семинар 5. Бупина А, Даулетханова А


Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Жаратылыстану және география институты
География және экология кафедрасы
Пән атауы:
«Табиғи ресурстар географиясы және жер қойнауын қорғау»

Семинарлық сабақ №5


Тақырып: Табиғат ресурстары – кеңістік-уақыттық категориясы

Орындаған: 6В05203 – География ББ 2 курс, 1 топ студенттері:


Бупина А.Н., Даулетханова А.М.
Қабылдаған: Боранкулова Д.М.

Алматы, 2024



  1. Ғаламшардың ресурстық базасы

Кесте 1.




Жалпы қоры

Дәрежесі

Қолдану болашағы

Мұнай


Дүние жүзінде 1757 млрд баррель жалпы қоры бар.
Венесуэла: 303,8 млрд
Сауд Арабиясы: 297,5 млрд
Канада: 168,1 млрд баррель

Синтетикалық каучуктар мен талшықтар, пластмассалар, беттік-белсенді заттар, жуғыш заттар, пластификаторлар, қоспалар, бояғыштар өндіру үшін құнды шикізат көзі ретінде пайдаланылады. Осы өндірістер үшін мұнайдан алынатын бастапқы заттардың ішінде ең көп қолданылатындар: парафинді көмірсутектер — метан, этан, пропан, бутандар, пентандар.

Егер бұрын мұнайға деген әлемдік сұраныс кем дегенде 2050 жылға дейін өседі деп болжанған болса, енді мұнайды тұтынудың шарықтау шегі
2025 - 2040 жылдар аралығында болады деп есептейді. Осының бәрі әлем өзінің энергиямен қамтамасыз етілуінде көмірсутектердің үстемдігінен біртіндеп алшақтай бастағанын білдіреді, бірақ бұл процесс кенеттен болуы мүмкін емес. Өйткені жаңа энергия мұнайдан бас тартқан жағдайда әлемнің энергетикалық қажеттіліктерін әлі толық қанағаттандыра алмайды.




  1. Табиғат ресурстар қоры бойынша төмендегі кестені тотыру. Ресурстармен қамтамасыз етілуіне баға беру

Кесте 2.




Мемлекеттер

Жалпы геологиялық қоры

Барлан
ған қоры

Жылдық өндірілуі

Ресурстармен қамтамасыз етілуі



Алмаз. Әлемдік жалпы қоры
1,7 млрд карат

Ресей

Ресей жалпы қоры 668 млн карат, әлемдегі ең ірі өндіруші және экспорттаушы ел болып табылады. Ресейде асыл тастардың ең үлкен және бай қоры бар. Ресейде әлемдегі ең көп 12 ашық кеніш бар.

43 161 058 карат алмаз барланған.

Жыл сайын 42 миллион карат өндіріледі.

2025 жылдан бастап Ресейде жалпы алмаз өндірісі төмендей бастайды, ал келесі 20 жылда өндірілген алмаздар саны қазіргі 32 миллионнан 20-25 миллион каратқа дейін төмендеуі мүмкін.

Ботсвана

Ботсвана әлемдегі тағы бір ірі алмаз өндіруші болып табылады және жаһандық тізімде екінші орында. Жалпы қоры 307 млн карат.

Жалпы барланған қоры
27 373 000 карат алмаз.

Жыл сайын 20 миллион караттан астам алмаз өндіріледі.

Ботсвананың алмас кеніштері ұзақ уақыт бойы жақсы жалақы алатын жұмыс орындары мен экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп келеді, бірақ қазір ел болашақта өмір сүрудің жоғары деңгейін қолдау үшін тұрақты туризмді дамытуға ұмтылуда.

Конго

Конго Демократиялық Республикасы Африкадағы екінші жетекші алмаз өндіруші және әлемдегі үшінші ірі өндіруші болып табылады. Жалпы қоры 97 млн карат.

Барланған қоры
15 131 210 карат.

Бұл ел жыл сайын 16 миллион карат алмаз өндіреді.

Қолда бар қорлардың азаюына байланысты алмаз жеткізілімдері 20 немесе 30 жыл ішінде таусылады деген болжам бар.



Әдебиеттер тізімі



  1. Кошкарев Д.А., Гаранин К.В., Шахурдина Н.К. Ресурсная база алмазов Российской Федерации // Геология и недропользование. -№5(9).-2022. -С. 57-59.

  2. Ахатов Г.А., Илиьнский А.А. Ресурсы нефти и газа России на рубеже веков// экономические и эколого-экономические аспекты. -№4(2). -2018. -С. 23-27.

  3. Захарова С. С. Основные концепции приосхождения нефти и газа//Наука и техника в Якутии. -№1(4).-2003. -С. 16-22.

  4. Korotko E. Abramova A. Surveying and land economy//International journal of Professional Science. -№3(12).-2020. -С. 51-55.

  5. Епифанов В. И., Песина А. Я., Зыков Л. В. Технология обработки алмазов в бриллианты. — Учебное пособие для сред. ПТУ. — М.: Высшая школа, 1987.

  6. Дигонский С. В. Газофазные процессы синтеза и спекания тугоплавких веществ. -№5(8).-2013. -С. 34-38.

  7. Бишімбаева Г.Қ., Букетова А.Е. Мұнай және газ химиясы мен технологиясы: Оқу құралы. – Алматы: «Бастау», 2007. 242б.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет