Сабақ Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттау жүйесінің негізгі ережелері. (4 сағ.)



Дата19.03.2024
өлшемі22.41 Kb.
#496022
түріСабақ
tazhiribelik sabak 1 (1)


Тәжірибелік сабақ 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарттау жүйесінің негізгі ережелері. (4 сағ.)


Сабақтың мақсаты: "Стандарттау туралы" ҚР Заңының негізгі ережелерімен танысу.
Пайдаланылатын құжаттар: Қазақстан Республикасының "Стандарттау туралы" Заңы, нормативтік құжаттар.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Стандарттау туралы жалпы түсінік.
2. "Стандарттау туралы" ҚР Заңының ережелері.
Тапсырмалар:
1. Қазақстандағы ұлттық стандарттау жүйесі
2. Стандарттаудың мақсаттары мен принциптері

«Стандарт» сөзі латынша «Standard» эталон, яғни үлгі, қалып деген мағынаны білдіреді. Адамдар ерте кезден-ақ күнделікті өмірде өздеріне қажетті қандай да бір бұйымды белгілі үлгі бойынша жасайтын болған. Сонымен қатар әрбір халық өзіндік өлшем бірліктерін сауда саттықта қолданып келген. Мысалы етікші етік жасауда әр түрлі мөлшердегі қалыптарды пайдаланса, адым құлаш, қарыс, елі сияқты өлшемдерді ұзындық өлшемі ретінде қолданған. Осылайша белгілі бір үлгіге (қалыпқа) сай тауар өндіріп, белгілі үлгі бойынша өлшем жұмыстарын жүргізген.


Стандарттау объектілеріне мыналар жатады:
-өнім;
-қызмет;
-жұмыс.
Өнім – материалдық-заттай нысанда табыс етілген және шаруашылық және өзге де мақсаттарда одан әрі пайдалануға арналған қызмет нәтижесі.
Қызмет – бұл жеткізуші мен тұтынушының өзара қарым-қатынастары арқылы жүзеге асырылған кем дегенде бір әрекеттің нәтижесі болып табылады және ол материалдық емес. Қызметті ұсыну мысалы мыналардан болуы мүмкін:
Жұмыс – бұл белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыру үшін жұмсалатын күш. Жұмыс іс-ірекетіне мәселен мыналар жатады:
-өнімді әзірлеу және дайындау;
-өнімді тасымалдау әне сақтау;
-өнімді жөндеу және кәдеге жарату процестері
2018 жылы 5 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды
Стандарттау мақсаттары:
1) отандық өнімдердің, процестердің және көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттігін арттыру;
2) табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу;
3) мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін және әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету;
4) өнімдердің, процестердің және көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру;
5) халықаралық стандарттау жүйесіне интеграциялау жағдайларын жасау үшін саудадағы техникалық кедергілерді жою;
6) өнімдердің, процестердің және көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу;
7) инновацияларды тиімді енгізуді және жоғары технологиялық өндірістерді дамытуды қолдау, сондай-ақ технологиялар мен үздік зертханалық практикалар трансфертіне жәрдемдесу;
8) халық өмірінің қауіпсіздігі мен сапасын жақсарту үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Ұлттық стандарттау жүйесінің құрылымын:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) уәкілетті орган;
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар;
4) стандарттау жөніндегі ұлттық орган;
5) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер;
6) стандарттау жөніндегі техникалық сарапшылар;
7) жеке және заңды тұлғалар құрайды.


Бақылау сұрақтары:
1. Заңда қолданылатын терминдер мен анықтамалар.
2. Стандарттаудың негізгі мақсаттары мен қағидаттары.
3. Ұлттық стандарттау жүйесінің мемлекеттік құрылымы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет