Сабақ барысы : Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»



бет1/4
Дата03.11.2022
өлшемі27.23 Kb.
#463909
түріСабақ
  1   2   3   4
2бөж цт (1)


Қазақстан Респебликасының Білім және Ғылым министірлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Педагогика және психология институты
Жалпы және әлеуметтік педагогика, өзін-өзі тану кафедрасы
2-БӨЖ

Орындаған:Шабданова Жұлдызай


Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
225-топ
Қабылдаған:Мажибаева Г.П.
Алматы 2022
1тапсырма!
Тақырыбы; Құндылық қиянат жасамау Қасиеттер кеңпейілділік, бірлік, қамқорлық
Мақсаты: адам өміріндегі салауатты өмір салтын ұстанудың мәнімен қиянат жасамау ұғымы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері 1. Салауатты өмір салты мен кеңпейілділік туралы түсініктерін кеңейту.
2. Зиянды заттарды қолданудың алдын алу және бірлікке ұмтылу қасиеттрінің қалыптасуына ықпал ету.
3. Салауатты өмір салтын ұстануға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар,мәліметтер) Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыз,денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ –қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз, Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан . Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоциаңызбен тілек - қалауыңызды шайып жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді, және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін, жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі сіздің ауызыңызға, тіліңізге, тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек сәулелі ой келеді. Нұр бірте – бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз, нұрды уақытша түсініспей ренжісіп жүрген адамадарға да бағыттаың, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан –жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын .Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын.... Нұр менің ішімде.... Мен нұрмын.... Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінек отыра тұрыңыз. .. Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет Үй тапсырмасын тексеру. В. Ягодинскийдің мәтінін оқып келу.

2.1-тапсырма


Kahoot! - Оқу ойындарын құру
Kahoot! бұл ойын платформасы және әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан оқыту брендтерінің бірі. Kahoot! бірнеше минут ішінде қызықты оқу ойындарын құруды, ашуды, ойнатуды және бөлісуді жеңілдетеді-кез-келген пән үшін, кез-келген тілде, кез-келген құрылғыда, барлық жастағы адамдар үшін.
Kahoot! мұғалімдерге бірнеше таңдауға негізделген қызықты оқу ойындарын жылдам жасауға мүмкіндік береді. Ойын жасалғаннан кейін студенттер ойынның "бөлмесіне" кіру үшін кез-келген құрылғыны қолдана алады, тапсырмаларды орындау және құрдастарымен бәсекелесу үшін бірегей кодты қолдана алады.
Kahoot! Бұл кез келген мұғалім үшін тамаша құрал.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет