МАИ қызметкері:
- Топталып келе жатқан жүргіншілер жол бойымен қалай жүруі керек?
2-оқушы:
Бір топ жаяу жүргінші тек жиек жолмен немесе келе жатқан көлікке қарсы бағытта жолдың сол жақ жиегімен екі қатардан аспай жүру керек. Олар жолды кесіп өтпек болса, екі көшенің немесе жолдың қиылысқан тұсына тоқтау керек. Негізінен жол тәртібін сақтап, жаяу жүргіншіге арналған жолмен немесе бағдаршамнан өтуі керек.
МАИ қызметкері:
- Жол өткелінен жүгіріп өтуге бола ма?
3-оқушы:
Жүгіріп келе жатқан адам айналасын бағдарлай алмай қалады және қарсы келіп қалған көлікті байқағанмен, сасқалақтап жарақаттануы мүмкін. Сондықтан әр кез сақ болып, асықпай жүрген абзал.
МАИ қызметкері:
- Көліктің оңға бұрылатынын қалай білуге болады?
4-оқушы:
Оңға бұрылатын көлік жолдың оң жағындағы бірінші қатарда тұрады және оң жақ бұрылысты білдіретін жарығын жағады.
МАИ қызметкері:
- Аялдамаға тоқтаған автобустың қай жағынан өту керек?
5-оқушы:
Аялдамаға тоқтаған автобустың алдынан да, артынан да өтуге болмайды. Сол айналада жол өткелі болуға тиіс, содан өту керек.
МАИ қызметкері:
- Жол үстінде топталып жүрудің қауіптілігі неде?
6-оқушы:
Топталып келе жатқан балалар өзара әңгімеге айналып, жолда жүру ережесін ұмытып кетуі мүмкін. Сондықтан жол өткелдерінде әңгімені қойып, барлық зейінді жол қауіпсіздігіне аудару керек.
МАИ қызметкері:
- Жарайсыңдар, балалар, жол қауіпсіздігі туралы білімдерін жоғары екені көрініп тұр. Енді балалар www.bilimland.kz порталындағы «Видеожинақ» ресурсын көруге шақырамын.
МАИ қызметкері:
- Балалар, мұқият тыңдасақ, мен сендерден осы бейнебаяннан алған білімдерінді тексеріп, емтихан аламын. Мына жерде көлік жолы жатыр. Байқасаңыздар, түрлі жол кедергілері орналасқан. Мына машинаға отырып, осы кедергілерден дұрыс өтіп, қандай белгі екенін атап беруіміз керек. Кімде-кім жол тәртібін сақтап, мүдірмей жауап берсе, жас инспектор куәлігіне ие болады. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. (Әр дұрыс жауап берген оқушыларға жұлдызша беріледі)
Достарыңызбен бөлісу: |