Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау; оқытушының кеңесін негізге ала отырып, өз бетінше дайындалу



бет4/9
Дата25.02.2016
өлшемі1.49 Mb.
#21503
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ә д е б и е т т е р.


Негізгі:


  1. Н.Назарбаев Қазақстан.-2030 Президенттің Қазақстан халқына жолдауы–Алматы. Білім.1997

  2. Қ.Р.Ұлттық банкі туралы Қ.Р.Президентінің Заң күші бар Жарлығы 1995ж 30 наурыз

  3. “Банк ісі” С.Б. Мақыш, А.Ә. Ілияс. Алматы. 2004.

  4. “Ақша, несие, банк” Сейітқасымов. Алматы, “Экономика” 2001.

  5. “Ақша және ақша айналысы” С.Б. Мақыш

  6. “ Ақша Н.Б. және валюта қатынастары ” Көшенова . Алматы, 2000

Қосымша:

  1. Антонов.А.Г.Пессель М.А.Денежное обращение,кредиты,банки.-М.Финстатинформ 1995

  2. Сейітқасымов.Г.С. Ильясов А.А.Формирование фондового рынка:Уч.пособие-Алматы: Экономика,1996-231с.

  3. Көшенова Б. Бағалы қағаздар нарығы.Оқу құралы /Алматы.Экономика 1999-234б.

  4. Денги, кредит, банки.Уч./Под.Ред.Г.С.Сейткасимова.-Изд.2-е перераб.и доп.Алматы1999


Бірінші аралық бақылау



р/с

Тақырыптар

Апта

Ұпай саны

Бақылау түрі

1

Ақшаның атқаратын қызметтері

1 апта

2

Глоссарий

2

Ақшаның номиналистік теориялары және ақша түрлері

1 апта

2

Тест

3

Инфляция және оның әсері

2 апта

3

Глоссарий

4

Ақша реформасы

3 апта

3

Жазбаша бақылау

5

Ақша реформасы

3 апта

1

Тест

6

Несие формалары мен түрлері

4 апта

4

Реферат

7

Несие формалары мен түрлері

4 апта

2

Тест

8

Банк және оның типтері

5 апта

2

Жазбаша бақылау

9

Банктік реформа

6 апта

2

Тест

10

Банктердің нарықтық экономикадағы ролі

6 апта

3

Глоссарий

11

Несиелік ресурстар

7 апта

2

Жазбаша бақылау

12

Несиелік ресурстар

7 апта

4

Реферат


1-тақырып. Ақшаның мәні мен жаратылысы

Жоспар

1. Ақшаның шығу тегі, қазіргі жағдайдағы дамуы

2.Ақшаның экономикалық ролі

Теориялық мәліметтер.

Ақша дегеніміз – тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиаленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша – тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі – барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К.Маркс “жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді” деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:

Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.

Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда, ақша төлем құралы қызметін атқарған.

Үшіншіден, айырбас үрдісінде ақшаның делдалдық етумен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл тауарлар тұтыну құны түрінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да, ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарама-қарсы ақша тұрады.

Тауарлар дүниесінің тауар және ақша болып екіге бөлінуі оның тұтыну құны мен құнының, яғни тауардың ішкі қарама-қарсы жақтарының қайшылығын шешуге жол салады. Өйткені, егерде тауар сатылса, оның тұтыну құнының біреудің қажетін өтеуге керек болғандығы. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан оның құнының бар екендігі дәлелденген. Сатылған құн енді ақша түрінде тауар өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп, тауар өндірушіге түскен ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті тұтыну құнын алуға мүмкіндік туадыАқша жүйесіндегі жаңалық жалпы банктегі активтердің табиғатын өзгертеді. Мысалы, депозиттердегі пайыз төлейтін сақталымдар NOW есебіне тыйым салу ретінде ойлап табылады. NOW – кәдімгі чек. Банктер бір-бірімен пайыз мөлшерлемесін төлеу жолын табуда өзара бәсекеге түсті. Тыйым салу төңірегінен сақтау депозиттеріне жол ашылуына орай олар енді мұны NOW сұраныс депозиті деп атады, сөйтіп оның анықтамасы өзгерді. Сонымен, ақшанарығындағы өзара қор тек 1973 жылы ашыла бастады. 1982 жылға дейін банктерге ақша нарығына активтер шығаруға рұқсат берілмей келсе, кейіннен мұндай депозиттер банктерге жедел түрде құйыла бастады.Ақша – төлем немесе халықаралық айырбас құралы. Ақша сұранысын талқалағанда біз оны нақты баланстарға сұраныс тұрғысынан қарастырамыз. Бұдан мынадай тұжырымдар шығады: ақша сұранысы жеке адамдардың иемденетін ақшаларының сатып алу қабілетіне байланысты:

1. Нақты ақша сұранысы баға деңгейі өскен кезде өзгеріссіз болады.

2.Атауы ақша сұранысы баға деңгейімен бірдей артады. Онда жоғарыдағыдай өзгерістер болмайды.

Өзгерістер байқалмаған жағдайда төмендегіше айтамыз. Егер баға деңгеіндегі өзгерістер жалпы басқа өзгерістерді тұрақтандырса, жеке адам “ақша сұранысына” ие болады. Бұған керісінше, жеке адам баға деңгейінің өзгеруіне орай әрекет еткенімен, барлық нақты өзгерістер сол күйінде қалады да, ол бәрібір ақша салымынан зиян шегеді.

Жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, ақша сұранысының нақты баланс сұранысымен бірдей екенін, ондағы өзгерістер баға деңгейіне пропорционалды болатыны көреміз.

Теориялық тұрғыдан алғанда, ақша сұранысы қызметі өзекті мәселенің бірі болып келеді. Ол нақты табыс өскенде артуы тиіс, ал атаулы пайыз мөлшермесі өскенде ол қысқаруы тиіс.

Ақша сұраныс айқындайтын негізгі үш себеп бар. Табыстағы өзгерістер мен пайыз мөлшермесіндегі өзгерістердің ақша сұранысына әсерін көруге болады.

Сөйтіп, төмендегі үш теория Кейнстің ақша ұстаудағы үш теориясымен сабақтас келеді:


  • Келісімдер мотиві, мұнда ақша сұранысы әрдайым төлем ретінде қолданылады;

  • Сақтық аргументі: ақша сұранысы күтпеген кездейсоқтыққа тап болады;

  • Жалдатпалық дәліл: жеке адамдар қолындағы активтер мен ақша құнына сенімсіздік білдіреді.

Келісімдір мен сақтық дәлел туралы сөз болғанда, біз негізінде М1 жөнінде айтамыз, себебі М2 мен М3 жалдаптық дәлелге жатады.

Ақша сұранысынан талқыланғанда 2 тұжырымға сүйенеді:



  • монетарлық;

  • кейнстік.

Классиктер ақша сұранысын мына теңдеу арқылы түсіндіреді:

МV = PY


М – айналымдағы ақша көлемі;

V – ақша айналымының жылдамдағы;

Р – баға деңгейі;

Y - өнім шығару көлемі.

Сандық теория тұрғысынан ақшаға сұраныс екі мотивке негізделеді. 1-мотив бойынша адамдар мен фирмалар ақшаны төлем құралы ретінде қажет етеді.

Мәміле жасу үшін керекті ақша көлемі:



  • тауар жиынының көлемі;

  • баға;

  • жиынтық табыс;

  • ақша айналымының жылдамдығына тәуелді болады. Бірақ басты фактор табыс болып саналады, сондықтан


Бұл жерде - ақшаға трансакциялық сұраныс;

Y – жиынтық табыс.

Сұраныстың 2-мотиві сақтық мотиві бойынша сұраныс деген атқа ие болады. Ол адамдарда көзделмеген төлемдерге кез болғанда пайда болады. Бұл үшін оларда белгілі бір ақша қоры болуы керек. Оның көлемі көзделмеген шығындар көлеміне байланысты болып, ал оның өзі ұлттық табысқа тура пропорционалды болуы керек:

Ақша дегеніміз – тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиаленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша – тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі – барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К.Маркс “жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді” деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:

Бақылау сұрақтары.

Ақшаның мазмұны

Ақшаның экономикалық ролi

Студенттің үй тапсырмалары

Ақша, несие, банк пәнiнiң мақсаты

Ақшаның нарық экономика жағдайындағы ролi


Ақшаның атқаратын қызметтері

Глоссарий

1 апта 2 балл

Ақша
Ақша агрегаттары

Ақша айналымы
Ақша айналымының жылдамдығы
Ақша айналысы
Ақша айналысы заңы
Ақша жиыны
Ақша жүйесі

"Ақша дерлік"
Ақшаның бейтараптылығы
2 - тақырып. Ақша айналысы және ақша жүйесі

Жоспар:

1.Ақша айналысының сипаттамасы

2.Ақшаның металдық теориясы

Теориялық мәліметтер.

Ақша – кең қолданылатын төлем құралы. Қазіргі экономиканы ақшасыз көзге елестету қиын. Экономикада ақша жоқ жағдайда әрбір келісім екі жақты келісушілік бойынша тауар айырбасы арқылы жүзеге асады. Айырбас қиындықтары мысалдар шексіз көп. Эконмиске шашын қидыру үшін өзінің дәрісін тыңдайтын шаштаразды іздеуі; ал жақсы көйлекті қажет ететін әртіске өзінің өнерін ұнататын тігіншіні табу қажет. Айырбас құралынсыз қазіргі кездегі экономика дәрменсіз.

Ақша айырбас құралы бола тұра, айырбастағы қажеттіліктің екі жақты үйлесуін жояды. Екі жақты үйлесім деп жоғарыдағы мысалды айтамыз. Екі жақты адамның қажеттіліктері айырбасқа лайық болуы керек. Мысалы, кино билеттерін сатушы өзіне қажетті көйлекті сататын адамды, ал көйлек сататын әйел, керісінше, билет үйлестірушіні табуы тиіс.

Әдетте ақшның төрт түрлі қызметі бар. Халықаралық есеп құралы болуы оның бірінші қызметі, қалған үшеуі – баға қоры, есеп бірлігі және ұзартылған төлем. Бұл халықаралық есеп құрамының аздаған ерекшеліктерімен ғна ерекшеленеді.

Баға қоры дегеніміз – уақыттан тыс бағадан құралған актив. Сонымен, жеке адамда ақша қоры болса, оны ол алдағы уақытта бір зат сатып алуға жұмсайды. Егер актив құны болмаса, ол халықаралық есеп құралы болып саналмайды. Мысалы, сізде балмұздақ бар, бірақ тоңазатқыш жоқ деп елестетіңіз, сіз одан ақша жасағыңыз келеді. Егер сатушының балмұздағынан ақша түспесе, онда ол есеп құралы бола алмайды. Алайда ақша қорының басқа да түрлері жеткілікті – облигациялар, бағалы қағаздар және үйлер.

Ақшаның есеп бірлігінде баға тағайындалып, есеп кітапшасына жазылады. Баға доллармен, центпен беріледі, ал олар ақша қорының өлшем бірлігі болып табылады. 1922-1923 жж. Германиядағы гиперинфляцияда доллар тек қана кейбір фирмаларда есеп бірлігі ретінде болды, марка негізі есеп құралы болып саналды.

Мерзімі ұзатылған төлем ретінде ақша бірлігі ұзақ мерзімді келісімдерде, заемдерде қолданылады. 5 немесе 10 жылда төленетін сома доллармен немесе центпен есептеледі. Мұндағы доллар мен цент мерімі ұзартылған төлім ретінде әрекет жасайды. Әрине, айта кететін бір мәселе – бұл да әрдайым ақша бірлігі бола бермейді. Мысалы, заттың соңғы төлемі баға деңгейіне қарай жүргізіледі. Мұны біз заем көрсеткіші деп атаймыз.

Ақша атқаратын төрт қызметінің соңғы екеуі – оның әдеттегі атқаратын қызметі. Баға қоры функциясын активтер атқарады.

Өткен жылдарда ақшаның неше түрлі сипаттамасы болғаны, оған қазір шолу жасаудың қажеті шамалы екені белгілі. Мұндағы мәселе – ақша айырбас құралы ретінде танылатыны жөнінде. Кез келген қағаз, әрине, ақша емес. Ол ерекше қағаздан жасалады. Ақша төлем ретінде қызмет атқарады.

Ақшаның келісімдік және сақтық сұраныстары ақшаның айырбас құралы екенін көрсетеді; екеуінде де төлем жасау үшін ақшаның қолода болуы қажетті. Бұдан ары қарай жеке адамның қолындағы ақша қызметін қарастырамыз. Бұл Қазақстан Республикасында да дәл солай болады.

Адамның ауқаттылығы – оның әр түрлі активтерді иемденуіне байланысты. Бұл активтер қоржынын құрайды. Өтімсіз активтерден пайда жоқ екені белгілі. Әйтсе де олар әр түрлі қоржынды стратегияларғажетелейді. Әдетте кәдімгі инвестор стратегияны алдын ала біле отырып, қамсыздандыру мқсатында бірақ активтер ұстағысы келеді.

Өтімсіз активтерге қарағанда берік активтер табысты аз береді. Ақшаның атаулы құны белегілі болған жағдайда, ол берік актив ретінде сенімді болады. Джеймс Тобин өзінің белгілі еңбегінде ақша инвестордың қоржынында берік актив ретінде сақталуы керек деп тұжырымдады. Бұл еңбегі «Тәуекелден гөрі өнімділіктің бағасын біл» деп аталады. Мақала жоғарыда айтылған мәселе жөнінде маңызды түсінік береді. Бұл тұрғыда ақша сұранысы берік актив табысы мен табыстың басқа активтерге қауіп төндіруіне байланысты болады. Табыстың басқа активтерге қаупі табыстың әртүрлілігімен өлшенеді. Қажетті де орынды болжамдарды пайдлана отырып ол: «Басқа активтердегі күткен табыстың және ақша иемдену құнының өсуі ақша сұранысын бәсеңдетеді», - дейді. Бұған керісінше, басқа активтердегі табыс қаупінің өсуі ақша сұранысын арттырады.

Ақша иемденудің пайдасы мен қауіптілігін алып қарағанда, сақтық кассасындағы депозиттер басқа да ақша тәрізді қатерге ұшырайды. Мұндағы негізгі қауіп инфляциядан бейхабар болудан туындайды. Актив сұранысы, мысалы, кассадағы депозит сұранысы – ақша сұранысынан әлдеқайда тәуір.

Сол себептен алыпсатарлық мақсатын көздеген ақша сұранысы жоғарыда аталып өткен келісімдер мен сақтық сұранысына ұқсас. Ұзақ мерзімді облигациялардан түсетін табыстың өсуі сұранысты азайтады. Жедел салымға төленген пайыз мөлшерлемесінің өсуі, жедел салым сұранысын арттырады, ал болуы мүмкін ақшаға сұраныс халықтың инвестициялық қоржынына табыс түсуіне жағдай жасайды.

Көптеген адамдар шағын байлығының өзін қоржындағы активтерін көбейту үшін сақтық кассасына салады. Ал ауқатты инвесторлар көп пайыз түсетін бағалы қағаздар сатып алу арқылы тұрақты атаулы құнға ие болады. Ондай адамдар үшін орнықты активтерге сұраныс ақша сұранысын білдірмейді.

Ақша басқа активтерге қарағнада аз пайыз түсіреді: доллар пайызының түсуі көп болған сайын ақша сұранысы да арттады, ал оны балама активтерге төленген пайыз мөлшерлемесі аралығындағы айырмашылық арқылы өлшей аламыз және де басқа активтерге төленген пайыз арқылы өлшей аламыз. Ақшаның пайыз мөлшерлемесі – дербес пайыз мөлшерлемесіне жатады. Бұл тұстағы ақша құны басқа активтерден түскен табыс пен дербес пайыз мөлшерлемесі аралығындағы айырмашылыққа тең.

Сонымен, із жүргізген теориялық зерттеулер нәтижесінде, ақша сұранысы сияқты күрделі мәселеге сараптама жасалады.

Ақша сұарнысы – нақты балансқа сұраныс, оның саны емес, сатып алу қабілеті бар, оның негізгі анықтамасы төлем құралы болып табылуы. Инфляция жағдайында ақша сатып алу қабілетін жоғалтады, ақша құнын инфляция анықтайды. Инфляция мөлшері жоғары болса, нақты баланс саны төлем болады. Табысына қарай халық ақшаны аз мөлшерде жұмсаса, жылдамдық арта түседі.

Сонымен қатар, ақша сұранысы теориясына, оның қасиеттері мен ерекшеліктеріне, икемділігіне тоқталып, келесі бөлімде қазіргі әлемдегі ақшаның атқаратын қызметтері, жаңалықтары анық көрсетілді.

Ақша сұранысы қызықты мәселе, ол өз зерттелуінің жалғасын табады, өйткені бұл тақырыптың өзектілігі өте мәнді.

Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол тауар – ақша қатнастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаның саны К.Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледі. Тауар айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері екі факторға: біріншіден, бір кезеңде, айталық бір жылда сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысына, екіншіден ақша айналысының жылдамдығына байланысты өзгереді. Ақша айналысы заңы мына формулармен өрнектеледі:


Ақша айналысы заңының мәні – ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының көбейтіндісін бір аттас ақша өлшемінің айналыс санына (айналым жылдамдығы) бөлінгенге теңесуі керек.

Ақша тек айналыс құралы ғана емес, сонымен бірге төлем құралы қызметін де атқаратындықтан айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бірсыпырасы қолма-қол ақшасыз есеп айырысқанда өтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептесу жолымен де өтеледі. Сөйтіп, несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тигізеді: тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылады сатылса, айналысқа соғұрлым аз ақша мөлшері қажет. Одан басқа, айналыстан шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылықтың және халықтың тұрақты ақша қорын құрайды.

Экономикада сатылған тауарлар бағасынын айналыста әлдеқайда кем ақша жиыны жүруінің себебі төлемшілік проблемасының болуынан. Ол кезде Y мөлшері теріс сан болады. Бірақ бұл Қазақстанда және басқа да директивалды экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өтуші мемлекеттерде кездесіп отырған кәсіпорындар арасындағы төлемеушілік проблемасы жай ақша жиынын ұлғайтумен шешіледі дегенді қөрсетпейді. Өйткені төлемеушіліктің көптеген себептері бар: төлем тәртібінің бостандығы, төлемешіліктің тізбегінде әлеуетті күйреушілердің болуы, жеке меншіктендіру үрдісінің аяқталмауы, төлем құралдарының дамуы және т.б

Өнеркәсібі өркенденген мемлекеттерде ақша жиыны құрамын анықтау үшін негізгі ақша агрегаттарының төмендегі жиынтығын пайдаланады:

М1 – айналыстағы қолма-қол ақша (банкноттар, тиындар, ал кейбір мемлекеттерде қазыналық билеттер) және банктік ағымдағы шоттардағы қаражат (депозиттер) жатады;

М2 – оған М1 агрегаты және мерзімді 4 жылға дейінгі коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдары кіреді;

М3 – оған М2 агрегаты және арнаулы несие мекемелеріндегі жинақ салымдары кіреді;

L – оған М3 агрегаты және ірі коммерциялық банктердің депозиттік сертификаттары қосылады.

Қорыта айтқанда, әрбір келесі ақша агрегаты өзінен алдыңғылардың барлық лементтерін өзіне біріктіріп үлкен ақша жиынын құрайды. Бірақ оның алдыңғыға қарағанда өтімділігі төмен.

Ақша базасы – Ұлттық банк шығаратын ақша. Оған айналымдағы қолма-қол ақша, міндетті және артық резервтері жатады.

Міндетті резервтер – бекітілген нормативке сәйкес Ұлттық банктегі арнайы шотта несие корреспондетік шотында сақталуға міндетті банк депозиттерінің бөлігі (бұл Ұлттық банктің келісімі бойынша тек қана қаржылық тұрақты банктер қолданатын резервтердің баламалы әдісі деп аталады).

Артық резервтер дегеніміз банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотта қаражатының барлығына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін, екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттағы қаражатының көлемін, яғни банктер өнімділігін реттеу арқылы реттейді. Ал ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл құралдар ақша базасының кеңею шегін көрсететін және ақша жиынының, ақша базасы арқылы есептелген ақша мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді.Айналысқа қажетті ақша мөлшері өндірісінің даму жағдайларына әсер ететін көптеген факторларға: айналыстағы тауар мөлшеріне, тауарлар мен қызмет бағасының деңгейіне және т.б. байланысты өзгертеді. Айналысқа қажетті ақша мөлшері ақша айналысының жылдамдығына кері пропорционалды өзгереді. Ал ақша айналысына әсер ететін жағдайлар мыналар:

- несиенің даму деңгейі, егер тауардың көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;

- қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;

- ақша айналысы санының өсуі.

Айналысқа ақша екі түрде шығарылады, эмиссияланады: қолма-қол ақша, яғни алымдағы банкноттар және ұсақ тиындар; банктік айналымдағы ақша түрі, яғни банктегі шоттарға жазылған сома. Екі деңгейлі банк жүйесінде ақшаның бірінші түрін, яғни қолма-қол ақшаны монополиялы құқықпен орталық банк эмиссиялайды да, қолма-қол емес ақша белгілерін коммерциялық банктер жүйесі шығарады. Ақшаның екі түрі бірімен-бірі тығыз байланыста жүреді. Егер банк клиенті – шоттағы ақшаның иесі өз қаражатын қолма-қол ақша түрінде алса, онда банктік айналымдағы ақша белгілері нақты қолма-қол банкнотқа айналады. Керісінше, клиенттің шотқа жазу арқылы банкке ақша сомасын салуы қолма-қол ақшаның банктік айналымдағы ақша түріне айналуын көрсетеді.

Ақша айналымының екі жағының бірлігі, олардың бір түрінің екіншісіне ауысуы жалпы ақша жиыны құрамын анықтауды қажет етеді. Себебі ақша жиыны ақша айналымының сандық көрсеткіші. Білгілі бір мерзім аралығында және белгілі бір күнге ақша айналымдағы сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша жиынының көлемін және оның өсу қарқынаын реттейтін іс-шаралар жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер (ақша агрегаттары) қолданылады. Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты қалыпта болмайды. Ол ақша нарығы құралдарының дамуына байланысты өзгереді.

Ақша жиыны бірнеше жолмен өсуі мүмкін:



  • банкноттар мен тиындары эмиссиялау есебінен;

  • Орталық банктен коммерциялық банктердің несие алуымен;

  • мемлекеттік бюджеттің кемшілігін жабу үшін Орталық банктің үкіметке несие беруімен;

  • Орталық банктің асыл металдары, шетел валютасын және мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алумен;

  • чек шығарумен немесе коммерциялық банктердің салым тарту негізінде қарыз беруімен (депозиттер негізінде несие ақшаларын шығару).

Ақша жиыны көлемінің өзгеруіне айналыстағы ақша жиынының өзгермелігімен қатар, оның айналым жылдамдығы да әсер етеді. Ақшаның айналым жылдамдығы жалпы экономикалық факторларға: кономиканың циклмен өркендеуіне, экономикалық дамудың қарқынына, бағаның өзгеруіне, сонымен бірге таза монетарлық факторларға, яғни төлем айналымының құрылымына, несиелік операциялар мен өзара есеп айырысудың дамуыны, ақша нарығындағы пайыз деңгейіне және т.б. байланысты өзгереді.

Ақша жиыны айналымының баяулауы – ұлттық жиынтық өнімді орналастыру коэффициентінің төмен екендігінің көрсеткіші. Егер ақша айналысының жылдамдағы артса, ол жоғары жағдаяттың (конъюнктура) барлығы және ақша қаражатын жұмсаудың шапшаңдығын көрсетеді. Ақша айналысы жылдамдығы айналыстағы ақша санына кері пропорционалды әсер етеді, яғни ақша неғұрлым көп айналыс жасаса, соғұрлым қосымша ақша эмиссиясының қажеттілігі азаяды. Ақша айналысының жылдамдығы экономиканың монетарлық деңгейіне байланысты болады, ол ақша жиынының жалпы ішкі өнімге қатынасымен анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетарлық деңгейі жоғарылайды.

Бақылау сұрақтары.

Ақша сұранысы, қасиеттері, ерекшеліктері, атқаратын қызметтері.

Қазақстан Республикасындағы ақшаға сұраныс және ерекшеліктері

Студенттердің үй тапсырмалары.

ақша жиыны туралы түсінік
Ақшаның номиналистік теориялары және ақша түрлері

Тест

1 апта 2-балл
1.«Ақша – бұл айырбас процесін жеңілдететін техникалық дөңгелек айырбас және сауда құралы» ақша туралы кімнің пікірі:

А)А.Смит.

Б)С.М.Барисов.

С)Д.Рекардо.

2.Ақша түрлері:(заңды төлем құралы)

А)қағаз және несие ақшалар.

Б).алтын.

С)банкнота.

3.Ақша шығару –

А)Эмиссия.

Б)Банкнота.

С)Фирма.


4.Қазақстан Республикасы бойынша заңды ақшаны қай мекеме эмиссиялайды?

А)Ұлттық банк.

Б)Орталық банк.

С)Халық Банк.

5.Несие ақшаларының бір түрі:

А)Банкнота.

Б)Алтын.

С) Қорғасын.

6.1998 жылы 1- қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктегі монетарлық алтынның қалдығы қаншаға жетті?

А)41781,1 млн. тенге.

Б)12356,2 млн. тенге.

С) 256523,1мың тенге.

7. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы - .........

А)тенге.


Б)сом.

С)рубль.


8.Ұлттық валюта тенге қашан енгізілді?

А)1993 жылы 15- қараша.

Б)1995 жылы 12 қаңтар.

С)1991 жылы 31 желтоқсан.

9.1990 жылы нақты ақша эмиссиясы қаншаны құрайды?

А)25 млрд. Рубль.

Б)12 мың рубль.

С)10млн. рубль.

10.Несие ақшаларының негізгі түрлерін ата:

А)Вексель, банкнота, чек, несие карточкалары.

Б)Ақша.

С)Тиындар.


3-тақырып. Ақшаның сандық теориясы және айналыстағы ақшалар

Жоспар


1. Ақша жүйесінің элементтері

2.Ақшаның сандық теориясы

Теориялық мәліметтер.

Ақша айналымының тарихы мынаны дэлелдейді, яғни ақша біртекті масса болып табылмайды. Ол өтуі бойынша жэне өмір сүру уақыты бойынша, сонымен бірге айналым шартгары бойын-ша алуан түрлі болып келеді. Іс жүзінде ақшаның формасы дегеніміз - ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас құны, ол айналымдағы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауар-ларға, бағалы металдарға, қарыз міндетгемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар, қағаз жэне кредиттік ақшалар баршаға аян.

Ақшаның материалдық-затгық ерекшеліктеріне сэйкес оны толық құнды және толық құнсыз деп шартты түрде бөлуге болады.

Толық құнды ацша - номиналды құны сатып алушылық құнымен сэйкес келетін ақша, яғни дайындау кезінде керсетілген

құн олардың құрамындағы металдың (алтын, күміс) құнына сәйкес келеді. Оларға алтын жэне күміс монеталар жатады.



Толық құнды емес ақша - сатып алушылық құны ақша қаты-настарының тасымалдаушысы ретіндегі тауар құнынан асатын ақша. Толыққүлсыз ақшаларға билондық монеталар, қағаз жэне кредиттік ақшалар жатады.

Ақша өзінің даму эволюциясында мынандай сатыларды өтті:

1) Металдық;

2) Қағаздық;

3) Кредиттік;

4) Электрондық ақша.



Метал ақшалар - бүл толыққұнды, нағыз ақшалар, олардың номиналдық құны (оларға койылған құн) нақты құнына, яғни өздері дайындалган металл құнына сәйкес келеді. Металл ақшалар (мыс, күміс, алтын) әр түрлі формада болады: алдымен бірліктік содап соң салмақтық. Олар монета түрінде шығарылды.

Монета — бүл заңмен бекітілген формасы, сыртқы пішіні, і ілмвқтык құрамы бар металдан дайындалған ақша белгісі.

Мсмлекет монетадағы таза металдың құрамын (пробасын), салмағын, массасын, типін, эмиссия ережесін жэне т.б. белгілемейді.

Металл ақшалар өз дамуында үзақ жол жүрді, яғни олар мыс моиета түрінде біздің дэуірімізге дейінгі III—II ғасырларда Римде пайда болды. Ең алдымен белгіленген салмағы жэне пробасы бар және сэйкес таңбалармен (Мысыр, Рим, Вавилон) бекітілген ме-талл құймалар айналымға шықты.

Алғашқы монеталар біздің дэуірімізге дейінгі VII ғасырда Ливия мемлекетінде құйыла бастады, ал біздің дэуірімізге дейінгі 279-жылы Римде металдың стандартты бөліктері монета деп аталды.

Өз бейінін монетада кескіндеген тулға А. Македонский болды.

Айналымға сэйкестендірілген, стандартты монеталардың ен-гізілуі ақшалардың толық көлемде құн шамасының қызметін, айналым мен жинақтау құральі қызметін атқаруы үшін жағдайлар жасады. Монеталар бағалы металдардан да, сонымен бірге өте арзан түсті металдардан және олардың қоспаларынан дайыңцалды.

Монеталар толыққұнды, сонымен бірге айырбастық болып белінеді. Толыққүлды монеталар бағалы металдардан жэне олар-дың қоспаларынан дайындалады, олардың номиналдық құны нақты құнмен сәйкес келеді, олар ақшаның барлық қызметін атқарады.

Айырбас монеталары арзан түсті металдардың қоспаларынан дайындалады, олардағы номиналдық құн құрамындағы металл құнынан асып кетеді.

Монеталарды құю эмиссия ретінде қарастырылады. Ақшаның эмиссиясы - бүл ақша белгілерінің барлық түрлерінің айналымға шығару, ол айналымдағы ақша массасын ұлғайтуға бағытталған.

Ақшаның ролі тарихи тұрғыда алтынға бекітілген. Алтынның барлық басқа тауарлар құнын өлшеу қасиеті шынайы табиғи қасиет болып саналмайды. К. Маркс табиғат ақшаны жасамайды деп атап керсеткен. Бұл қасиет алтынға қоғам тарапынан берілді. Алтын жалпы балама рөлін атқару үшін өте сәйкес келетін тауар болып саналады, ол мыналарға байланысты болады:

Біріншіден, тұрақты, әдемі, жеңіл, шығынсыз бөліну сияқты табиғи қасиеттеріне;

Екіншіден, оның жоғары құны бар, яғни басқа металдармен салыстырғанда, оны өндіру үшін көбірек уақыт шығыны кетеді.

Алтынды өндіру - өте қиын эрі капитал сыйымды жұмыс. Мысалы, 1 кг алтынды алу үшін орташа тереңдігі 3000 м жердің 100 тонна тау кенін өндеу керек.

Алтынның негізгі өндірушілері болып Оңтүстік Африка Республикасы (элемдік ендірістің 1/3 бөлігі), Ресей, Өзбекстан саналады.

Қазақстанда көптеген алтын кенішгері бар, шамамен алғанда алтынның жылдық өндірісі 30 тоннаны құрайды.

Тауарлық өндіріс пен айналым көлемдерін кеңейту айырбас операцияларының есуіне экелді. Толыққұнды ақшалар саны шектеулі және жоғары шығындарына байланысты шаруашылықгың өскелең сұранысын қанағаттандыра алмайды. Алтын өндіру тауар ендірісін қуыи жете алмады, ақшаға деген сүранысты қамтамасыз ете алмады, сонымен бірге жоғары құндылығы бар алтын ақ-шалар құиы бойынша аз айналымды қамтамасыз ете алмады. Сондықтан оны өзінің орынбасарларымен (құн белгілері) алмас-тыру қажетгілігі туындады, олардың номиналды құны оларды өндіруге кеткен еңбектің шынайы қүнынан жоғары болады.

Оларға ұсақ монеталар, қағаз жэне кредиттік ақшалар жатады.

Қағаз ақшалар - нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихи тұрғыда қағаз ақшалар металдық айналымнан туындады жэне бұрын-сонды айналымда болған күміс жэне алтын монеталардың орынбасарлары ретінде эрекет етгі. Айналым барысында металл ақшалар көшті жэне тозды, бастапқы формасы мен қүлын жо-ғалтгы, сонымен бірге оларды сақтау, тасымалдау жэне тауар-ларды көп мөлшерде сатып алу кезінде пайдалану өте ыңғайсыз. Осыған байланысты оларды нағыз ақшалардың орынбасарларымен, яғни қағаз ақшалармен алмастырудың объективті мүмкіндігі туындады. Олардың мәнісі мынада, яғни олар мемлекет тарапынан мәжбүрлі бағаммен шығарылатын жэне металға айырбасталынбайтын ақша белгілері болып табылады.

Қағаз ақшалардың өзіндік қүлы жоқ, егер оларды шығару шығындары болса, онда олар номиналды құнға сэйкес келмейді. Мысалы, 5 мың теңгелік қағаз ақшаның бір купюраны шығару шығындарына тең құны болуы мүмкін, ал ол шығын тиын ғана тұруы мүмкін. Бұл купюраға 5 мың теңгелік құны бар тауарды сатып алуға болады.

Табиғаты бойынша қағаз ақшаларға тұрақсыздық тән екендігін атап өту керек. Олар үнемі ақша айналымы арнасында жүреді, оларды толтырады және шектен тыс эмиссия негізінде ақша массасының айналымда жүрген тауар массасына сәйкес кслмсуі нэтижесінде құнсызданады, сәйкесінше ол инфляцияға әкеледі.

Әрбір егеменді мемлекет езінід ұлттық валютасын, яғни өз аіауы бар. әр түрлі купюра мен бағаммен қағаз ақшаларын шы-ғарады. АҚШ өз валютасын-доллар, Ресей - рубль, Қазақстан - теңге деп атайды. Қағаз ақшалардың кемшіліктері де бар. Олардың ең бастысы мьнада жатыр, яғни біріншіден; оларды ұрлап алу ете оңай, екіншіден оларды тасымалдау өте қымбытқа түседі. Өндірістің дамуы, коммерциялық және банктік кредиттеу саласының кеңеюі нәтижесінде металл ақшалар тауар айналымының қажеттіліктерін қанағаттандыруды тоқтатты және оның орынбасарларымен қатар кредиттік қағаздар пайда болды.

Қағаз ақшалар сатып алу және төлем құралдары ретінде мемлекет қажеттіліктерін қанағатгандыру үшін арналған. Қазақстандағы олардың эмитентгері болып Ұлттық Банк есептеледі. Шығарылған ақшаның номиналды құны және оларды шығару құны (қағаз шығындары, басып шығару) арасындағы айырма мемле-кеттік бюджетке кететін эмиссиялық табысты құрайды. Қағаз ақшалар екі қызметті ғана атқарады: айналым құралы және төлем құралы. Олар алтын стандартты алып тастағаннан кейін ішінара жинақтау қызметін атқара алады.

Қағаз - ақша айналымы үнемі көмекші сипатта болады.Қағаз ақшалардың ұзақ, дербес айналымы мүмкін емес, өйткені олардың жоғарыда көрсетілген кемшіліктері бар. Сондықтан олармен қатар кредиттік ақшалар әрекет етеді.



Кредиттік ацшалар - айналымдағы толық құнды ақшаларды алмастыратын жэне кредит белгісі ретінде әрекет етуші қағаз ақша белгілері. Олардың өзіндік құны болмайды, балама тауарда көрсетілген құнның символикалық белгісі. Кредиттік ақшалардың негізгі эмитенті болып банк жүйесі есептеледі.

Тауарларды сатып алуға байланысты жасалған ірі мэміле-лерге банктердің кредит беруі қағаз ақшаларды алмастырады, яғни кредиттік ақшалар тауар айналымының қажеттілігін қанағаттандырады.

Кредиттік ақшалар өз дамуында мынандай сатьшардан өтті: вексель, банкнота, чек, электронды ақшалар жэне олардың соңғы түрі - кредитгік және пластикалық карточка.

Вексель — бұл вексель айналысының заңымен бекітілген мерзім ішінде онда көрсетілген соманы сөзсіз төлеу жөніндегі қарыздық міндеттеме. Вексельдер жай жэне аудармалы деп бөлінеді. Жай вексельді қарыз алушы береді. Бұл вексель берушінің сөзсіз міндеттемесі, ол вексель ұсынушыға белгіленген соманы төлеуі тиіс.

Аудармалы вексель (тратта)векселъ беруші кредитордың (трассант) қарыз алушыға (трассат) белгіленген мерзімде көрсетілген соманы үшінші тұлғаға (ремитентке) төлеуі жөніндегі бұйрығы. Вексель бойынша төлем аваль (вексельдік кепілдік) көме-гімен төленуі мүмкін, ол қосымша беттегі вексельде жэне ал-лонжда «аваль ретінде есептеу» деген жазумен ресімделеді.

Вексель абстрактылығымен, яғни құжатта мэміле түрі жөнін-дегі ақпараттың жоқтығымен; вексельдің міндеггі төлемін көрсе-тетін даусыздығымен; айналымдылығымен, яғни вексельді төлем құралы ретінде басқа кредиторларға беруге болатындығымен сипатталады.

Демек, вексель кредит және ақшалық есеп айырысу құралы ретінде эрекет етеді. Ол кредитке қойылған тауарларды кепілді вексельдік міндеттемемен төлеуді қамтамасыз етеді. Вексельдерді пайдалану айналым шығындарын үнемдеуге ықпал етеді. Қазіргі таңда Қазақстанда вексель астық шаруашы-лығында қолданылады. Вексель берушілер ретінде астық егуші шаруашылықтар есептеледі, олар Азық-түлік корпорациясына жанар-жағар май, тұқым, тыңайтқыштар, есімдіктерді қорғау құ-ралдарын сатып алу үшін вексель береді, олар күзде астықпен қайтару міндеттемесін өз мойнына алады. Вексельді айналым нэтижесінде банкноттық айналым пайда болды.

Банкнота - бұл эмитент банктің міндеттемесі. Ол вексель-ден екі маңызды көрсеткіш бойынша ерекшеленеді: біріншіден, мерзімділігі бойынша: вексель белгіленген мерзімге шығарыла-ды, ал банкнота шексіз мерзімге беріледі; екіншіден, қамтамасыз етілуі бойынша: банкнота мемлекет кепілдемесі бойынша елдің Орталық банкімен айналымға шығарылады, ал вексельді жеке кепілдеме бойынша жекелеген заңды жэне жеке тулға шығарады.

Қазақстандағы банкноггардың эмитенті болып Ұлттық Банк саналады, олар Республиканың аумағында ұлтгық ақша болып табылады. Тауарлар немесе алтын түріндегі материалдық қамсыз-дандырылмаған, бірақ банкноттардың кредиттік негізі бар, өйт-кені олар банктік кредиттеу ережесіне сэйкес айналымга шы-ғарьшады жэне қарыздық (ссудалық) қордың элементі болып табылады.

Банкноттық айналым кеңістіктегі кредиттік ақшалардың эре-кет етуін кеңейтуге мүмкіндік берді жэне де банкноттардың ай-налыс құралы қызметін атқаруын қамтамасыз етті. Кредитгік ақшаның келесі тұрі чек болып табылады.

Чек - бұл талап бойынша құрылған қатаң есеп берудің ақ-шалай қркаты, онда чек берушінің (шот иесінің) чекте көрсетілген соманы чек ұсынушыға (ұстаушыға) банктің төлеуі жөніндегі сөзсіз бұйрығы бар. Ол қысқа мерзімді эрекеттегі ақшалай қркат ретінде заңцы төлем құралы мэртебесін иеленбейді. Ол ел ішінде және халықаралық есеп айырысуларда қолданьшады. Негізінен чектер ақшалай және есеп айырысу чегі болып бөлінеді.

Ішкі айналымдағы чектер банктерден қолма-қол ақшаны алу үшін; тауарлар мен қызметтер ұшін есеп айырысу мақсатында; банктердегі шоттар бойынша аударымдар жасау арқылы жүзеге асырылатын қолмақолсыз есеп айырысу формасы ретінде қолданылады.

Есеп айырысу чектері ордер сипатында болады. Шот иеле-ріне арнайы чек кітапшалары беріледі. Чектік есеп айырысу кі-тапшаларындағы чектер тауарлар мен көрсетілген қызметер үшін қолданылады.

Банк қызметіне механикаландыру мен автоматтаидыруды енгізу, банктік есеп айырысу тэжірибесінде ЭЕМ мен компъютер-лерді кең қолдануға өту электрондық ацшалардың пайда болуына ықпал етті, яғни компъютер жадындағы шоттарда ақшаны, қолма-қол ақшалар мен чектерді кредиттік карточкалармен алмастыруға мүмкіндік жасады. Олар клиенттің шоты негізінде орнатылған микросызбасы бар пластикалық карточка түрінде банк тарапынан шығарылады. Пластикалық карточкалардың ие-лері тауарларды сатып алып жэне жасалған қызметтерге төлем төлеп қана қоймай, сонымен бірге тулынушылық мақсатта банктерден қысқа мерзімді кредитгерді де ала алады. Қазіргі таңда пластикалық карточкалардың бірнеше түрлері қолданылады, олардың ішінде банктік жэне саудалық карточкалар өте кең таралған.

Электрондық төлемдер жүйесі қоғамның өте кең тобының өміріне тікелей ықпал етті. Көптеген дүкендер пластикалық карточкалар көмегімен сатып алуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, қажетгі сома тауарларға төлеу үшін сіздің шотыңыздан алынады. Коммуналдық қызметтер төлемі сияқты қайталанатын төлемдер айына бір рет сіздің шотыңыздан аудару арқылы ав-томатты түрде жүзеге асырылады. Көптеген компаниялар, фирмалар, үйымдар өз қызметкерлерінің банктік шоттарына ақшаны тікелей аудару арқылы еңбек ақы төлейді. Жекелеген банктер өз клиенттеріне төмендегідей қызметті көрсетеді: клиент өзінің дербес компъютерін компъютерлік желіге қоса алады, ол жинақ шотындағы қаржыны ағымдағы шотына аударуға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары шет елде және Қазақстанда тауарларды «Интернет» желісі арқылы сату-сатып алу кең өріс жайды.

Бақылау сұрақтары.

Ақша жүйесінің элементтері

Ақшаның сандық теориясы

Айналыстағы ақшалардың ролi

Студенттердің үй тапсырмалары.

Ақша қозғалысы

Ақша жүйесiнiң тиiмдiлiгi
Инфляция және оның әсері

Глоссарий

2 апта 3 балл
Асқын инфляция (Гиперинфляция)
Ақшаның құнсыздануы
Девальвациялық құнсыздану
Инфляция
Инфляциялық алшақтық
Инфляциялық бағам
Инфляциялық салық
Инфляцияға қарсы саясат
Импортталатын инфляция, импортпен байланыста инфляция
Шетке шығарылатын инфляция
4. тақырып. Инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктері

Жоспар:


1.Инфляцияны тежеу шаралары мен әдістері

2.Инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктері



Теориялық мәліметтер

Инфляция дегеніміз бағалардың орташа деңгейінің өсу қарқыны, бірақ бұл жағдайда барлық бағалар өседі деуге болмайды. Инфляция кезінде кейбір бағалар бір қалыпта қалады, ал кейбір бағалар төмендейді. Инфляция баға индексі арқылы өлшенеді. Жалпы базалық мерзім баға индексі арқылы анықталады. Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Инфляцияның ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі. Инфляция ақша жүйесінің дағдарысты жай күйі.

Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады.


  • Айналысқа артық ақшаның шығарылу

  • Қолайсыз төлем балансы

  • Үкіметке сенімнің жоғалуы.

Инфляцияның көріну нысандары :

  • тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі.

  • ұлттыќ аќша бірлігініњ шетелдік аќша бірлігіне ќатысты баѓаныњ өсуі

  • ұлттыќ аќша бірлігінде кµрінетін алтынныњ баѓасыныњ көтерілуі.

Инфляцияныњ ішкі жєне сыртќы факторларын аиыра білу керек.

Ішкі факторлардыњ арасында аќшаѓа жатпаитын жєне аќшалаи аќшалаи факторларды бөлуге болады. Аќшаѓа жатпатындар – бұл шаруашылыќ сєикестіктіњ бұзылуы, өндірістіњ монополизациялануы, әлеуметтік – саяси сипаттаѓы ерекше жаѓдаилар жєне басќалары. Аќшалаи ќаржыѓа мемлекеттік даѓдарысы – бюджет тапшылыѓы, аќша эмиссиясы жєне басќалар жатады.

Нарыќтыќ экономика кезінде ќаржы инфляциялыќ процеске бірќатар факторлар арќылы аитарлыќтаи єсер етеді.

Бірінші фактор – мемлекет шыѓыстарыныњ өсуі, бұл ерекше төлей алушылыќ сұранымыныњ артуы.

Екінші фактор – табысќа салынатын салыќтыњ кµбеюі.

үшінші фактор – бюджеттердіњ ұзаќ уаќытты тапшылыќтары .

Инфляциялыќ процестіњ ќуааттылыѓын баѓалауда жєне инфляцияныњ түрлерін мынадаи критериилер боиынша

ажыратады:

баѓалар өсуініњ ќарќыны боиынша:


  • баяу - баѓа жылына 10 паиыз өскенде бұл кезде аќшаныњ номиналдыќ ќұны саќталады

  • өршімел – баѓа 100 паиыз шегінде µскенде аќшаныњ затталынуы өседі

  • әсіре – баѓа жүздеген пайызѓа өскенде баѓа мен табыстардыњ арасындаѓы алшаќтыќ ұлѓая түседі.

Практикада инфляцияныњ екі типін бөледі. Сұраным инфляциясы жєне шыѓындар инфляциясы. Бірінші жаѓдаида ол зањды жєне жеке тұлѓалардыњ аќша массасыныњ өсуімен баиланысты өнімге, тауарларѓа жєне ќызметтерге сұранымныњ өсуініњ салдарынан болып табылады.

Екінші жаѓдаида кєсіпорындардыњ ењбекке аќы тµлеуге, кредиттер боиынша паиыздыќ мµлшерлемелердіњ кµбеюіне, т±тынатын шикізатќа , тарифтердіњ µсуіне ж±мсалатын шыѓындардыњ кµбеюі инфляцияны тудырады.

Инфляция сыртќы экономикаалыќ ќызмет тарапынан арзандатылуы м‰мкін, б±л импортталѓан жєне экспортталѓан инфляция. Экспортталѓан инфляция тауарлар мен ќызметтер кµрсетуге экспорттыќ баѓааныњ кµтерілуінен туады.

Жалпы инфляцияныњ себептері базистік ќатынастардыњ ќарама – ќаишылыќтарынан, экономикадаѓы ‰илесімсіздіктер мен даѓдарыстан, б‰кіл ќоѓамдыќ µндірістіњ тµмен тиімділігінен туады.

Инфляцияныњ кµріну нысаны – аќшаныњ ќ±нсыздануы мен µнімге , тауарларѓа жєне ќызметтерге баѓаныњ кµтерілуінде т±лѓаланатын оныњ сатып алуѓа жарамдылыѓыныњ тиісінше тµмендеуі.

Инфляция табиѓаты аќшаныњ онымен саалыстырмалы т±лѓаланатын тауар ауќымынан оќшауландырылѓан ќозѓалысты ж‰зеге асыраатын ќабілетсіздігінде.

Инфляция кезінде мемлекет іс-ќимылыныњ екі н±сќасы болады:


  1. беиімделу саясатын ж‰ргізу немесе инфляцияѓа беиімделу, б±л кезде табыстарды, жалаќыны, паиыздыќ мµлшерлемелерді, компаниялар мен фирмалар ќысќа мерзімде жобаларды µткізеді

  2. инфляцияны басу немесе тµмендету жµнінде инфляцияѓа ќарсы шаралардыњ кешенін жүргізу.

Инфляцияѓа ќарсы саясат – инфляциямен к‰реске баѓытталѓан экономиканы мемлекеттік реттеу жµніндегі шаралар кешені.

Дефляциялыќ саясат – мемлекеттіњ шыѓындарын азаиту кредт ‰шін паиыздыќ мµлшерлердіарттыру жєне салыќ механизмі арќылы аќша с±ранымын реттеиді.

Кірістер саясаты -- баѓа жєне жалаќыѓа оларды толыќтаи матау немесе олардыњ µсу шегін белгілеу жолымен параллелді баќылау ж‰ргізу ќажет етеді.

Инфляцияѓа ќарсы саясат аќшалаи ±сынымды шектеудіњ єр т‰рлі єдістерін ќамтиды.



  1. орталыќ банктіњ наќты аќша эмиссиясын ќысќарту арќылы аиналыстаѓы аќша массасыныњ аауќымын азаиту

  2. барлыќ кредит ресурстарын ќымбаттату жєне оларѓа ќол жететіндігін азаиту маќсатында орталыќтандырылѓан кредиттер ‰шін ќаита ќаржылыландырудыњ есептік мµлшерлемесін арттыру

  3. кредит мультипликаторын ќысу жєне комерциялыќ банктердіњ экспансиясын шектеуге жету ‰шін Орталыќ банктіњ кредиттерін тікелеи ќысќарту

  4. сондаи маќсаттарда Орталыќ банктіњ кредиттерін тікелеи ќысќарту.

Бюджет шыѓыстарын шектеуге мыналар арќылы жетуге болады:

    • тура әдістермен –шектеумен, яѓни зањнамалыќ актілер немесе µкілетті мемлекеттік органдардыњ µкімі негізінде ќол жеткен дењгеимен салыстырѓанда оларды мєжб‰рлеу арќылы;

    • секвестрлеу єдісімен – барлыќ шыѓыстарды єр т‰рлі факторлармен анфыќталатын тµмендетудіњ берілген жалпы мµлшеріне сєикес пропорцияналды тµмендетумен;

    • ќолда бар кірістердіњ дењгеиін баќылаумен;

    • мемлекеттік бюджет таапшылыѓыныњ дењгеиін шектеумен.

Мыналардыњ нєтижесінде инфляцияныњ екінші типін – шыѓындардыњ µсуінен туатын инфляцияны жою проблемаларын шешу неѓ±рлым ќиыныраќ болып келеді.

  1. жалаќыны кµбеиту,

  2. ±иымдыќ сипаттаѓы себептер боиынша шаруашылыќ механизімініњ б±зылуына баиланысты ењбек µнімініњ тµмендеуіне баиланысты,

  3. шикізат жєне энергетикалыќ ресурстар иелерініњ инфляциялыќ тосулары, осыѓан ќараи олар µндірісті бастапќы µнімдеріне баѓаны кµтереді.

¤ршімелі инфляция кезінде бірќатар елдер паидаланѓан инфляциямен к‰рестіњ аирыќша нысаны- естен тандыру терапиясы. Оныњ мєні – нарыќтыќ ќатынастарды дамытуды кµтермелеуде еркін баѓаларды белгілеуде, баѓаларды реттеуден бас тартуда жєне осылардыњ нєтижесі ретінде- халыќтыњ т±рмыс дєрежесініњ тµмендеуінде болады.

Инфляция деңгейін мына жолмен есептеп шығаруға болады. Осы жылдың (1999 жылдың) баға индексін алдыңғы жылдың (1998 жылдың) баға индексіне бөліп, содан кейін оны пайыз түрінде шығару үшін 100 – ге көбейтеміз. Мысалы, 1998 жылғы тауарлар тұтыну баға инждексі 154,5 тең болса, 1999 жылы – 158,2 болды. Сонымен, 1999 жылдың инфляция деңгейі мына жолмен анықталады:

158,2 – 154,5

Инфляция қарқыны   100  2,3 %

154,5



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет