7 – сурет.
Экономистер инфляцияны екі түрге бөледі:
1) сұраныс инфляциясы. Экономикада кейде ұсынысқа қарағанда сұраныс шығындары көбірек болады. Артық сұранысқа өндіріс артық көлемімен жауап бере алмайды, өйткені барлық ресурстар қамтылған. Бұл артық сұраныс бағаның өсуіне инфляциясын тудырады.
Инфляция жағдайында ақша сатып алу қабілетін жоғалтады, ақша құнын инфляция анықтайды. Инфляция мөлшері жоғары болса, нақты баланс саны төлем болады. Табысына қарай халық ақшаны аз мөлшерде жұмсаса, жылдамдық арта түседі. Инфляциялық үзіліс – ЖҰӨ-ді толық жұмысбастылықтың инфляциялық емес деңгейіне төменднту үшін қажетті жиынтық сұраныс (жиынтық шығындар) кему көлемі.
Ақша реформасы
Жазбаша бақылау
3 апта 3 балл
1. Ақша туралы түсінік
2. Ақша реформасы
3. Ақша қызметтері
4. Ақша реформасының өткізудің қажеттігі
5. Мемлекеттік банктің басты міндеті
6. Ақша реформалар нәтижесінде алтын монета айналысы
7. Ақша реформасының нәтижесі
8. Ақша реформасының мәні
Ақша реформасы
Тест
3 апта 1 балл
-
Алтын монета айналысы бар алтын монометаллизм жүйесі қай жылы енгізілді?
А) 1895-1897 жж.
Б) 1922-1924 жж.
С) 1905-1907 жж.
Д) 1888-1898 жж.
-
Қай жылдар аралығында ақша 10 мың есеге құнсызданды?
А) 1913-1920 жж.
Б) 1922-1924 жж.
С) 1905-1907 жж.
Д) дұрысы жоқ
-
Қай жылдың соңында "Еңбек паегін" ақысыз беру басталды?
А) 1920 ж.
Б) 1897 ж.
С) 1907 ж.
-
Қай жылы оқушыларға тегін киіммен қатар пәтерақы және комуналдық қызмет үшін төлем мүлдем алынбады?
А) 1921 ж.
Б) 1920 ж.
С) 1919 ж.
Д) бәрі дұрыс
5. Мемлекеттік банктің басты міндеті?
А) Ақша реформасын жүргізуге дайындық жасау
Б) Ақшаның халыққа берілуін бақылау
С) Өз қорын жинау
Д) дұрысы жоқ
6. Қай жылы 1 рубль алдынғы 10 мың рубльге теңесті?
А) 1922 ж.
Б) 1921 ж.
С) 1920 ж.
Д) 1923 ж.
7. 1922 жылдары ақшаларды қайта есептеу, олардың төрт нөлін сызып тастау әдісі қалай аталды?
А) Деноминациялау
Б) Инфляция
С) Жауабы жоқ
Д) Стагфилиция
-
Ақша реформасы екі кезеңде жүргізіледі. Оларды ата ...
А) 1922 ж. 25 шілде және 11 қазан
Б) 1921 ж. 25 қазан және 16 желтоқсан
С) 1922 ж. 25 сәуір және 10 қыркүйек
Д) дұрысы жоқ
-
Ақша реформасын ұйымдастырушы кім?
А) Г.Я. Сокольников
Б) В.И. Ленин
С) С.А. Василивич
Д) В.И. Сталин
-
Ақша реформасы қай жылдары болды?
А) 1922-1924 жж.
Б) 1922-1923 жж.
С) 1895-1897 жж.
Д) 1888-1889 жж.
5-тақырып. 1947 ж ақша реформасы
Жоспар:
1.Рубль бағамының жоғарлануы
2.1950 ж алтын базасына өткізу
Теориялық мәліметтер.
1947 ж. Ақша реформасы ақша жүйесінің түбірімен қайта кұру-ылуын білдірген жоқ. Оны жүргізгеннен кейін де, реформаға дейінгі болған ақша айналысының қүрылымы сакталды. Бұлың сэл айырма-шылығы сол, Мемлекеттік банктің билеттері червонец емес рубль түрінде шығарылатын болды.
Реформа акдіа жүйесін нығайта отырып, ақшаның барлық қызметтерінің маңызын арттырды. Бүл реформа өз кезегінде бірнеше рет төлем қабілетті бар сүраныс пен түлыну саласында ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті сақтап қала алды. Бірақ бұл елуінші жылдар-дың басында-ақ бөлшек сауда бағаларын төмендетудің ойланбаған саясатының әсерінен бүзылды
1947 ж. Ақша реформасынан кейін алғашқы жылдары экономиканың дамуындағы кол жеткізген жетістіктер жэне карточка жүйесінін алынып тасталуы өнімнің өзіндік қүнының төмендеуіне, дүкендерде азық-түліктердің көбеюіне жол берді. Жыл сайын бөлшек сауда бағаларының төмендеуі басталды. Әдетте ол, 1948 ж. Көктемінен 1954 ж. Дейін жүргізілді.
1888 ж. Дүниеге келген Григорий Яковлевич Сокольников (Бриллиант) 1922-1924 жж. Ақша реформасын ұйымдастырушы жэне теоретигі, болды. 1921 ж. Қараша айынан бастап, ол каржы Халык Комиссариатын басқарған болатын.Онын жетекшілігімен бөлінген қаржы-несие жүйесі калпына келтірілді. Алтынға валютанын еркін ауыстырылуын жақтаушы ретінде ғана емес, сонымен қатар Г.Я.Сокольников алтын резервтерін жинақтау кажет деп санады.
Алтын қорының үш ролі болды:
халықаралық есеп айырысуларда резервтік қор ретінде;
ішкі нарыкта червонец бағамын реттеуші (Мембанк алтынды шетел
валютасымен бірге ішкі нарықтан сатып алып отырды); көзге көрінбейтін жағдайларға арналган сақтандыру резерві.
Айналыстағы ақша массасының өсуін тежеу мақсатында халықтың жү_мыс жасайтын барлық категорияларының жалақыларынан "халық шаруашылығын қалпына келтіруге жэне дамытуға" арналған облигациялық займдарды төлеуге 10% ұсталып отырды.
Үкімет рубльдің бағамын шетел валюталарына қатысты көтеру жэне оны алтын базасына өткізу қажеттігін мойындады. Оган дейін рубльдің шетел валюталарына қатысты бағамы алтын базасында емес, қандай да бір алтындық құрамы бар жэне алтынға айырбасталатын шетел валютасының базасында белгіленіп келді.
Бастапқы кездері рубльдің бағамын анықтау үшін база ретінде француз франкі кабылданған болатын, себебі Франция валютасының тұракты алтындық қүрамы болды, ал доллар жэне функт стерлинг болса, олар 1931-1933 жж. Девальвацияланған болатын. Бірақ 1936 ж. Француз франкі де девальвацияланды, сөйтіп оның бағамы біршама түсіп кетті. 1937 ж. Рубльдің бағамын АҚШ долларының базында есептеу енгізіліп, 1 доллар = 5 рубль 30 тиын болды.
1950 ж. 1 наурыздан бастап үкімет рубльдің алтындық күрамын (баға масштабы) 0,222168 г таза алтынмен белгіледі. Осы бекітілген алтындық қүрамына байланысты рубльдің шетел валюталарына қатысты бағамы анықталды. Шетел валюталарының алтындық құрамы немесе олардың бағамдарының кейінгі өзгерістері болған жағдайларды КСРО Мембанкі өзінің түзетуін енгізуге тиіс болды. Шетел валюта-сына қатысты рубль бағамының жоғарлауының зор маңызы бар. Рубльдің қатаң белгіленген алтындық қүрамы оны халықаралық есеп айырысуларды пайдалануын кеңейтті.
Айналыстағы ақшаның саны К.Маркстің ашқан ақша айналасының заңымен реттеледі. Айналысқа қажетті ақша саны - айналыстағы ақша саны мен сатуға арналған тауарлар массасы және атауы бір .ақша бірліктерінің айналыс жылдамдығы арасындағы белгілі бір сэйкестік-тің болуын талап етеді.
70- жылдардың басында көптеген елдерде жарияланған инфляцияға қарсы күрес қажеттілігі монетаризмнің жаңа ағынына экелді жэне бүл өте қатаң акша саясатының негізіне енді. Ол шынымен бірқатар елдерде инфляцияны токтатуға эсерін тигізді, бірақ бүл процесс жұмыссыздыктың қарқынды өсуімен катар жүргізілді.
Ақша реформалар нәтижесінде алтын монета айналысы бар алтын монометализм жүйесі енгізілді. Айналыста алтын және күміс монеталар жүрді. Негізгі ақша белгілеріне 92% алтынмен қамтамасыз етілген.
Реформа ақша жүйесін нығайта отырып, ақшаның барлық қызметтерінің маңызын арттырды. Бұл реформа өз кезегінде бірнеше рет төлем қабілеті бар сұраныс пен тұтыну саласында ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті сақтап қала алады. Бірақ бұл елуінші жылдардың басында-ақ бөлшек сауда бағаларын төмендетудің ойланбаған саясатының әсерінен бұзылды.
6- тақырып. Несиенің мәні мен функциялары
жоспар
1.Несиенің мәні мен қажеттігі
2.Несиенің құрылымы
Теориялық мәліметтер
Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретінде несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие оның бір түрі.
Түрдің формадан айырмашылығы – диалектика категориясы болып табылмайды, ол несиені ерекше түрдегі экономикалық қатынастар ретінде ретінде түсінуді анықтайтын жүктеудің теориясы болады.
Осыған байланысты несие түрлері төмендегідей жіктеледі:
1) мерзімдері бойынша: а) қысқа мерзімді (1 жылға дейін); ә) орта мерзімді
(1 жылдан 3-5 жылға дейін); б) ұзақ мерзімді (3-5 жылдан жоғары).
2) несиелеу объектілері бойынша: а) негізгі қорларға берілетін несие;
ә) айналым қорларына берілетін несие;
3) несиелеу әдістері бойынша: а) қалдық бойынша несиелеу; ә) айналым
Бойынша несиелеу. Айналым бойынша сауда және жабдықтаушы-өкізуші
Ұйымдар несиеленеді, ал қалғандарында айналым бойынша да, қалдық
Бойынша да несиелеудің элементтері бар.
Мысалы, тұтыну несиенің түрлері тауарлы және ақшалай болуы мүмкін, ал халықаралық несиені төмендегідей жіктеуге болады:
1) несиелеу объектісі бойынша: тауарлы және қаржылық несиелер;
2) экономикалық мазмұны бойынша: сыртқы сауда операцияларымен
байланысты комерциялық және қаржылық – кез келген мақсат үшін
пайдаланылады (қарызды өтеуге, бағалы қағаздарға инвестициялау);
3) несие субъектілері бойынша: жеке, үкіметтік және халықаралық қаржы-
лық ұйымдар беретін;
4) мерзімдері бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді.
Шетелдік әдебиеттерде несиелердің келесі жіктеулері кездеседі:
Несиелердің категориялары:
А) Қарыз алушының типі бойынша:
1. Тұтыну.
2. Бөлшек / көтерме / .
3. Ауыл шаруашылығы.
4. Комерциялық / өнеркәсіптік / .
5. Қозғалмайтын мүлік.
6. Энергия.
7. Үкімет – (жергілікті үкімет, штаттар, ұлттық) федералдық.
Ә) Мақсаты бойынша:
1. Тұтыну (мысалы, тұтыну тауарлары, автомобильдер).
2. Айналым капиталы.
3. Құрылғылар.
4. Ғимараттар.
5. Жобалар.
6. Лизингтік қаржыландыру.
Б) Әрекет ету мерзімі бойынша:
1. Қысқа мерзімді (1 жылдан кем емес).
2. Орта мерзімді (1 жылдан 4 жылға дейін)
3. Ұзақ мерзімді (5 жыл және одан жоғары)
В) Өтелу кестесі бойынша:
1. Бірдей төлемдермен (мысалы, тұтыну несиесі үшін ай сайын)
2. Кезеңді төлемдермен (тоқсан сайын, жарты жыл сайын, жеңілдікті кезеңді
Немесе жеңілдіксіз кезеңді модификацияланған несие - "шар", яғни өтелу
кезеңінде бұрын жүргізілген төлемдерге қарағанда анағұрлым көп төлемді
талап ететін несие).
3. Бір рет төлемді (қысқа, орта және ұзақ мерзімді несие - "шар").
Г) Қамтамасыз етілуі бойынша:
1. Қамтамасыз етілмеген.
2. Кепілмен қамтамасыз етілген (қолма-қол бағалы қағаздармен, дебиторлық
қарыздармен, қорлармен, құрылғылармен, жермен, ғимараттармен).
3. Кепілдендірілген.
4. Басқа да қамтамасыз етілулер (міндеттеме, келісім, міндеттемесі бар хат
Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Формалар әруақытта қандай да бір объектілерге тән тұрақты қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың әртүрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Қарызға берілген құнға қатысты кредитор мен қарыз алушы арасындағы байланыс қалай өзгерсе де, несиенің формасы оның бүтін ретіндегі мазмұнын білдіреді.
Экономикалық әдебиетте, әдетте, несиенің негізгі формасы қарастырылады: комерциялық және банктік. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларын тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық, фирмалар ж.т.б. жатқызады.
Комерциялық несие – бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыру. Несиенің осы формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады.Комерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы кәсіпорын капиталымен біріккен, ал оның мақсаты – тауарларды өткізу, жылдамдату
Банктік несие – бұл банктердің, арнайы несие-қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несие. Банктік несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез келген өндіріс балансына беріледі және банктік несие арқылы кез-келген бағытта қозғала алады. Тоқыма фабрикасының иесі өзінің бос ақшалай капиталын банкке орналастыра алады, ал банк бұл капиталды машина құрылыс кәсіпорнына қарызға береді.
Несие формалары мен түрлері
Реферат
4 апта 4-балл
№
|
Тапсырма алған студенттің аты жөні
|
Тақырып атаулары
|
Орындалу мерзімі
|
Жұмыстың бағалануы
|
1
|
|
Несиенің формалары мен түрлері
|
|
|
2
|
|
Ақшаның мәні мен қызметтерi
|
|
|
3
|
|
Ақша жүйесi туралы түсiнiк және оның элементтерi мен негiзгi типтерi
|
|
|
4
|
|
Инфляция
|
|
|
5
|
|
Азияның даму банкі
|
|
|
6
|
|
Қарыз капиталы, пайыз және несие
|
|
|
7
|
|
Ақша реформалары
|
|
|
8
|
|
Несие формалары
|
|
|
9
|
|
Маманданған несие –қаржы институттары және олардың типтерi мен қызмет көрсету ерекшелiктерi
|
|
|
10
|
|
Банктiң типтері
|
|
|
11
|
|
Несие және банк жүйесі
|
|
|
Несие формалары мен түрлері
Тест
4 апта 2-балл
-
Несиенің неше формасы бар?
А) 2
Б) 3
С) 4
Д) 5
2. Тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге сатқан тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып, оны қарызға беру несиесі қалай аталады?
А) Комерциялық несие
Б) Банктік несие
С) Ұлттық банктік несие
Д) тауарлы несие
3.Несие жүйесінің негізгі буыны және нарықтық экономиканың маңызды құрамды бөлігі болып табылады.
А) банк жүйесі
Б) несие жүйесі
В) кредит жүйесі
Г) ақша жүйесі
4.Банкте шоғырланған қаражат қорынан клиенттерге қайтарым мерзімін белгіленуі қалай аталады?
А) Банктік несие
Б) Комерциялық несие
С) Ұлттық банктік несие
Д) ақшалай несие
5.Банктік несиенің комерциялық несиеден айырмашылығы
А) Ақша түрінде берілетін несие
Б) Тауар түрінде берілетін несие
С) Заттай және ақшалай түрінде берілетін несие
Д) Дұрысы жоқ
6.Қай жылы Ұлттық банк бюджет тапшылығын инфляциялық емес жабуға көшумен байланысты тоқтатылды?
А) 1998 ж.
Б) 1999 ж.
С) 2000 ж.
Д) 2001 ж.
7.Ұлттық банктік несие қанша топқа бөлінуін ата?
А) Аукциондық, ломбардтық, бюджеттік
Б) Аукциондық, бюджеттік
С) Аукциондық, ломбардтық
Д) тауарлы, ақшалай
8.Аукциондық Ұлттық банктік несие қанша мерзімге берілді?
А) 1 айдан 3 айға дейін
Б) 3 айдан 1 жылға дейін
С) 1 жылдан 4 жылға дейін
Д) 1 айдан 6 айға дейін
9.Ломбардтық Ұлттық банктік несие қандай мерзімді несиеге жатады?
А) Жоғары пайызбен беретін қысқа мерзімді несие
Б) Орта пайызбен беретін қысқа мерзімді несие
С) Жоғары пайызбен беретін ұзақ мерзімді несие
Д) бәрі дұрыс
10.Бюджеттік Ұлттық банктік несие қандай несие болып табылады?
А) Қаржы министрлігіне қайтарымдылық шартымен беретін несие
Б) Ұлттық банкке қайтарымдылық шартымен берілетін несие
С) Коммерцияляқ банкке қайтарымдылық шартымен берілетін несие
Д) Дұрысы жоқ
7-тақырып. Несие функциялары
Жоспар:
1.Қарыз пайызының экономикалық мәні
2.Жай пайыздарды есептеудің техникасы
Теориялық мәліметтер
Несиелеу және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары Ұлттық банк қызметінің алдағы уақыттарда классикалық қызметіне жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданады. Бюджет тапшылығын жабу үшін Үкіметке несие беру бюджет саясаты аумағында, яғни Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуден бас тарту мақсатында жүргізілді. Жеңілдікпен несие беру және кәсіпорындардың несие үшін тікелей өтініш жасауы қарастырылған жоқ. Ұлттық банк несиелерін орналастыру аукциондар арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу негізінде жүзеге асырылады.
Несиелеу саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмыскерлерінің қызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.
Несиелеу стандарты – бұл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.
Несиелеу стандартында мынадай сұрақтар қарастырылады.:
-
қарыз алушының қаржылық ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;
-
несиенің кепіл- хаттар және кепілдемелерін қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар;
-
әкімшілік стандарттар және несиелік процесті ұйымдастыру ережелері;
-
қарыз алушның несиелік қабілетін талдау тәртібі;
-
құжаттардың толтырылуына қойылатын талаптар;
-
несиелеудің айрықша түрлері бойынша ережелер (мысалға, ипотекалық немес тұтыну несиелері бойынша).
Несиелеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы обьективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді.
Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелерлің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелігі және т.б. анықталады.
Қазіргі несилік қатынастарды ұйымдастыру принциптері екі топқа бөлінеді:
I топқа – жалпы экономикалық тәртіптегі прициптер:
-
несиенің мақсаттылығы;
-
несиенің дифференциалдығы.
II топқа – несиенің мәнін бейнелейтін принциптер:
-
несиенің мерзіміділігі;
-
несиенің қайтарымдылығы;
-
несиенің төлемділігі;
-
несиенің қамтамасыз етілуі;
Қазіргі несиенің дифференциалдық принципінің мазмұны өзгерген десе болады. Біріншіден, ол мерзімділік принципімен байланысады, яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан да несиелеудің дифференциациялануы тек несиелік қабілетті сипаттайтын көрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл принцип несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген сұранысын оқып – үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сұралып отырған ссуданың қамтамасыз етілу сипатын және олардың банк үшін пайдалылығын, сондай-ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жеткшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің дифференциациялануы, оның өткен жүйедегі вариантымен салыстырғанда қаталдау болып табылады.
Мерзімділік - белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген несиенің ерекше бір белігісі. Ол, яғни несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражат белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп, несиенің қайтарымдылық прицинпі туындайды.
Несиенің қайтарымдлығы оның экономикалық катергория ретінде басқа да тауарлы – ақшала қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылып ерекшелегімен сипатталады. Қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да, қайтарымдылық- несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.
Шаруашылықтың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бұл принципіне ерекше мән берілген. Біріншіден, оның сақталуына байланысты ұдайы өндірісте ақшалай қаражаттармен бірқалыпты қамтмасыз етілуі тәуелді. Екіншіден, бұл принципті сақтау коммерциялық банктердің өтімділігін қамтмасыз ету үшін қажет. Олардың жұмысын ұйымдастыру принциптері тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жұмсалымдарға салынуына жол бермейді. Үшіншіден, әр жекелеген қарыз алушы үшін бұл принциптің сақталуы банктен жаңа несие алуға мүмкіндік береді. ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты - айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.
Ұлттық банктің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді. Соның негізінде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгілетін Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттраы бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттік қысқа мерзімді несиелер бойынша пайыз мөлшермесінің өзгеруіне байланысты төмендегі отырған.
Пайыздың нақты бейнелері, өз кезегінде инвестициялау үшін әлуеттік ресурс болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті.
Банк және оның типтері
Жазбаша бақылау
5 апта 2 балл
1.Банктің қызметтері
2.Банктің мәні
3. Банк жүйесі
4. Банк типтері
5. Эмиссия
6. Бірінші және екінші деңгейлі банктер
8-тақырып. Несие жүйесі
Жоспар:
1.Несие жүйесінің ұғымы
2.Несиелік мекемелердің түрлері
Теориялық мәліметтер
Несиелік жүйе мемлекет тарапынан болатын ықпалға ұшырайды. Мемлекеттік органдар және орталық банктер ұдай қолданылатын несиелік шектеулер, активтік операциялардың жасанды түрде қысқарылуын тудырады. Осылайша, несиенің экономикалық ғана емес, оның әкімшіліктік те шектері бар.
Банктер өз саясатын қайта қарастыра отырып және несиенің берілуімен қызметтің басқа түрлері арасындағы қолайлы арақатнас табуға тырысады. Мысалы, қаржылық инженеринг жүйесі - әр түрлі экономикалық кеңес беруді қоса алғандағы, қаржылай қызмет көрсетулердің толық комплектісін ұсыну дамытылады.
Кредитор ретінде банктердің ролі біршама төмендегеніне қарамастан, ол едәуір шамада қысқаруы мүмкін деп есептеуге негіз жоқ. Өйткені көптеген кәсіпорынның қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктері, бірінші кезекте, банктік несие есебінен қанағаттандырылуы мүмкін, ол өнеркәсіптік компаниялар үшін, жеке түлғалар үшін де қарыз қаражаттарынн алудың анағұрлым ыңғайлы формасы болып келеді. Осылайша, несиелік жүйенің негізін ірі банктер құрайды, ал банктік несие өзінің басымдық жағдайында қалады.
Несие жүйесінің институционалдық құрылымының оңтайлы формалары, капитал нарығында тиімді жұмыс істейтін тетіктер, коммерциялық құрылымдардың жаңаша қызмет көрсету әдістері ұдайы іздестіріледі. Тұрақты әрі тиімді банк жүйесін құру – Қазақстан экономикасын реформалауда маңызды міндеттердің бірі. Ішкі банк секторының барлық қатынас жүйесін, Ұлттық банк тарапынан басқарудың және қадағалаудың сипатын, банктердің өзара қарым-қатынасын және олардың клиенттерімен арадағы қатынасын, мемлекеттік бюджетпен есеп айырысуды және т.б. түбегейлі өзгерту қажет. Банкирдің психологиясын өзгерту, жан-жақты білімі бар, жаңашылдыққа бейім, тәуекелшіл банк қызметкерін тәрбиелеу – алда тұрған көп міндеттің бірі.
Несиені беретін негізгі бағыттар - экономикалық жэне элеуметтік инфрақүрылымдар, агроөнеркэсіп объектілері, ауыл шаруашылығын өндіретін және қайта өндейтін өнеркәсіп. Банктің несиесі ең алдымен барлық жеке секторға, жекешелендірілген мемлекеттік бірлескен кәсіпорындарға, әсіресе дамып келе жатқан елдердің үкіметтеріне -сенімді қарыз алушы ретінде бағытталады. Несие ісі ақшалар саудасына бағытталған кәсіпкерлік қызметтің айрықша саласы болып табылады. Соның негізінде, несиелік операциялар жүргізіледі. Оларды әр алуан несие институттары жүзеге асырады. Операциялар ауқымы және шаруашылық айналымына қызмет көрсетудің маңыздылығы бойынша банктер негізгі болып табылады.
Несие мекемелерінің соның ішінде, банктік мекемелердің түрлерін қарастырмас бұрын, біз банк және банк қызметі түсініктерін анықтауымыз керек. Әлемдік тәжірибеде банк қызметі- депозиттерді қабылдау және ссудалар беру болып табылады. Көптеген елдерде банк немесе несиелік мекеме болып өз клиенттеріне есеп айырысу, бағалы қағаздар сату, лизингтік және т.б операциялар сияқты қызметтерді көрсетумен айналысатын кез келген мекеме. Ал банктік емес институттарға заң негізінде депозиттерді қабылдауға, есеп айырысуларды жүргізуге, сақтандыру кепілдемелерін беруге тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының Президентінің банк және банктік қызмет туралы заңының 1-бабында көрсетілген, яғни банктің ресми мәртебесі оны ашуға Ұлттық банктің рұқсатымен, Әділет Министрлігінде банк ретіндегі заңды тұлғаны мемлекеттік реттеумен, және банктік операцияларды жүргізуге, Ұлттық банк тарапынан берілген лицензияның болуымен анықталады.
Кез келген заңды тұлға, егер де оның банктік ресми мәртебесі болмаса «банк» деп аталуға тиіс емес.
Банк арнайы өндіріс ретінде өнім өндіреді, бірақ, оның өнімі материалдық өндірісте өндірілетін өнімнен мүлде өзгеше. Ол тек тауар ғана өндірмейді, яғни тауардың ерекше ақша түріндей, төлем құралдарын өндіреді.
Банктер немесе сондай институттар өте ертеректе пайда болған. Египетте банктік операциялар біздің эрамыздан бұрын 2700ж. жүзеге асырылған.
Банктердің бастапқы қызметі төлемдегі делдалдық болған. Осындай делдалдың нәтижесінде банктер бос ақша капиталын пайыз әкелетін қызмет етуші капиталдарға айналдырады.
Қазіргі банк ісінің қайнар көзін ең алдымен Италиядағы орта ғасырлық айырбаспен айналысушылар қызметінен іздестірген жөн.
«Банк» ұғымы Италияның «banco» («айырбас орын», «ақша үстелі») деген сөзінен шыққан. Қазіргі түсініктегі алғашқы банк Италияда 1407ж. Генуеде пайда болған. ХІІғ. Италияда алғашқы вексель пайда болды.
Ең ірі танымал болған банк Флоренциядағы Медичи банкі болды. Флоренцияда орналасқан бас банк мекемесінің Еуропада 16 филиалы бар. Кейбір елдерде банктің біраз қызметтері заңмен шектеледі. Банк қызметінің қаншалықты қатаң регменттелуіне және лицензиялануына байланысты несие ісін ұйымдастырудың екі типін бөліп қарастырады. Нәтижесінде тарихта сегменттелген және әмбебап банктік құрылымдар пайда болады.
Сегменттелген құрылым кейбір несиелік мекемелер түрлерінің операциялық қызмет сферасы мен қызметтерін қатаң заңды түрде бөлуді дұрыс санайды. Мұндай құрылымдар АҚШ-та, Жапонияда қалыптасты. Онда депозиттерді қабылдауға және қысқа мерзімді несиелер беруге байланысты банктік операциялар, заңды түрде компаниялардың бағалы қағаздарды шығаружәне оларды орналастыруға байланысты операцияларынан басқа да арнайы қызмет түрлері ажыратылған.
Әмбебаптық құрылымда жекелеген операциялар түрлері қаржылық қызмет көрсету сферасына қатысты заңмен шектеулер болмайды. Барлық несиелік мекемелер барлық операциялар мен қызмет түрлерін орындай алады. Мұндай әмбебап «қаржылық универмагтар», супермаркеттер типтері Францияда, Швейцарияда, Ұлыбританияда және т.б. қалыптасты. Бұл елдерде несие жүйесінің кейбір буындарының операциялары менмамандануы арасында шекара болмайды. Біздің елімізде коммерциялық банктер әмбебап бола отырып, көптеген банктік операциялармен айналысады.
9-тақырып. Несиелік жүйені құру
Жоспар:
1. Несиелік жүйені құру принциптері
2.Әлемдегі несие жүйесі дамуының тенденциялары
Достарыңызбен бөлісу: |