Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау; оқытушының кеңесін негізге ала отырып, өз бетінше дайындалу



бет7/9
Дата25.02.2016
өлшемі1.49 Mb.
#21503
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Екінші аралық бақылау


р/с

Тақырыптар

Апта

Ұпай саны

Бақылау түрі

1

Банк қызметіндегі тәуекелділік

8

2

Жазбаша бақылау

2

Банк қызметіндегі тәуекелділік

8

3

Глоссарий

3

Қазақстан Республикасының Ұлттық банк операциялары

9

4,5

Реферат

4

Қазақстан Республикасының Ұлттық банк операциялары

9

2

Тест

5

Ұлттық банктің сыртқы экономикалық қызметі

10

2

Жазбаша бақылау

6

Ұлттық банктің сыртқы экономикалық қызметі

10

1

Тест

7

Акционерлік қоғамдар

11

2

Тест

8

Бағалы қағаздар нарығы

12

2

Жазбаша бақылау

9

Бағалы қағаздар нарығы

12

2,5

Глоссарий

10

Халықаралық валюталық жүйелер және қатынастары

13

2

Тест

11

Төлем және есеп айырысу әдістері

14

4,5

Реферат

12

Халықаралық валюта және несие институттары

14

2,5

Глоссарий

12-тақырып. Банктік қызметті ұйымдастыру

Жоспар:

1.Банктік қызметті ұйымдастырудың негізгі бағыттары



2.Банктік қызметтің құрылуы мен тоқталуы

Теориялық мәліметтер

Банк ісі – қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктер көптеген рперациялар жүргізді. Олар айналымымен несие қатынастарын ұйымдастырумен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу сату, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операциялары жүргізілді.

Банктің атқаратын қызметтері



  1. Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз кпиталына айналдыру.

  2. Кәсіпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу.

  3. Ақша айналымын реттеу. Банк - әртүрлі шаруашылық субьектілерінің төлем айналымы жүретін орталық.

  4. Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиток чектерді, вексельдерді шығаруменде несиеленді.

  5. Экономикалық және қаржылық кеңес беру.

  6. Орындайтын айрықша қызметтеріне байланысты банктер: эмиссиялық және эмиссиялық емес болып бөлінеді.

Эмиссиялық банк – ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқы бар, әдетте, орталық банк. Әр мемлекеттерде орталық банк әр түрлі аталады. Мыс: бұрынғы КСРО да ол мемлекеттік деп., ал қазіргі Қазақстанда – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп. аталады.

Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша белгілерін шығаруға құқығы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, ипотекалық және т.с.с. банктер.

Инвестициялық және иновациялық банктердің 2 түрі де ұзақ уақытта ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша қаражатын, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ол инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны несиелеуді игереді.

Ипотекалық банктер - жерді және жылжымайтын мүліктерді капілдікке алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату, арқылы ақша жинақтайды.

Орталық банктерді ұйымдастырудың жолдары.

Тарихи Орталық банктер капиталды меншіктеу жөнінен үш түрге бөлінеді: мемлекеттік орталық банктер; яғни олардың капиталы түгелінен мемлекет меншігінде (мыс. Англия, ГФР, Франция, Канада, Ресей):

Акционерлік қоғамдар (мыс; АҚШ, Италия) Аралас акционерлік қоғам, капиталының бір бөлігі мемлекет меншігінде (Жапония, Бельгия)

Кейбір орталық банктер бірден мемлекеттік (Германияда, Ресейде) кейбіреулері акционерлік қоғам болып ұйымдасып, кейін ұлттық банк болып қайта құрылды (Ұлыбританияда, Францияда).

Кез-келген орталық банктер міндеті – ұлттық ақша өлшемінің төлемі қабілеттілігі мен валюталық курсының тұрақтылығын қамтамасыз ету, банк жүйесінің өтімділігі мен тұрақтылығын, төлем жүйесінің тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ету. Осы міндеттерді атқару үшін орталық банк негізінен мынадай қызметтерді атқарады:

Банкноттарды монополиялы түрде эмиссиялау; ақша несиелік қатынастарды реттеу; сыртқы экономиканың қатынастарды жүргізу; банктердің банкісі болу және үкімет банкісі қызметі .

Орталық банктің ең алғашқы қызметі – ежелден қалыптасқан мемлекеттің өкілі ретінде заңды түрде – банкнота шығару. Орталық банктің банкнота және монета шығару қызметі тарихи біраз өзгерістерге дүшар болды. Мысалы, ақшаның алтын стандарты кезінде орталық банктің банкноталары коомерциялық вексельдермен және алтынмен қамтамасыз етілсе, қазіргі кезде несие ақшаларын айналысқа шығару көбінесе үкімет облигацияларымен қамтамасыз етідің. Сондықтан , банкноталарды шығарудың тауар айналымын тікелей байланысы айтарлықтай азайды, ал оны алтынмен қамтамасыз ету, типті мүлдем жойылды.

Орталық банк өз қызметтерін банктік пасив және актив операциялары арқылы атқарады. Пассив операциясы деп – банктердің өзіне ақша қаражатын тартып, банк тік ресурс тар құру операциялары, ал актив операциялары деп – осы қаражатты орналастыру операцияларын айтиады. Орталық банктің негізгі пассив операцияларына: банкнота эмиссиясы, коммерциялық банктердің және мемлекеттік қазынашылықтың (қаржы министірлігінің) ақша салымын қабылдауды, банктің өз капиталын құру операциялары жатады. Көп елдерде орталық банктің ақша қорларының негізгі көзі – банкнота шығару, яғни 40 – тан 85% - ке дейінгі пассив операциялары. Қазіргі кезде шығарылатын банкноталар алтынмен қамтамасыз етілмеген өз құны жоқ ақша.

Орталық банктің ақша ресурстарының келесі көзі – коммерциялық банк тер мен қаржы министірлігінің ақшалы салымы. Коммерциялық банктер орталық банктегі ашылған процентсіз Шота міндетті резервтермен қоса өзінің кассалық қорының бір бөлігін сақтауы мүмкін. Кейбір елдерде міндетті резерв тер процентсіз арнаулы шоттарда жинақталады. Ал орталық банктің өз капиталының үлесі пассив операцияларының 4%-ін құрайды.

Есеп – несие операциялары – есептеу операциясы және мемлекетпен банктерге қысқа мерзімді қарыз беру операциялары болып 2 түрге бөлінед:

Есептеу операциялары – ол орталық банктің мемлекетпен банктерден вексельдерді сатып алды. Орталық банктің коммерциялық банктерден вексельдерді сатып алуын вексельдерді қайта есептеу деп атайды, себебі коммерциялық банктердің өз клиенттерінен сатып алған вексельдерін орталық банкке сатқанда, олар екінші рет сатып алып, екінші рет есептеледі.

Кассалық ауытқуды жоюдың келесі әдісі үкіметке 1 жылға дейінгі мерзімге тікелей баактік қарыз беруі мүмкін. Коммерциялық банктерге қысқа мерзімді қарыз жай және аударым вексельдер мен бағалы қағаздар мен және басқа активтермен қамтамасыз етілген жағдайда беріледі. Бұндай операциялардың бір түрі – ломбард несиесі.

Орталық банк әр түрлі мақсатпен бағалы қағаздарға ақша жұмсауы (салым) мүмкін. Біріншіден, көптеген өркендеген мемлекеттердің кемшілігін жабу мақсатында орталық банктің мемлекеттік облигацияларды сатып Альп үкіметті несиелеудің ең бастр және жалғыз формасы болып табылады. Кейбір елдерде мемлекетті тікелей несиелеу, яғни бюджеттің келешегін жабуға қаржыландыру үшін банк тік қарыз беру жүргізілмейді. (мыс: АҚШ-та, Канада-да, Жапонияда) және (Ұлыбритания да, Швеция да, Швецарияда) немесе бірсыпыра елдерде ол заңмен шектелген (ГФР, Франція да, Нидерландия да). Ескеретін жәйіт, орталық банктің партфелінде мемлекеттік бағалы қағаздардың, әдетте, өте аз бөлігі сақталады. Мемлекетке несие беруші орталық банк емес, коммерциялық банк тер және басқа қаржы – несие мекемелері, компаниялары және халық.
13-тақырып. Банктік қызметті бақылау және қадағалау

Жоспар:


1.Банктік қызметті бақылау

2.Банктік қызметтің түрлері.

Теориялық мәліметтер

Банктік жүйенің екінші деңгейі коммерциялық банктер, банктік ресурстарда шоғырландырып заңды, жеке тұлғаларға банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді орындайды. 1990ж алғанда қазіргі коммерциялық банктер жүйесі қалыптасты. ҚР- дағы коммерциялық банктері 1995 ж 30- наурызда қабылданған ҚР- ң Ұлттық банкы және 31- тамызда қабылданған “ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы” ҚР призиденттінің заң күші бар жарлықтарын өзқызметтерінде басшыққа алады .

Екінші деңгейдегі банктердің қысқаруы банктердің интенсивтік жағынан өсуімен байланыстыруға болады . ҚР Ұлтық банктің берген лицензиясында сол коммерциялық банктің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығындада тікелей қатысуға толық құқылы бұдан басқа валюталық операцияларды жүзеге асыруға бал лицензия аладыСол лицензия олардың өзқызметін іске асыруы үшін корспанденттік қатынас орнатуға тиіс шетелдерде филиалдарды ашуға құқық береді.

Коммерциялық банктер өз қызметін бастау үшін ҚР Ұлтық банкінен рұқсат алуға мынандай құжаттар тапсырылады.



  • Рұқсат алу үшін беретін өтініш

  • Банктік жарғысы

  • Банктің 2-3 жылға арналған бизнес жоспары

  • Құрылтайшылық шарт т.б .

ҚР банкті тіркеуге алу үшін жарияланған жарғылық қордың 50 пайыздан кем емес бөлігі акция, бағалы металдар т.б. мен материалды бағалықтар мен төленеді . ҚР коммерциялық банктердің қаржылық жағдайы тұрақсыз. Лицензиясы қайтарылып алынған банктер біршама. Лиценцзияның мынандай жағдайларда қайтарып алады .

  • Құрылтайшылық шарт пен банк жарғысының жұмыс жасап отырған заңға сәйкескелмеуі

  • Банк жетекшілерінің кәсіби жарамсыздығы

  • Банк жарғысында көрчсетілмеген операцияларды жүзеге асыру

  • Қаржылық жағдайлардың тұрақсыздығы т.б.

Банктың ашылуына берілген лийцензиясырың қайтарылуы , банктың таратылуы туралы шешімді білдіреді. Банктердің ұйымдастыру құрлымы – банкті басқару және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметіне болды. Басқару органы пайда алу мақсатында комм банкке жетекшілік етеді. Акционерлік комм банктің ең жоғарғы органы акционерлердің жалпы жиналысы. Жиылыс жылына бір рет шақырылып түрлі міндеттер шешіледі.

-банк жарғысына өзгеріс енгізу –банктәің табысыцн бөлу т.б Екінші басқару органы – банктің қадағалау кеңесі.

Банк қызметіне бақлау жасайды – актілерді бекіту т.б .

Кеңесі басқарма органы (банк кеңесі) –банк иелерінен акционерлерінен құралады олардың мүделерін қорғайды. Басқарма төрағасы –банктің 1-жетекшісі оған мынандай міндеттемелер жүктеледі .

-Банк қызметіне қатысты бұйрықтар шығару нұсқаулар беру , өкілеттілікті жүзеге асыру .

-Банк мүліктеріне қаражаттарынат ие болу

Ревизалық комиция – банк қызметіне парқылы жасалады.

Несиелік комитет – несиеге байланысты қортынды жасаушы орган


Несиелік комитет



Ревизиялық комитет

Акционерлердің жалпы жиналысы.


Депортаменттер


Бақылау кеңесі

Басқарма

Басқарма төрағасы


Төраға орынбасарлары


қызметтер


Басқару

Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Олардың коммерциялық банктер қызметіндегі ролі жоғары . Қаржы және несие сөздігінде : пассивтік опреациялар – бұл несиелік және активтік опреацияларды жүзеге асыруға арналған банктің ресурстарын қалыптастыру опреациялары – делінген . Активтік және пассивтік шоттағы қаражаттың өсу формасын сипаттайтын операциялар . Пассивтік операция айналыстағы ақшалай қаражатты банктерге тартуға мүмкіндік береді . Пассивтік опреациялар негізінде – несиелік және заемдық не тартылған ресурстар қалыптасады . Банктің меншікті қаражаттары оның үнемі тұрақтылығын ұстап тұруда ең маңызды. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын тарта отырып, коммерциялық банктер халық шаруашылығының қосымша айналым қаражаттарыны деген сұранысын және халықтың тұтыну қажетін қанағаттандырады. Банктің меншікті қаражаттары банктің экономикалықь дербестігін және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін түрлі қорлар мен бөлінбеген пайда жиынтығы. Банктің меншыкті капиталы басты үш қызметті атқарады:


  • қорғаныс;

  • реттегіш;

  • оперативтік.

Қорғаныс қызметі банктің зиян шегу не борыштық тұрақсыздыққа ұшырау жайындағы салым иелерін , кредиторлардың мүддесін қорғау, банктің төлем қабілеттілігін сақтау. Оперативтік қызметі банктің қаржылық негізін қамтамасыз етеді. Реттегіш қызметі коммерциялық банктермен несиелік мекемелердің қызметіне орталық банк тарапынан заңдар мен ережелер бойынша бақылау жасап отыруына байланысты сипатталады. Жарғылық капитал – бұл банкті ұйымдастырудағы бастапқы нүкте . Банктің тұрақтылығын сақтау үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері белгіленеді .
БАНК ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ТӘУЕКЕЛДІК

Жазбаша бақылау

8 апта 2 балл

1. Банктік тәжірибеде "тәуекелдік" деген түсінік

2. Банк тәуекелдігі дегеніміз не?
3. Тәуекелдік пен жоғалту түсініктері

4. Банк үшін негізгі тәуекелдік түрлері


5. Портфельдік тәуекелдік түрлері
6. Шетел несиелері бойынша тәуекелдіктері

7. Несиелік тәуекелдікті төмендетудің тәсілдері

БАНК ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ТӘУЕКЕЛДІК

Глоссарий

8 апта 3 балл
Несиелік тәуекелділік
Шетел несиелері бойынша тәуекелділік

Портфельдік тәуекелдік

Банк тәуекелдігі

Ішкі саймандар бойынша төлемсіздік

Өтімділік тәуекелдігі

Пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелділігі

Валюталық тәуекелдік

14-тақырып. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі

Жоспар:


  1. Банктік шотты ашу тәртібі

2.Банктік шот ашу құжаттары

Теориялық мәліметтер

Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік орга­ны болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.

Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына не "банктердің банкі", "соңғы сатыдағы несие беруші" ролін аткарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты панда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру жэне елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады

Әлемдік тәжірибе көрсегкендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді7

Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді.

Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-кол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондыктан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердік операцияларын басқару арқылы реттейді.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Ресяубликасының Ортаяық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы денгейі болып табылады.

Жоғарыда айтылғандай, КСРО-ның мемлекеттік банкінің Республикалық кеңсесі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып қайта құрылған. Ол жай клиенттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктен орталық эмиссиялық банкке өзгертілді және "банктердің банкі" болды.

Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлтгық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.



Ұлттық банк - ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне - банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.

Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд. тенге көлемін дё мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.

Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі кұқықтық формалары бар:

- оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің қаражаты есебінен болатын унитарлық банк;

- акцияларының бөлігі мемлекетке тиеселі (немесе мемлекеттің қатысуынсыз) акционерлік қоғам;

- бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен неме­се қатысуынсыз);

Орталық банкінің қызметін бірігіп аткаратын тәуелсіз банктер жүйесі.

АҚШ-та орталық банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың капиталы Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл төлемдерінен тұрады.

Негізі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет - жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор ғимараттардан, кұрылғылардан, көлік және баска да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты - банкіге тиеселі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар кұрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.

Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға: активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың құндарының бір бөлігі жатады.

Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.

Қазақстан Республнкасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар, Казақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:

- Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүние жүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру; - ақша-несие және банк жүйесінің тұрактылығын қамтамасыз етуге көмектесу;


- банктік және басқа несиелік мекемелердің реттейтін ережелерді жасау және олардын орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берулердің, салымшылардың мүдделерін қорғау.

Ұлттык банкі жұмысынық негізгі бағыттары:

- елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын
басқару;

- өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді


инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

- халық шаруашылығындағы неснелік, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкциялық нормативгік актілерді шығару (барлық банктерге міндетті), есеп жүргізу және банктердін есеп беруін ұйымдастыру;

- банк ісін лицензиялау, акша несиелік реттеудің әдістерінің формаларын талдау;

- банк ісін бакьілау және қадағалау;

- елдің банк жуйесінің тәуелсіз балансын жасау;

- ғылыми-зертгеу және аналитшсалық жұмыстар жүргізу;

- валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және іэртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жургізу және т.б.

Ұлттық банктің несиелік ресурстары мыналардың есебінен құралады

- Меншік қаражаттары,

- басқа банктермен тартылған жэне келісім-шарт негі-зінде Ұлттық банкіге орналастырылған ақшалай қаражаттар;

- Қазақстан Реепубликасынан тыс жерлерден тартылған қаражаттар;

- мемлекеттік арнайы қорлардан және бюджеттің уақыт-ша бое каражаттарынан.


Қазақстан Республикасының Ұлттық банк операциялары

Реферат

9 апта 4 балл



Тапсырма алған студенттің аты жөні

Тақырып атаулары

Орындалу мерзімі

Жұмыстың бағалануы

1




Қазақстан Республикасының Ұлттық банк операциялары







2




Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі







3




Банк қызметіндегі тәуекелділік







4




Ұлттық банк – үкіметтің бас банкирі







5




Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің негізгі міндеттері







6




Бағалы қағаздар эмиссиясының тәртібі







7




Дүниежүзілік валюта жүйесі







8




Есеп айырысу формалары мен құралдары







9




Бағалы қағаздар нарығы







10




Коммерциялық банктердің актив және пассив операциялары









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет