2. ХХ ғасырдың ұлы ақыны “Доктор Живаго” романының авторы Борис Пастернак болған. Елімізде ол өзінің еңбегін шығаруға мүмкіндігі болмады. Сондықтанда оның романы шетелде жарық көрді. Хрущевтің ызаланғаны Пастернак шетелде 1958 жылы Нобель премиясын алғанан кейін басталды. Хрущевтің ашуына тимей үшін және елде қалу үшін Пастернак тіптен Нобель премиясынан бас тартты. Бірақ Хрущевтің айтуымен көптеген жазушылар одан теріс қарады. Нәтижесінде 1960 жылы Пастернак қайтыс болды. Кеңес Одағында “Доктор Живаго” романы тек 80-ж.ж. екінші жарт. басылды.
Тура солай Хрущев жас ақындар, мүсінші және суретшілерге де қысым көрсеткен. Бірқатар мәжіліс жиналыстарда ол белсенді түрде оларды сынға алған. Әсіресе ақындарды. Сталинге қарсы шыққан Хрущев әдебиет, сурет т.б. өнер салаларында сталинизм көзқарасында болды.
-
Қоғамның рухани өмірінде 50-60 ж.ж. коммунизмді құрудағы үгіт-насихат идеялары болған. 1961 жылы КОКП ХХІІ съезінде Хрущев болашақ коммунизмді өмір сүреді және де оған бары жоқ 20 жыл қалды деп мәлімдеді. Көпшілік адамдар сол кездің өзінде бұл сөзге аз сенді. Уақыт өте кеңес адамдары Хрущевтің жаңа қиялы бойынша өмір сүргенін түсінді. Коммунизм туралы көптеген сың әңгімелер көбейе бастады. Сондықтан да Хрущев кезінде де адамдарды құдалау жалғасқан. Бірақ бұл кезде Сталин кезіндей адамдарға ату жазасы қолданбай жай ғана жұмыстан, партия қатарынан т.б. жолмен жазалаған. Бұл дегеніміз әлі де болса әкімшілік-командалық жүйе басқа идеяларды таратпаған және де бақылаған.
12- апта. 3 балл.
Реферат тақырыптары:
-
КОКП ХХІІ съезі.
-
Экономикалық реформа, “тоқырау” себептері.
-
1970-1980 ж.ж. экономиканың дамуы.
-
1970-1980 ж.ж. ішкі саяси жағдайы. “Ұлттық мәселе”.
-
1970-1980 ж.ж. КСРО.
-
КСРО және социализм елдері.
-
КСРО-ның сыртқы саясаты.
-
1970-1980 ж.ж. КСРО-ның мәдениеті.
-
Сыртқы саясатының ерекшеліктері.
-
Бейбітшілік бағдарламасы және оның күйреуі.
-
Тоқырау кезіндегі қырғиқабақ соғысы.
-
Экологиялық проблемалар.
-
Солженицын және Сахаров
-
Диссиденттік қозғалыстың басқа өкілдері.
13- апта.
“Жылулықтан” тоқырауға. Әкімшілік-командалық жүйедегі елдің экономикасы.
Жоспар:
-
1964 жылы қазандағы “сарай” төңкерісі және оның нәтижелері.
-
Л.И.Брежневтің биліктің басына келуі .
-
Ауыл шаруашылығы.
-
Косыгин реформасы.
1. 60 жылдардың басында Хрущевтің жүргізген саясаты көпшілік адамдардың наразылығын тудыра бастады. Оның реформаторлық қызметі дағдарыс ұшында тұрды. Елдің экономикалық жағдайы әсіресе ауыл шаруашылығы халықтың өмір деңгейін едәуір түсірді. Қарапайым халық қажет астыққа бағаның өсуіне қарсы шықты. Мысалы, Новочеркасск қаласында 1962 жылы бас көтерген жұмысшылар әскермен атқыланды. Шығармашылық интеллигенция Хрущевті ақындар, жазушылар, суретшілер т.б. қысым көрсеткенін кешірмеді. Генералитет пен офицер корпусы армияның қықсарылуына наразылығын білдірді. Бірақ Хрущев үшін ең басты қауіп ол мемлекеттік-партиялық аппараттың мүшелерінен туындаған.
Хрушевқа қастандық ұйымдастырғандардың арасында өзіне жақын адамдары Л.И.Брежнев, И.Г.Игнатов, Н.В. Подгорный, А.Н. Шелепин т.б. болды. олардың басты мақсаты халық арасындағы наразылық жарылысына жеткізбеу және де дағдарыстан шығу жолын табу болды. Қастандық ұйымдастырушылар мақсатын іске асыруды құпия түрде сақтағанымен Хрущевтің ең жақын досы Анастас Иванович Микоянға олардың іс-әрекеті белгілі болды. Бірақ Хрущев та Микоян да қастандықты тоқтата алмады. Ал қастандықшылар өздерінің қатарын жоғарғы қызметтегі адамдармен толтыра берді. КГБ және әскер толығымен оппозицияның қолында болды.
1964 жылы күзде Хрущев Қара теңіздегі Пицундаға демалысқа кеткен. Аяқ астынан ол маңызды іс-шарамен Мәскеуге КОКП ОК Президиумының мәжілісіне шақырылды. Хрущев аэродромға түскенде оған қарсы қастандық ұйымдасқанын түсінді. Оны Политбюроға қатысы жоқ үш адам күтіп алды. Аэродромнан Хрущевті еш жерге қайырылмай тіке Кремльге Президиум мәжілісіне жеткізді. Жоғарғы басшылық Хрущевті ауыл шаруашылықты құлатқаны үшін, шетелге бидайды сатқаны үшін кінә тақты, елді нашар жағдайға жеткізген совнархоздардың құрған үшін, шетел елбасшыларына және саяси белсенді қызметшілерге қымбат заттар мен сыйлықтар жібергенін үшін, жеке билік жүргізді және елді авторитарлық режимге түсірді деп кінәлады (1964 жылдың өзіндей-ақ газеттер бір мыңнан аса Хрущевтің суретін енгізген).
Хрущевтің биліктен кетуі ешқандай күрессіз өтті, сөйтіп осы мәселені толық бекіту үшін бұл іс КОКП ОК Пленумына берілді. Пленумда баяндамасымен қастандық ұйымдастырушыларының бірі М.А.Суслов шықты. Ол Президиум мен КОКП ОК секретариатының ойларына қосылып, Хрущевті барлық қызметтерден денсаулығына және жасына байланысты отставкіге кету тиістігін баяндады.
Қоғамда Хрущевтің биліктен кетуі жақсы қарсы алынды. Сонымен қатар төңкеріс материалдық жағынан да жақсы дайындалған болатын. Мәскеуде және тағы басқа қалаларда магазиндер астық ассортиментімен толтырылды, адама ең қажетті нан алуға кезектер жойылды. Осылайша Брежнев өзінің бірінші хатшылық жұмысын халықтың ырзашылығымен бастады.
Қазан Пленумында Брежнев КОКП ОК бірінші хатшы қызметіне тағайындалды. Министрлер кеңесінің председателі қызметіне А.Н.Косыгин отырды.
Кейінрек А.И.Микоянда пенсияға кетті ал оның КСРО Президиумның Жоғары Кеңесінің председателі қызметіне Н.В. Подгорный тағайындалды.
2. Л.И.Брежнев көпшілік жұртқа бұрыннан аңсап келген басшы болып табылды. Ол марксистік теория мәселелерінде, халықаралық істерде осалдығын көрсеткенімен мықты ұйымдастырушы болған. Ол мінезі және іс-әрекеттері жағынан толығымен Хрущевтің қара-қарсысы болған. Брежнев тек жоғары қызметтегі адамдарды қадағалап өзгеше саясатын жүргізуге ұмтылды. Елдің мәдениетіне мүмкіндігінше араласпаған.
Өзінің 18 жылдық билік етуінде Брежнев халық аузында мықты саясаткер, ақылы үшкір, мейрім-шапағатты тұлға болып қалды.
Ең алдымен Брежнев партиядағы және мемлекеттегі барлық жауапты қызметте өзіне сенімді тәжірибелі адамдарын қойған. Әсіресе Брежнев үшін сонымен бірге Украина, Молдавия т.б. жерлерде бірге жұмыс істеген адамдар қымбат еді. Мысалы, Соломенцев М.С. Ресей Федерациясының Министрлер Кеңесінің председателі, Косыгинді ауыстырған Н.А.Тихонов КСРО Министрлер Кеңесінің председателі, КОКП ОК жалпы бөлімінің басшысы К.У.Черненко және Н.А. Щелоков Ішкі Істер министрі қызметіне тағайындалған.
Брежневтің кейбір ұсыныстарына немесе шешімдеріне келіспеген басшыларды Брежнев баяу түрде қызметтен босатып отставкіге жіберген. Олардың қатарында Г.И. Воронов, П.Е.Шелест, К.Т.Мазуров т.б. Өзіне сенімді адамдарын Брежнев Қорғаныс министрі, КГБ сияқты маңызды қызметтерге тағайындаған. Қорғаныс Министр қызметіне Брежнев бірге соғысты көрген маршал А.А.Гречко, ол өлген соң зымыран-ғарыш техниканы құрудағы бақылаушы қызметін атқарған Д.Ф.Устинов болды. КГБ қызметін 1967-1982 жыл аралығында яғни Брежневті ауыстырғанша Ю.В.Андропов атқарды.
Брежнев басшылығының бірінші ерекшелігі оның өзіне сенімді адамдарды теру принципі яғни жеке командасын жинауында болды. Екінші ерекшілігі Брежнев өзінің адамдарын өлелгенше қасында ұстаған яғни олар қызметтен тіке молаға барған. Үшінші ерекшелігі Брежнев өз қолында барлық қызметтегі адамдарды өзіне бағындырмақшы болды. сондықтан ол 70-ші жылдар КОКП ОК бірінші хатшы атауын бас хатшы атына ауыстырды. Тек осы іс-шаралармен шектелмей Брежнев алдымен Қорғаныс Кеңесінің председателі болып, елдің әскери-өнеркәсіп комплексін бақылады, ал кейін Подгорныйды КСРО Президиумның Жоғарғы Кеңесі председателі қызметінен босатып сол постқа өзі тұрды.
Қызметіне байланыс жоқ тағы бір ерекшілігі Брежнев әртүрді наградаларды ұнатқан. 18 жыл ішінде ол 200-ден астам кеңес және шетел наградаларын алған. Төрт рет Кеңес Одағының батыры болып, даңқы шыққан маршал Жуковпен теңескен, ал шын мәнінде Брежнев бүкіл соғысты полковник званиясында өтті.
Осындай жағдайда жоғарғы қызметтегі адамдар арасында парақорлық, қазына тонаушылық және коррупция өріс алды. Мысалы, мақтаның ақшасын миллиондап тонаған өзбек басшысы Ш.Р.Рашидов, ішкі істер министрі қызметіндегі Брежневтің күйеу баласы Ю.Чурбанов жай комсомол жұмысшысынан генерал-полковник званиесіне көтерілінген.
3. Хрущев биліктен кеткен соң партия мен өкімет халыққа 60-шы жылдары жасалған қателіктерді жойып экономиканы дұрыс жолға түсіруге уәде берді.
Басшылық ең алдымен ауыл шаруашылығы мәселесіне кірісті. 60-шы жылдардың ортасында ауыл шаруашылығын көтеруде бірқатар жоспарлар жасалды. Соларды іске асыруда аграрлық секторға едәуір мемлекеттік қаржы бөлінді. Ауыл шаруашылық өнімге бағалар өсе бастады. Ауылдарға техника және химиялық тыңайтқыштар көптеп әкеліне бастады. Ауыл шаруашылық өнімдерді дайындауда бесжылдық жоспар даярланды. Жоспардан асырылған өнім қалада 50%-ға жоғары бағаланған. Колхоздарда еңбекті бағалауда тұрақты гарантия пайда болды. баяу колхозниктер арасында зейнеткерлік қамтамасыз таралды. Бірақ әлі де олардың пенсиясы қаладағы жұмысшылар мен қызметкерлерден төмен болатын.
Осындай іс-шаралар алғашқы кезде жақсы нәтиже берді. Әсіресе ауыл шаруашылығы 60-шы жылдардың екінші жартысынан тез қарқынымен дамыды. Бірақ 70-ші жылдары ауыл шаруашылығы бірқатар қиыншылықтар кездесіп дамуын тоқтатты. Ал 80-ші жылдардың басында мүлдем дағдарыс жағдайында болды. Сондықтан да 1982 жылы Өнім бағдарламасының қабылдануы кездейсоқ болмады. Халыққа қажет басты өнімдер бидай, ет т.б. көптеп үнемі шетелден сатып алынған. Дақылдар мен басқа өнімдерді жинау уақытысында жүз мындығын қала тұрғындары, жұмысшылар, студенттер, оқушылар және интеллигенция егіс далаларында мен өнім базаларында жұмыс атқарған. Ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі жыл сайын ұлғайып тракторлар трактористерден асқан, ал колхоз председательдері мен совхоз директорлері алақан жайып жүрді.
Осылайша ауыл шаруашылығына кеткен миллиард сомдар ауаға кеткен. Кеңес Одағы территориясында құнарлы қара жердің дүниежүзінің 40%-ы бола тұра өзін-өзі асыра алмады.
Оған бірнеше себептер бар: біріншіден, Кеңес Одағында ауыл шаруашылығының ақсандауы 30-шы жылдары Сталиннің ұжымдастыру саясатымен байланысты. Сол кезден бастап ауыл тұрғыны өзінің орнын білмеген, жерге деген қызығушылығы болмаған. Екіншіден, колхоздар мен совхоздар әкімшілік-командалық жүйенің құқықсыз ұйымдары болды. ауыл шаруашылыққа байланысты мәселелер ауыл комитеттерінде емес қалаларда шешілген. Көп жағдайларда жоспарды жасаушы реформаторлардың өздері мүлдем ауылдарға бармаған және жағдайымен таныспаған. Үшіншіден, қала өмірі мен ауыл жағдайы арасында едәуір айырмашылықтар болған: қалада жұмысшылар мен қызметкерлер күнделікті жұмыс күнін атқарған, ал ауылдарда көп жағдайда азаннан азанға дейін; қалада коммуналдық жетістіктер (жылы су, свет, отопление т.б.), ауылда ешкандай жеңілдіктер болмады; қалада дамыған мектептер мен дәрігерлік қамсыздандыру, ауылда болса алғашқы сыныптық мектептер мен фельдшер қызметі. Сондықтан да ауыл адамдары қалаға қарай ұмтылған әсіресе жастар. 1967-1985 жылдар аралығында жылда ауылдан қалаға орташа шамамен 700 мың адам көшкен яғни жылда жаңа ірі қала құрылған.
Көптеген ауылдар әсіресе Ресейдің орталығында толығымен жойылған. Кейбіреулерінде тек шалдар мен кемпірлер қалған. осылайша 80-ші жылдардың басында елдегі ауыл шаруашылығы терең дағдарысқа ұшырады.
4. 60-шы жылдардың ортасында КСРО Кеңес министрлерінің председателі А.Н.Косыгин басшылығымен шаруашылық реформа жасалынды. Косыгиннің өзі мамандығы бойынша инженер-текстильщик болған. Сталиннің тұсында ол фабрикадағы мастердан Ресей Федерациясының совнарком председателі қызметіне көтерілініп, қысқа уақытта карьерасын түзеткен.мол тәжірибесі бола тұра ол экономиканың дамуына өзінің көзқарасы болды.
Оның тұсында совнархоздар қысқарылып олардың орнына министерствалар құрыла бастады, яғни қайтадан бұрынғысынша территориялық басшылықтан салалық принципке өтті.
Сонымен қатар жоспарлау жүйесі де өзгерді. Егер де бұрын фабрика мен заводтар жылына шығарылған заттардың жалпы санымен тексерілген болса, енді олар тек реализация болған заттардың санымен тексерілінген. Яғни қандай болмасын завод немесе комбинат артық өндіріс жасамауға тиіс еді («Лучше меньше, да лучше»). Және де осы реформа халыққа қажет заттардың санын емес сапасын дұрысталатынына көпшілік сенді.
13- апта. 2 балл
Глоссарий
Диссиденттік қозғалыс
Әкімшілік командалық жүйе
Тоталитаризм
Кариб дағдарысы
«Тоқырау заманы»
КГБ
А.Д.Сахаров
А.И.Солженицин
Л.И.Брежнев
Ю.В.Андропов
А.А.Громыко
«Прага көктемі»
ОСВ-1
Антисемитизм
Жоғарғы Кеңес
Милитаризм
Баллистикалық зымырандар
Нейтрондық қару
14- апта.
60-шы жылдардың соңы мен 80-шы жылдардың басында жалпы өмірі. Мәдени процесстер. Идеология.
Жоспары:
-
Экологиялық проблемалар.
-
Солженицын және Сахаров.
-
Диссиденттік қозғалыстың басқа өкілдері.
1. 60-80 жылдары тоқырау заманы боғанымен адамдар өмір сүруді тоқтатпады. Қала халқының саны тез қарқынмен өскен. Үлкен қалаға көшіп келгендерді (“лимитчик”) жергілікті адамдар жақтырмаған. Себебі бұрынғысынша үй мәселесі өте ауыр болды. көшіп келгендердің көпшілігі ауыр жұмыстарға мысалы: құрылыс, көлік, зиян өндіріс жұмыстарын атқарған.
Үлкен қалаларда ең басты проблема ол экологиялық мәселе болған. Ресейдің 37 қаласы халқы үшін өте қауіпті болған. Ішетін су нашарлаған, атмосфера зиян қалдықтармен былғанған, жер улы химикаттармен кірлеген.
Аурулардың саны жыл сайын өсіп, дәрігерлік қамтымасыздануды көптеп керек етті. Ал осы жылдары денсаулық қорғау институттарының материалдық-техникалық базасы қатты ескерген. Адамның өмір сүрудің орта шамасы қатты төмендеді ал 1985 жылы мүлдем 1958 жылдан қалған. 80-ші жылдардың басында Кеңес Одағы өмір сүру деңгейі бойынша дүниежүзінде 35 орында тұрды. Білімнің жағдайы да өте ауыр жағдайда болды. Жаңа ғимараттар салынғанымен мектептердің барлығы оқушыларға толған. Кейбір пәндер бойынша мұғалімдер жетіспеген. Оған себеп мұғалімдік кәсіптің дұрыс бағаланбауы болды.
Жалпылай орта білімнің енгізілуі де айтарлықтай нәтижелер бермеді. Әсіресе компьютерлік білім саласында мектептер едәуір артта қалған. бұған себеп өндірмейтін бюджетке айтарлықтай қаржылар түспеген. Мұғалім, дәрігер т.б. саладағы қызметшілерге мемлекеттік бюджеттен тек қалдықтары берілген. Елдің әлеуметтік-қоғамдық өмірі тікелей рухани өмірмен байланысты болды. Ел ішіндегі рухани өмірде екі бағыт қалыптасты: ресми идеология және теріс ойлау. Ресми идеология ол Кеңес Одағы қоғамында мықты дамыған социализм қоғамы бар екенін түсіндіретін өкілдер, ал теріс ойлаушылар (диссиденттер - келіспейтіндер) бұл қоғамның жаман жағын ашушылар.
70-ші жылдардың соңы мен 80-ші жылдардың басында ресми идеология Брежневтің шығармалаларын көтерді: “Қайта өрлеу”, “Тың игеру”, “Кіші жер”. Газеттер, радио және телевидение осы еңбектер туралы қайта-қайта хабарлаған. Шын мәнінде бұл еңбектерді Брежнев жазбаған, бірақ осы еңбектер үшін ол әдебиет саласында Кеңес жазушының жоғарғы белгісі ретінде Ленин премиясын алған.
Әрине кеңес оқырмандар үшін тек Брежнев шығармалалары аз болған. Сол кездегі көзге түскен әдебиетшілерінің ішінде Виктор Астафьев, Чингиз Айтматов, Юрий Бондарев, Валентин Распутин, Юрий Трифонов т.б. айтса болады. Олар өздерінің еңбектерінде КСРО адамдарының жалпы өмірі туралы мейрімділік, махаббат, зұлымдық туралы қала мен ауылдың байланыстарын суреттеген. Осы жазушылардың барлығын біріктірген және де бір ортаға алған “Новый мир” журналы болатын. Оның басты редакторы Твардовский әрбір жақсы шығарманы баспадан шығару үшін партиялық шенеуніктермен күрескен. Нәтижесінде осындай тең емес күрес Твардовскийді қызметтен кетуге мәжбүрледі. Сәл кейіндеу ол қайтыс болды.
2. Жазушылардың арасында ең көрнекті фигура ол А.И.Солженицын болған. Осы кезде ол “В круге первом”, “Раковый корпус” шығармалаларын жазған. Пастернак секілді ол өзінің еңбектерін шетелде басып шығарды. Шетелде ол тоталитарлық режимге қарсы ашқы күресті. Батыста ол дүниежүзіне мәлім болған “Архипелаг ГУЛАГ” үлкен кітабын шығарды. Оның позициясында “Жалған өмірде өмір сүруге болмайды” ол дүниежүзіне белгісіз тоталитарлық жүйемен таныстырды. Солженицын әдебиет саласында Нобель премиясының иегері болды. Қазіргі таңда Солженицын еліне оралып еңбектері өзімізде жариялануда.
Диссиденттер тек тоталитарлық жүйемен күреспей сонымен қатар осы жүйені қолдайтын рухани адамадарымен де яғни ресми идеологтармен күрес жүргізген.
Солженицынмен қатар диссиденттік қозғалыстың лидері академик А.Д.Сахаров болған. 60-шы жылдардың ортасынан бастап ол саяси тұтқындарды босату үшін, кеңес азаматтарын отанға эмиграциялау үшін, дауыс құқығына және қоғамды демократизациялау үшін күрескен. 1971 жылы ол Брежнев атына хат жіберді.(құжат)
Диссиденттердің қозғалысы тек кітапта емес сонымен қатар көтеріліс ретінде де болып тұрған. Мысалы 5 желтоқсан 1965 жылы Пушкин алаңында тұңғыш құқық қорғау демонстрациясы өтті. Шыққандардың арасында лидерлер ретінде Сахаров, Галансков, Гинзбург, Буковский, Амальрик, Богораз, Горбаневская, Есенин-Вольпин т.б. болды. Құқық қорғау демонстрациялар тек Мәскеу мен Ленинградта емес сонымен қатар Украина, Армения, Грузия Прибалтика қалаларында болған.
Диссиденттердің барлығы заңмен қудаланған. Көпшілігі түрме, лагерь, психбольницаларға қамалған (КГБ қадағалаған ерекше больницалар), қысым ықпалымен шетелге жіберілген.
3. Мысалы, генерал Григоренко акедемияда сабақ берген. Алғашқы кезде ол Сталин кейін Брежневтің іс-әрекеттерін растаған. Бірақ кейінгі уақытта ол әділет жолға түсті. Ол қырым татарларын еліне оралуға құқық үшін күреске шықты.
осы іс үшін Григоренко армиядан, партиядан шығарылды. Оның үйін КГБ агенттері тіміскілеп тұтқынға алып, күштеп психбольницаға қамалған. Бірақ ол барлық сындардан өтті. Нәтижесінде басшылар оны шетелге қудалады. Оның соңғы күндері АҚШ-та өтті.
Жастардың кумирі әнші әрі актер В.Высоцкийде диссиденттік козғалысқа қатысы болған. Ал 60-70 жылдары кинорежиссер Андрей Тарковскийдің таланты гүлденді. Оның кинолары: “Андрей Рублев”, “Солярис”, “Сталкер” халықаралық премияларға ие болған. Бірақ ел ішінде оның талантын кеңес шенеуніктерінің кесірінен бағаламады. Ол шетелге құылып қайтыс болды.
Тағы бір диссиденттердің бірі таланты мол Иосиф Бродский болған. Ол шетел өлеңдері мен әдебиет шығармалаларын аударған. Оның таланттық ісін партияшылдар заңсыз деп тауып елдің алыс Солтүстігіне ал кейін шетелге қудалады. Иосиф Бродский шетелде Нобель сыйлығына ие болды. 13 қаңтар 1996 жылы 56 жасында ол АҚШ-та қайтыс болды. Осылайша кеңес қоғамының өмірі күрделі және қарама-қарсы болды. Тоталитаризмді сақтап қалу үшін басшылар елдің мықты рухани және саяси өкілдерінен айырылды.
14- апта. 3 балл
Коллоквиум.
1.80-ші жылдардың ортасындағы кеңес социализмі.
2.М.С.Горбачевтің билікке келуі.
3.М.С.Горбачевтің билік жылдарындағы КСРОның сыртқы саяси жағдайы.
4. М.С.Горбачев және қайта құруға бағытталу.
5.Жариялылық. Азаматты қоғамның дамуы.
6.Экономикалық реформалар.
7.Қайта құру кезіндегі сыртқы саясат.
8.М.С.Горбачевтің билік жылдарындағы КСРОның әлеуметтік экономикалық жағдайы.
9.Қайта құру және «ұлттық мәселе.
10.Қоғамдық күштердің жікке бөлінуі.Саяси партиялар және қозғалыстар.
11.1991 ж тамыздағы мемлекеттік төңкеріс. КСРО-ң ыдырауы.
12.Егеменді Ресейдің даму ерекшеліктері. Б.Н.Ельцин.
13.Радикалды экономикалық реформа. Е.Гайдар. Нарықтық реформалар.
14.Елдегі саяси жағдай. Ресейдегі ұлтаралық қатынастар.
15.Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Ресей. (1992 – 2007 ж.ж.)
15- апта.
Ю.В.Андроповтың жүргізген саясаты.
Жоспары:
-
Ю.В.Андроповтың билікке келуі.
-
Өзгерістердің қажеттілігі.
-
Ел ішінде тәртіптің орнауы.
-
Сыртқы саясат.
-
К.У.Черненко.
1. 10 қараша 1982 жылы 76 жасында Л.И.Брежнев қайтыс болып, оның 18 жылдық билік жасаған кезеңі аяқталды. Халық генсектің және КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумның төрағасының қайтыс болғанына айтарлықтай қайғырмады. Халықты Брежневті кім ауыстырады деген мәселе қатты толғандырғаны. Бас хатшыға тағайындау мәселесі 10 қарашада шешілді. ОК КОКП политбюро мәжілісінде бұл қызметті 68 жасар Юрий Владимирович Андропов орындайтын болды.
Ю.В.Андропов бұл қызметті өте ұзақ армандаған. Оның қызметтік өмірінің тізімінде Карелиядағы Ұлы Отан соғысы кезінде комсомолдық жұмыстары, Будапештте халық көтерілістері жылдарында елші қызметі және социалистік елдермен өзара қарым-қатынастар жүргізудегі ОК КОКП-ның жауапты хатшысы міндеттері болған. Бірақ Андроповтың карьерасын едәуір жоғары көтерген және ұзағына созылған ол (1967-1982 жылдары) Мемлекеттік Қорғаныс Министрлігі қызметі болды. МҚМ қызметін орындай отырып, елдегі жағдайды яғни Брежневтің жүргізген саясаты КСРО-ны дағдарысқа әкелетінін тек Андропов жақсы түсінген. Осындай істерді жасай отырып, Андропов бас хатшылықты орындауға дайын тұрды.
Андропов Брежнев пен оның алдында Хрущевтің жіберген қателерін түзетуге ел ішінде өзгерістер жүргізбекші болды.
Андропов басқа бас хатшыларға қарағанда әдебиет, өнер, джаз музыкасымен қызыққан, өлең жазған бірақ оны еш жерге бастырмаған. Андропов өте көп оқийтын. Сондықтан да политбюрода басқа саясаткерлерге қарағанда интеллектімен көзге түскен. Андропов Брежневтің орнына келе отыра дәстүр бойынша КСРО-ның Президиумның Жоғарғы Кеңес төраға қызметіне сайланып Кеңес мемлекетінің ресми басқарушысы болды.
2. Андропов өзінің хатшылық жұмысын политбюро мүшелеріне қызметтерін бөліп беруімен басталды. Өзіне ол политбюро ұйымдастыру жұмыстарын, елдің қорғанысын, ішкі және сыртқы саясатттың кейбір мәселелерін, сыртқы сауданы, басқарушы кадрлерді қызметтерге тағайындау жұмыстарын орындауға алды.
Ел ішінде тез арада реформа жүргізу қажет болды. Бірақ бұл реформаның ешқандай жоспары немесе жүргізу жүйесі болмаған. Андроповтың түсінгені ол Брежневтің кезіндегі тоқырауды жоюды мақсат көрді. Сондықтан да өзгерістерді Анлропов алдыменен экономикалық, әлеуметтік және ұлттық салаларында жүргізуге тиісті болды. Бірақ бары жоқ 15 ай уақыт Андропов үшін өте аз болды.
3. Андроповтың жалғыз үлгірген бір ісі ғана болды. Ол ел ішінде тәртіпті орнатудағы іс-шаралар: парақорлық, коррупция т.б.
Бұл іс-шаралар өзгеше іске асып отырды. Күндіз жұмыс уақытысында қандай болмасын ғимаратта: кинотеатр, магазин, шаштаразы, монша т.б. қызмет адамдары, жұмысшылар, мұғалімдер мен оқытушылар, дәрігерлер т.б. жүруге рұқсат бермеген.
Завод пен фабрикаларда жұмысшыларды жұмыстан уақытылы кеткенін қатаң тексеріп отырған. Еріншек, ішкіштерге қарсы ұжым ерекше іс-шаралар жүргізген.
Бұдан басқа бірқатар ірі коррупциялық тірліктер қарастырылған. Жұмыстан ал кейіннен ОК КОКП құрамынан Краснодар крайкомының бірінші хатшысын Медунов пен Ішкі істер министрі Щелоковты шығарып, сот ісі жүрген. Бірнеше қызмет адамдары үлкен сома ақша ұрлағаны үшін ату жазасына кесілген. Тек Андропов қайтыс болғаннан кейін жоғарғы қызмет орындаушыларды құдалау тоқтатылды.
4. Андроповтың бары-жоқ 15 ай билік жүргізген кезінде КСРО-ның сыртқы саясаты бұрынғысынша АҚШ-қа қарсы бағытталған болатын. Әсіресе бұл қарсылық 1 қыркүйек 1983 жылы күшейді. Оның себебі Оңтүстік Сахалиннің теңіз жағалауында кеңес истребителі оңтүстіккореялық «Боинг-747њ ұшағын атып түсірді. Ұшақтың 269 жолаушыларының барлығы қаза тапты. Ұшақ ұзақ уақыт КСРО-ның маңызды қорғаныс объектілері бар кеңістігінде ұшып күмін келтірді.
Алғашқы кезде Кеңес мемлекеті авиалайнерді жойғанын жасырмақшы болды. Тек 7 қыркүйекте бұл оқиға дүниежүзілік ақпаратқа ресми айтылды. Батыста Кеңес Одағына «зұлымдық империясыњ деген лақап ат қойды.
Дәл осы кезде Европаға кеңес және американ ортарадиустық зымырандар әкелінді. Американ зымырандары КСРО-ның европалық бөлігінің таңдаған жеріне бары-жоқ 5-1 минутте жете білген.
Андропов Батыс Европа мемлекеттерін АҚШ-тың іс-әрекетіне қарсылық білдіруін талап етті. Өзі жағынан КСРО зымырандарын ГДР және Чехословакияға енгізді. Мұндай жағдайда жаппай қарулану жаңадан жаңданды. КСРО бюджеттің едәуір бөлігін әскери-стратегиялық потенциалын күшейтуге жұмсады. Әр бір сомнан 70 тиынын КСРО қарулануға жұмсады.
Осылайша Андропов кезінде КСРО-ның сыртқы саясаты жаңа бағытпен жүрмей, керісінше Батыспен қарама-қарсылықты күшейтті.
5. 1983 жылы қыста Андропов Қырымдағы демалыс кезінде қатты суықтады. Оның бүйректері сыздап мүлдем жұмыс істеуден қалды. Енді ол тек «қолдан жасалған бүйрекњ аппаратымен өмір сүруге тиіс еді. Бірақ емханада жатқан Андропов әлі де болса елді басқарып отырды. 9 ақпан 1984 жылы ол қайтыс болды.
Андроповтың мирасқоры 72 жасар Константин Устинович Черненко бболды. Оның алдында адамдарды басқармай қағаздармен жұмыс істеген Черненко елді айтарлықтай басқара алмады. Генсек бола тұра ол елде өзгерістер жасауға мүлдем асықпады.
Астмамен ауырған Черненко көп уақыт емханада болған. Ол 1985 жылы 10 наурызда қайтыс болды. Оның жеке сейфін ашқан кезде ішінде толған ассигнация болатын.
КСРО генсектерді көмуден шаршап, өзгерістерді армандады.
Достарыңызбен бөлісу: |