Сабақ барысында беріллген ақпатарттарды белсенді қабылдау


- апта. КСРО ІІ-ші дүниежүзілік соғыстан кейін



бет9/13
Дата25.02.2016
өлшемі1.28 Mb.
#19599
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

11- апта.

КСРО ІІ-ші дүниежүзілік соғыстан кейін.

Жоспары:

  1. Демобилизация және репатриация.

  2. Ауыр өнеркәсіп.

  3. Атом бомбасы және зымырандар.

  4. Ауыл шаруашылығы.

  5. Соғыстан кейінгі адамдардың жалпы жағдайы.

  6. Ақша реформасы.


1. Соғыс біткен соң ел қайтадан бейбітшілік өмірге орала бастады. Көптеген эшелондар демобилизацияланған жауынгерлермен елге қайтты.

Соғыс тек миллиондаған адамдардың өмірін алып қоймай сонымен қатар мыңдаған қала, блин, ауыл, завод фабрика, колхоз бен совхоздарға мол зардабын тигізді.

Ең алдымен Кеңес Үкіметінің әскерін едәуір қысқарту қажет еді. Соғыстың соңында әскер 11 миллион адамды құрады. 1945-1946ж.ж. 8, 5 млн.-ы демобилизацияланды. Олардың барлығын жұмыспен және үймен қамтамасыз ету керек еді. Соғыстан кейін жұмыс табу жеңіл болды. Өйткені жұмыс күші өте қажет еді. Ал пәтер немесе жай пәтердің бөлмесін табуға қиынға соқты. Соғыс жылдарында 6 млн-нан астам кесенелер жойылды. Көп семьялы коммунал пәтерінен бөлмеге ие болған адам сол уақытта бақытты жан есептелінген. Көп адамдар соғыстан кейін барак, блин, подвал тіптен тепелерде өмір сүрді. Карточкалық жүйе әлі де жойылмады, адамға қажет заттар мен астықтар жетіспеген.

Демобилизациямен қатар немістерге тұтқынға түскен милиондаған адамдардың репатриация жүріп жатыр. Оларды елде басқаша қарсы алған. МГБ мен МВД оларды оларды толығымен тексеріп, блин, біразы ату жазасына немесе жер аударуға жіберілген. Осылайша мыңдаған кеңес тұтқындары фашистердің концлагерлерінен сталин-бериялық лагерлерге ауысты (ГУЛаг, КарЛаг, ЧСИР, АЛЖИР, ОсобЛаг).

Демобилизацияланған және репатриацияланғандардың елге оралуы экономиканың әскери саладан бейбітшілік өндіріске өтумен сәйкес келді. Бұл дегеніміз барлық завод, блин, фабрикалар жай адамдарға қажет заттар шығаруға тиіс болды. Мысалы, танк шығарушы заводтар трактор т.б. техниканы, қару-жарақ шығарушылар – станок, тұрмыс техника т.б. Осы себептен 1946 жылғы өнеркәсіп өндірісі төмендеді.

Дәл сол жылы еліміздің КСРО-ның еуропалық бөлігіндегі негізгі бидай аудандарында құрғақшылық өріс алды. Көп жерлерде гектардан бары жоқ 2-3 центнер бидай алған. Әсіресе тек осы салада жұмыс істеген Украинаның көп деревняларында ашаршылық басталды. Бірақ осмындай ауыр жағдайға қарамастан Сталин үкіметі 1946-1950 жылдарға арналған төртінші бесжылдықты жариялады.



2. Кеңес үкіметі негізгі назарын бұрынғысынша ауыр өнеркәсіпке аударған: металлургия, көмір, мәшіне жасау т.б. ауыр өнеркәсіпті қалыпна келтіру жұмыстары өте көп қаржы мен күш кетірді. Мысалы, су астында қалған Донбасс шахтасын, немесе Днепрогэс т.б. электрстанцияларын, машіне жасау заводтарын қалпына келтіруден жаңадан салған жеңілге түскен. Бірақ осындай қиындықтарға қарамастан 1948 жылдың өзіндей-ақ өнеркәсіп 1940 жылғы деңгейден асты. 1950 жылға ауыр индустрия бесжылдық жоспардан едәуір асты.

Сол кезде жұмыс жасауда жарыстар өтіп тұрған. Оның инициаторлары ленинград токарі Генрих Борткевич пен москва токарі Павел Быков болған. Өзддерінің станоктарында олар минутіне 70-8/0 метрден 1000-1500 м. металл кескен. Быков 1946-1950 жылдар аралығында 25 жылдық норманы орындаған, басқаша айтқанда жылына 5 жылдық тапсырманы орындаған, немесе бес адамның жұмысын атқарған. Сонымен қатар өндірісте кәсіпті бірктіру кең тарады. Бұл процесс мыңдаған адамдарды босатып оларды басқа салады жұмысын істеуге бағыттаған.



3. Көптеген қаржы Кеңес мемлекетінің қорғанысына жұмсалды. ІІ-ші дүниежүзілік соғыстан кейін жер шарында жаңа сұмдық қару ойлап табылды. Атом бомбасын бірінші болып американдықтар құрып сынады. КСРО-да көптеген инженерлер мен ядерлік физиктер атом қаруын ойлап табуға ат салысқан. Оның жетекшісі Курчатов еді. Ел ішінде жаңа ғылыми-зерттеу орталықтары, уран табуда жаңа шахта орындары, радиактитвік заттарды өндіруге жаңа комбинаттар құрылды. Құпия түрде сақталынған көптеген қалашықтарда салына бастады. Кеңес зерттеушілеріне неміс ғалымы К.Фукстің информациясы көп жәрдем берді. Ол сол кездерде американ атом бомбасын шығаруға ат салысып, біздің разведкаға жұмыс істеген. 1947 жылы ең алғашқы кеңес атом реакторы шығып, Кеңес үкіметі дүние жүзіне ашық түрде көрсетті. Ал ең алғашқы сынағы 1949 жылы тамызда Семейде болды. Сол жылы ең алғашқы баллистикалық ракетада сыналды. Оның құрылуында басты рольді С.П.Королев басқарған конструкторлар атқарды.

Қазіргі таңдағы саясаттанушылар мен тарихшылардың айтуынша атом бомбасының ойлап табылуы ІІІ-ші дүниежүзілік соғысты тоқтатты.



4. Соғыстан кейінгі жылдары ауыл жағдайы өте ауыр жағдайда болды. Ауылдарда ерлер саны едәуір азайды сондықтанда барлық ауыртпашылық әйелдердің басына түсті. Сталин үкіметі бұрынғысынша ауылдардан саны көп ауыл шаруашылық өнім алуға ұмтылған. Ал колхозниктар болса жылына бары жоқ 16-17 рубль айлық алған, жұмысшы айлығынан 4 есе аз. Колхозниктер колхоздарға қадалып, ел ішінде еркін жүруге, тұрақты жерін ауыстыруға тіптен паспорт алуға құқы болмаған.

Өздерінің жеке учаскі жерлерінен шаруалар елге етпен, сүтпен, жүнмен, картоппен, балмен, баубақша өнімімен салық төлеген. Бұрынғысынша МТС жұмысын атқарған. Шаруалар оның қызметіне бөлек салық төлеген. Көптеген колхоздар тоқсыз болған. 1953 жылдың өзіндей-ақ колхоздардың тек 15% ғана тоқты пайдаланған. Ауыл шаруашылық өндіріс адамдардың қызығушылығын оятпады, сондықтанда көп адамдар өз балдарын қалаларға жіберген. Оның үш жолы болды: біріншісі, әскериборышын орындаған соң жас колхозник шахата немес басқа ауыр жұмыс атқарып паспорт алып қалада қалған. Екіншісі, мектеп бітірген соң қолөнер училищесіне, одансоң техникумге немесе университетке түсіп қалада қалу. Ең соңғысы көбінесі қыздар пайдаланған ол қала тұрғынына тұрмысқа шығу. Сондықтан да қатаң тәртіпке қарамастан колхозниктердің саны жыл сайын азайя берді. Егерде 1947 жылы олардың саны 66 млн. болған болса, 1950ж. – 62 млн. қалды. Жалпы айтқанда төртінші бесжылдық ауылдар үшін нәтижесіз болды.



5. Соғыстан кейін жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек және демалыс ұымдастырылуы өзгере түсті. Сегізсағаттық жұмыс, апталық демалыстар, жылдық төленетін демалыс айлықтар қалпына келтірілді. Бірақ жұмысқа кешігу мен жауапкершіліксіз үшін қатаң заңдар қабылданды.

ГУЛАГ-тың мыңдаған тұтқындардың жағдайы өте ауыр еді. Азаннан кешкі дейін олар жағдайы өте ауыр Қазақстан,Сібір, Колыма т.б. территорияларда жұмыс атқарған. Бір түйір нан мен татымсыз сорпа үшін олар орма ағаштарын құлатты, алтын және кен өңдірген, канал және әскери объектілерді салған, ГЭС шұңқырларын қазіп темір жолдар салған. 1950 жылға таман түрме, лагерлер мен арнаулы қоныстарда шамамен 5,5 млн. адам болған.

Бостандықта да өмір сүрген адамдардың да жағдайы жеңіл емес еді. 1947 жылдың соңына дейін карточкалық жүйе сақталды. Сонымен қатар коммерциялық дүкендер мен ресторандарда болған. Бірақ қарапайым жұмысшы немесе қызметкер үшін бұл жағдайлар қалтасына сай болмады. Сондықтан көптеген фронтовиктер соғыстан кейінгі жылдарда да өздерінің әскери киімдерін тоздырған. әйелдер болса ескі киімдерді жаңартуға тырысты, көп балалы үйлерде киім-кешектер үлкеннен кішкентайға өткен. Бірақ халық арасында еш нәрсеге қиналмағандар да болды, олар: жоғарғы партиялық өкілдер, шаруашылық басшылар және олардың жанұялары. Олар тек айлық емес сонымен қатар арнайы астыққа өмір сүрді. Олардың өкімет мәшінелері, дачалары болған. Олар ерекше ауруханалар мен санаторилерде емделген. Демалыс үйлерде демалған.

6. 1947 жылы желтоқсанда ақша реформасы іске асты. Ол қатаң құпияда сақталып келіп көп адамдар үшін қатты соққы болды. Санай процессінде ескі 1 рубль жаңа бір рубльмен ауысқан. Банкте 3 мың рубльге дейін сақталған ақшалар да дәл осылай ауысқан. Ал 3-10 мың арасындағы сомада 3/1 бөлігі алынды. Ал 10 мыңнан асқан сомалардан 3/2 бөлігі алынды. Ақшаларын үйде сақтаған адамдар 10 ескі рубльді 1 жаңа рубльге ауыстырды. Ақша реформасы карточкалық жүйенің жойылуымен қатар болды. Енді магазиндерден керек нәрсені алуға мүмкіндіктер болды. Бірақ осы кезде айлық сол қалпында қала берді, ал заттардың бағасы жылдан жылға өскен. 1948 жылдары жұмысшының айлығы 640 рубль болған. Нанның кг – 4 рубль, еттің – 28-32, сары майдың 100 гр. - 6, бір жұмыртқа - 1,5, костюм – 1500 рубль тұрған.

11 – апта. 3 балл

Реферат тақырыптары.

1.Сталиннің юбилейі.

2.“Ленинград ісі”.

3.“Дәрігерлердің ісі”.

4.А.Ахматова және М.Зощенко. «Звезда журналындағы мақала.

5. Сталиннің өлімі.

6.Сталинизм

7.Жеке тұлға культі

8.Қырғиқабақ соғысы

9.Маршалл жоспары

10.Трумен доктринасы

12- апта.

Жылулықтың” алғашқы жылдары


Жоспары:


  1. Сталиннің “мұрагерлері”.

  2. Берияның тұтқындалуы.

  3. Хрущевтің ерлік ісі.

  4. Хрущевті орнынан босатудағы әрекет.

  5. Ауыл мәселесі.

6. Қателіктер.

7. Өнеркәсіп.
Мәтіні:

1. Сталин өлгеннен кейін алдынғы саяси жоспарды іске асыруда оның жақындастары Маленков, Берия, Молотов және Хрущев шықты. Маленков Сталин өлгенен кейін КСРО министрлер кеңесінің төрағасы болды, яғни Кеңес өкіметін басқаратын болды. Оның қолында жоғарғы атқарушы-басқарушы билік шоғырланды. Берия ішкі істер министрі қызметіне тағайындалып, сонымен қатар барлық қауіпсіздік органдарды бақылаған, яғни оның қолында Сталиннің кезінде құрылған барлық репрессия-жазалау аппараты болды. Хрущев болса КОКП ОК хатшысы бола тұра барлық партиялық апараттың жібін қолда ұстады. Молотов өз жағынан сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Оның авторитеті Сталин өлгенен кейін ерекше өсті.

Сондықтан да Сталин өлген соң уақытша болса нақты бір адамға бағынатын билік болмады. Жаңа команданың арасында әсіресе қауіп төндірген Берия еді. Оның басты мақсаты бәрін не жою не өзіне тізе бүктіру болып табылды, яғни Сталин секілді авторитарлық режим құруды армандады. Нәтижесінде оның іс-әрекеті басқарушылардың мүшелеріне белгілі болды, әсіресе Хрущев пен Маленковқа, өйткені Берия бірінші болып соларды жоймақшы болды. Осы екеуі өзара келісіп Берияны қызметінен босатып қастандыққа жеткізбеуге әрекет жасауға дайындалды.



2. Бірақ Берияны тұтқындау оңай тірлік болмады, өйткені Кремльді оған бағынышты адамдар қадағалаған. Сондықтан да олар бұл іске Берияны бұрынан жек көретін Жуков пен ПВО генералы Москаленконы тартты. Берияны тұтқындалуы өте қызық өтті. КСРО кеңес министрлігінің келесі президиумы шақырылып, онда ешнәрсе білмеген Берияны шақырды. Оның алдында Жуков пен Москаленконың бұйрығымен Берияны тұтқындауға офицерлер құпия түрді Кремльге кіргізілген. Мәжілісте Берияға оны тұтқындалуы туралы айтылды. Сол уақытта кабинетке Жуков пен Москаленко кіріп келіп жанындағы бөлмеге алып кетті. Сол уақытта Берияның барлық адамдары Жуков пен Москаленконың офицерлерімен ауыстырылды. Содан кейін Берияны әскери округ штабына қамап, қатаң түрде қадағалады. Дәл сол мезеттерде Берияға жақын адамдары да тұтқынға алында. Бұл оқиғалар 1953 жылдың маусымның соңында өтті.

Көп ұзамай КОКП ОК пленумы өтіп, Берия мен оның адамдарын көп істер бойынша кінәлап, 1953 жылдың соңында оларды ату жазасына кесті.

Халық бұл істі қолдады, өйткені Берияның мойнында көптеген адамдардың тағдыры болатын. Берияның істері қоғам үшін іріткі болатын. Оның өлімі көптеген адамдардың өмірін жеңілдетті. Басқарушы топ мүшелері Бериядан құтылғанымен бәрі бір билік тек бір адамның қолына өтуге тиіс еді. Әрине ол не Хрущев не Маленков болуға тиісті еді.

3.Берияның үкімет қатарынан кетуі Маленков пен Хрущевтің позициясын одан әрі нығайтты. Берияның өлімі сталинщинаға қатты соққы болды. Осы оқиғадан кейін көптеген газеттер мен журналдар Сталин культің әшкерлей бастады. Ең бірінші болып Сталиннің іс-әрекетін жамандаған Маленков еді. Бірақ ол өзін ойларын тек жоғарғы басшылар топ мүшелеріне айтқан. Сондықтан осы мәселе бойынша Сталин кезінде болған заңсыз іс-әрекеттер мен процесстерді және саяси тұтқындардың ісін қайта қарау үшін ерекше комиссия құрылды. Комиссия сталинщинаның заңсыз істерін дәлелдейтін өте көп материал жинақтады. Бұл материалдарды Хрущев өз қолына түсіріп, өзінің жақындастарына КОКП ОК ХХ съезінде доклад ретінде көпшілікке хабарлайтынын мәлімдеді. Әрине оған көпшілігі қарсылық көрсетті. Өйткені олар сол кездегі орындаушылар болып табылған. Соған қарамастан Хрущев ХХ съезд мәжілісінде “Сталиннің жеке тұлға культі мен оның зардаптары” баяндамасын көпшілікке таныстырды. Таң қалған жұрт алғашқы кезде Хрущевтің баяндамасын қатты сынады, бірақ кейінгі ұрпақ осындай қателерді жібермеу үшін шындыққа тура қарай қажет болды. Сондықтан да Хрущевтің мұндай ерлік ісі жеңіспенен аяқталды. Алғашқы кезде бұл материалды сыртқа жария етпей құпияда сақтады. Кеңес баспасына бұл материалдар тек 1988 жылы түсті. Бірақ түсініксіз жағдайда дүниежүзілік прессаға бұл информация сол 1956 жылдың өзіндей-ақ жетті. Жинақталған материалдар Сталинді 30-шы және 50-шы ж.ж. істермен кінәлады. Бірақ бір ерекшелігі Сталиннің істерін қылмыс емес саяси қателіктер деп көрсетілді. Соған қарамастан көпшілік қауым қай жерде болмасын бұл мәселені ұзақ айтып жүрді. Сталин және сталинщинаға қатты соққы берілді. Сталинге деген көзқарас халық арасында өзгерді.

Осы іс үшін Хрущевқа қарсы Молотов басқарған ОК КОКП Президиумның бірқатар мүшелері шықты.



4. 1957 жылы жазда оппозиция тобы Хрущевқа қастандық ұйымдастырып, ОК КОКП бас хатшы қызметінен түсірмекші болды. Кремльде Президиумның мәжілісінде Хрущев азнаулық бірақ сенімді адамдарымен болды. Әсіресе Хрущев сол кездегі қорғаныс министрі Г.К.Жуков пен КГБ бастығы Серовқа сеніп, ОК КОКП пленумын шақыртуды ұсынды. Пленумда Хрущев көп дауысқа ие болды. Ал Молотов пен оның адамдары жеңіліс тапты. Басшылықтан көп адамдар босап қарапайым қызметтерге отырды, ал Молотов, Маленков, Каганович, Булганин т.б. тіптен кейінгі уақытта пенсия шығарылған. Ал сенімді адамдарын Хрущев көтермеледі, мысалы солардың қатарында Л.И.Брежневті айтамыз.

Өкінішке орай маршал Жуков мәселесі әділетсіз болды. Жуков талай рет Хрущевті қастандықтардан алып қалған. Мысалы соңғы шешуші мәжілісте ол “менің рұқсатымсыз бірде-бір танк орнынан қозғалмайды” деп айтқан. Хрущевтің бұл ісін түсіну қиын емес. Хрущев Жуковтың авторитетінің өсуінен қорқты. Қолында армияны ұстаған адам ең қауіпті болып табылған. Кейбір сылтауларды пайдаланып Хрущев 1957 жылы күзде Жуковты қорғаныс министрі қызметінен бір жола босатып, пенсияға шығарды. Хрущев Жуковты босатқанына кейін қатты өкінеді.

Сталиннің ісін ашып көрсету мен халыққа ақиқат айту мемлекет, қоғам, миллиондаған адам өмірінде “жылулықты” туғызды.

ГУЛАГ-тың көптеген лагерлері жойылды. Миллиондаған кінәсіз сотталған адамдардың ісі қайтып қаралып босатылған. Жүз мыңдаған адамдар өздерінің жанұяларын оралған. Бірақ бұл іс толығымен аяқталмады. Кеңес Одағы мен партияның бірқатар ірі өкілдері Н.И.Бухарин, А.И.Рыков, М:П.Томский т.б. реабилитациядан өтпеді. Көптеген басқа ұлт адамдары елдеріне орай алмады: немістер, қырым татарлары, түрік-месхеттер т.б.

Қорыта айтқанда “жылулық” айтарлықтай көктемді орнатпады, керісінше Хрущев босатылған соң “жылулық” тызғармен ауысты. Оған бірнеше себеп бар: Біріншіден, қоғамның бытыраңқылығы, Сталин әлі де болса көп адамдардың жүрегінде болды. Екіншіден, Сталинді кінәлаған кездегі жүйелік бағдарламаның болмауы және толығымен шешілмеуі. Үшіншіден, бүкіл әкімшілік-командалық жүйенің өзгермеуі. Төртіншіден, Хрущевтің жүргізген саясатының шикілігі және Сталинді төмендете тура өзін-өзін көтеруі. Халық ауызында осы уақытқа дейін Хрущев туралы күлдіргі әңгімелер мен анекдоттар сақталған. Бірақ ақиқатқа келер болсақ оның ерлік ісі халықтың көзін ашты.

5. “Жылулық” қоғамның тек саяси және рухани өмірінде емес сонымен қатар халық шаруашылығына да ықпалын тигізді. 1953 жылдың өзіндей-ақ жазында өкімет басқарушысы Маленков КСРО-ның Жоғарғы Кеңес сессиясында халық пайдаланатын заттарды көптеп шығарайық деп мәлімдеді. Экономика тек ауыр индустрия мен қорғанысқа емес сонымен қатар жұмысшыларғдың қажеттілігін орындау керек. Халық аузында Маленковтың осы сөдері мақал ретінде сақталды “Вот пришел Маленков, дал нам хлеба и блинов”.

Ауыл шаруашылық саласында да бетбұрыс басталды.1953 күзінде ОК КОКП Пленумында ауыл шаруашылығы үшін маңызды шешімдер қабылданды. Ауыл шаруашылық өнімге алынатын баға едәуір өсті. Колхоздардың ауыр кездегі қарыздарын мемлекет өшірді. Бірнешеге крестьян шаруашылығына салықтар төмендеді. Кейбір мәселеде шешім қабылдауда колхоздар еркіндігін алды. Осылайша ауылдар прогресс көшті. Ең басты проблема ол бидай болды. Өйткені халыққа ең қажет нан жетіспеді. Бір кездерде нанды шетелден сатып алу мәселесі де қойылған. Сондықтан да бидай өсіруге жаңа жерлерді іздестіру керек болды. Нәтижесінде Хрущевтің идеясы және жоспарымен 1954 жылдан бастап деревнялардың мыңдаған еріктілері Сібір, Урал, Қазақстан тың игеруге кетті.

Далалы жерлерге палатка, вагончик немесе времянка салып адамдар жаңа техника құралдарымен мүлдем жыртылмаған шегі жоқ жерлерді игере бастады. Ең алғашқы терімі өте мықты сорт бидай берді. Жыртылмаған жер тыңайтқыштарсыз-ақ керемет өңделді. Кейінгі уақытта құрғақшылық пен шан борандар нәтижесінде бидай өндірісі төмендей бастады. Хрущевтің өзі ауыл шаруашылық салада өте мықты маман болған. 1953 жылы бас хатшы бола тұра Хрущевтің ең басты мақсаты ауыл шаруашылығын көтеру болды. Ол өзінің баяндамаларында “Егер ауыл шаруашылығы елімізде едәуір жоғары болса, халық тоқ болады, халық тоқ болса, мемлекетіміз берекелі болады” айтқан сөздері бар. Хрущев кезінде колхозниктердің жағдайы жақсартылғанымен әлі де болса тұрақты айлықтары төмен болды, сондықтан да көпшілік жастар бұрынғысынша қалаға ұмтылған. Хрущевтің идеясы бойынша 50-шы ж.ж. ортасында МТС жөңдеу-техникалық станцияларға айналды (РТС), ал техника колхоздарға берілді. Бұл мәселе колхоздар өндірісінің техникалық базасын күшейтті. Бірақ мұндай техника барлық колхоздар ала алмады, сондықтан осындай колхоздар артта қала бастады.

6. 50-60ж.ж. ауыл шаруашылық дамуындағы Хрущев бағыты үш өзгеше моменттермен байланысты болды. Біріншісі, ол “ет, сүт, май өндірісі бойынша АҚШ жетіп алып озу” бірақ шын мәнінде бұл жай ғана қиял болды. Көптеген облыстар жоспарды орындау үшін басқа облыстардан азықтарды сатып алған. Екіншісі, кішігірім қалашықтар мен жұмысшылар поселкілерінде сиыр, шошқа т.б. мал түлігін ұстауға рұқсат берілмеді. Нәтижесінде ет, сүт, май едәуірге қысқартылып, азық алу үшін адамдар үлкен Мәскеу секілді қалаларға баратын болды.

Үшіншісі, әрине Хрущевтің жүгер егу идеясы. АҚШ барған бір сапарында Хрущев "жүгер – даланың ханшайымы" екеніне түсініп, КСРО оралған соң осы жемісті, табиғи жағдайымызға қарамастан елімізде көйбетіп өсіруге пропаганда жүргізе бастады. Бұл істің дамыған соншы жүгеріні еліміздің қара суық Солтүстік шеттерге де еге бастады: Вологодская, Архангельская т.б. Жүгері жақсы дақыл болғанымен ол өзінің тез тарауымен бидай ығыстыра бастады. 1963 жылы адамдар кәдімгі ақ наннан айырылып, қара нан алу үшін ұзын кезектерді күткен. Кеңес Одағы амалсыз бидайды шетелден сатып ала бастады. Хрущев бұл проблеманы тек уақытша деп түсіндірген, бірақ нан мәселесі жылдарға созылды. Осылайша Хрущевтің ауыл шаруашылығында артық істеймін дегені тыртық болды. 60-шыж. І-ші жарт. ауыл шаруашылығы терең дағдарыс жағдайында болды.



7. Өнеркәсіп өндірісі де ауыл шаруашылық секілді айтарлықтай жетістіктерге жетпеді. Жұмысшылардың сұранысын орындайы деген сөздер жай өтірікке айналды. Бұрынғысынша ауыр өнеркәсіп алда тұрды, соның ішінде әсіресе қорғаныс саласы. 50-шы ж. ортасы мен 60-шы ж. басында кеңес қорғаныс өнеркәсібі, ғылым мен техника айтарлықтай жетісткке жете білді. Академик А.Д.Сахаров басқаруымен дүниежүзінде алғашқы рет сутегі бомбасы сыналды. Сахаров кейінгі уақытта бомбаны ойлап тапқанына қатты қайғырады. Оның зардабы осы уақытқа дейінгі экологиялық проблемала болып табылады. Онкологиялық аурулар жыл сайын көбейе берді.

Кеңес Одағы академик С.П.Королев басқаруымен АҚШ-тан бұрын бірінші болып континтаралық баллистикалық зымыранды ойлап тауып сынады (МБР). МБР-дің пайда болуы Кеңес Одағына 1957 жылы 4 қазанда Жер орбитасына дүниежүзінде тұңғыш рет серікті (спутник) жіберуге мүмкіндік болды. Осылайша космосты игерудегі АҚШ пен КСРО арасында жарыс басталды.

12 сәуір 1961 жылы дүниежүзінде тұңғыш рет адам космосқа шықты. Ең алғашқы космос кемесіне отырған кеңес космонавты Ю.А.Гагарин жерді бір айналып аман-есен оралды. Гагариннің аты дүниежүзіне танымал болды. Орыстардың бұл ісін дүниежүзі тіптен АҚШ-та мойындады. Юрийдің өзі Смоленск облысындағы кішігірім деревняда шаруаның жанұясында туып өскен. Оның жастық кезі ауыр жылдардағы соғыс және соғыстан кейінгі уақытпен сәйкес болды. Қолөнер училищесін бітірген соң ұшқыш училищесіне түсіп ұшқыш мамандығын алды.

АҚШ пен КСРО арасында соған қарамастан космосты игеруге жарыстар тоқтамады. Соның нәтижесінде екі елде ғылыми-техникалық жаңалықтар бара-бара түрлене берді. Бұл жетістіктер едәуір көп қаражатты керек етті. Хрущев үшін ең бастысы ол АҚШ-қа Кеңес Одағының техникадан әлде қайда озғанын көрсету болды. Сондықтан да ғылыми-техниканы дамытуға Хрущев қаржыны аянбады.

Өнеркәсіптің дамуына маңызды үлесін 1957 жыл қосты. Осы кезде министрліктерді қысқартып өнеркәсіптерді территориялық принцип бойынша басқару. Министрліктердің орнына халық шаруашылығының Кеңестері (совнархозы) құрылды. Олар қандай болмасын территорияда мысалы, Москва, Урал немесе Еділ бойы өнеркәсіптің барлық салаларын біріктірген. Территориялық принцип сол кездегі есеп бойынша елді министрлік бюрократия мен орталықтың диктатынан босатқан, өндірістің толық барысын қадағалаған.

Алғашқы кезде бұл жүйе жақсы нәтижелер берді. Бірақ кейінгі уақытта бүкіл ел масштабында өндіріс салалар арасында байланыстарын әлсіреп, кейбір жерлерде мүлдем үзіле бастады. Сондықтан да біріккен ғылыми-техникалық саясатты жүргізуге мұндай жағдайда өте ауыр болды. Бұл реформа айтарлықтай іске аспады.

Осы кезде жұмысшылар үшін кейбір жеңілдіктер болды. Мысалы, сенбі немесе мейрам күндері жұмыс күні 2 сағат қысқарылған, өспірімдер үшін жұмыс уақыты 6 сағатпен шектелді. Баяу түрде болса да жалпы жұмыс уақытысы 7 сағаттыққа өте бастады. 1956 жылы мемлекеттік пенсия тағайындалуы туралы заң маңызды іс-шара болып табылды.

1957 жылдан бастап жұмысшылар мен қызметкерлердің айлықтары көбейе берді. 50-шы ж.ж. ІІ жартысынан бастап, бүкіл елде көптеп пәтерлі үйлерді салу басталды. Қалаларда көптеген бес одан көп қабатты панельді үйлер салынды. Олар кейінгі тарихта “хрущебалар” деп аталды. Бұл үйлерді қазіргі таңдада адамдар пайдаланады, бірақ сол кезде асығыс салған үйлер қазіргі көзқараспен ыңғайсыз болып табылады: аралас бөлмелер, кішігірім кухня, тар коридор, кейбір үйлерде балкондардың болмауы. Қазіргі кезде Москвада бұл үйлерді қиратуда.



12- апта. 3 балл
Үй тапсырмасының тақырыптары.

1.60 жж әдебиеттің дамуы.

2.60 жж өнер.

3.Борис Пастернак творчествосы.

Нобел лауреаттығынан бас тартуы.

4.Кеңес идеологиясындағы жаңа қиял.

5. «Жылулықтың» себептері мен маңызы.

6.Қазақстандағы «жылулық.

7. Ресейдегі «жылулық» жылдары.

8. «Жылулықтың» шығу себептері.

9. Қазақ зиялыларының іс-әрекеттері.

10. Халықаралық қатынастар.



12- апта.

Рухани өмірдегі “жылулық”.
Жоспары:


  1. Әдебиет және өнер.

  2. Борис Пастернак.

  3. Жаңа қиял.


1. 50-шы ортасы мен 60-шы ж.ж. басында кеңес қоғамының рухани өмірінде бетбұрыстармен сипатталады. Бір жағынан Сталин режимінің жойлуы әдебиет, сурет, кино т.б. өнер салаларда берекелік туылды. Басқа жағынан партиялық басқарушылық аппарат бұрынғысынша интеллигенцияның творчествосын бақыламақшы болды.

Сталин өлген соң әсіресе әдебиет пен киноөнерде ілгершілік байқалды. Әдебиетте жаңа жарық аттар пайда болды. солардың ішінде әсіресе А.И.Солженицын көзге түскен. Ол өзі Ұлы Отан соғысының жауынгері, офицер-артиллерист, көптеген медаль және ордендермен марапатталған соғыстың соңында Сталинді сынаған үшін тұтқындалған. Нәтижесінде ГУЛАГ-қа қамалған.

Солженицын тек Сталин жеке басына табынушылықтың ашылуымен ғана босатылды. Өзінің шығармасында “Один день Ивана Денисовича” ол лагерьдегі қарапайым кеңес адамның өмірін көрсеткен. Оның бұл еңбегін “Новый мир” журналының баспасына өзі бас редакторы бола тұра сол кездегі мықты ақын А.Т.Твардовский берді. Шығарма ел ішінде және шет елдер де көптеген оқырмандарын тапты. Солженицынді бүкіл дүние таныды.

50-шы ж. соңы мен 60-шы жылдарда көпшілік қауымды поэзия қызықтырды. Мәскеу қаласында Маяковский ескерткішінің алдында жас ақындар жиналып өлеңдерін оқыған. Көптеген музей, институт залдарында тіпті стадиондарда адамдар өлеңдер тындауға жиналған. Сол кездегі мықты ақындарының ішінде Евгений Евтушенко, Белла Ахмадулина, Андрей Вознесенский, Роберт Рождественский т.б. болды. бұлардың барлығы антисталиндік тоқыннан шыққан. Олардың өлеңдері сол кездегі жастардың символы болып өмірлеріне үміт берген. Әсіресе Булат Окуджава туралы ерекше айтса болады. Ол көптеген дарынды ақындардың өлеңдерін гитарасымен айтқан.

Ерекше гүлдену шыңына кеңес киносы жетті. Әсіресе соғыс туралы бірқатар көркем кинолар “Летят журавли”, “Баллада о солдате”, “Два бойца” т.б. халықаралық премиясына ие болған. Бұл кинолардың бәрі кеңес адамдарының соғысты жеңудегі себептерін көрсеткен Чухрай, Калатозов, Ромм т.б. кинорежиссерлар дүниежүзіне танымал болды.

Тура солай театрлық өмірде жетістіктерге жетті. Мәскеуде “Современник” атты жаңа театр ашылды. Онда Владимир Лановой, Олег Ефремов, Олег Табаков, Вячеслав Тихонов, Михаил Казаков т.б. талантты актерлар ойнаған.

Осы кезде ғылымда өзінің дамуын жалғастырды. Әсіресе көзге түскен физика саласы болды. Мысалы Мәскеу инженерлік-техникалық университетіне (МИТУ) немесе Мәскеу физикалық-техникалық институқа түсу үшін жігіттер қыздар үлкен конкурстардан өту қажет еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет