Сабақ барысында оқушылардың сауатты жазуға дағдыландыру және танымдылықтарын арттыру



бет8/9
Дата18.07.2022
өлшемі32.65 Kb.
#459715
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Сабақ барысында оқушылардың сауатты жазуға дағдыландыру және танымдылықтарын арттыру Дайындаған

Мысалы,Аттан биік.Қойдан аласа.(Ертоқым)
Бұралып қос құлағы,
Күмбір қағып тұрады. (домбыра)
Жұмбақтарды қызыға жаттау, оларды дұрыс жазып үйрену оқушының есінде ұзақ қалады, екіншіден, сауаттылыққа үйренеді, әрі ойы дамытылады, дұрыс оқуға, дұрыс жазуға дағдыланады.Оқушылардың дәптерін күнделікті тексеріп баға қоюмен шектелмей, қате жіберген сөзді қатыстырып, сөйлем құратып, қатесін түзеткен-түзетпегендерін байқап, ретіне қарай жаңа тапсырмалар беріп отыруы қажет.Әрі таза, көркем, сауатты жазуға дағдыландыру үшін сыныпта дәптерлерді бір-біріне беру, көрсету, салыстыра отырып көрме ұйымдастыру да өз нәтижесін береді.


Қорыта айтқанда, сауатты болудың алғы шарты әріптерді үйретуден басталады.Әріп элементтерін дұрыс бір-бірінен ажыратып, жазу ережелерін сақтағанда ғана бала сауатты жаза алады. Әсем, қатесіз, мәнерлеп оқуға, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру – сауаттылыққа үйретеді. Оқушыларды сауаттылыққа үйрету – әр мұғалімгнің шығармашылық ізденісіне байланысты.
Әріптерді анық дұрыс жазуда үш мәселеге ден қойған дұрыс.
1.Әріптерді дұрыстап жазу және жеке әріптерді өзара құрастырып жазуға үйрету.
2. Әріп элементтерінің дұрыс жазылуын қадағалау.
3.Балаларды жазу жұмысына өте ұқыпты, мұқият қарауға жаттықтыру.
Тақтаға, дәптерге көбірек сөйлемдер жатғызу пайдалы. Себебі өздері жазған сөйлемнен кеткен қателерін өздері табады. Қате жіберген сөздің астынан сыздырып, талдау жүргіземін.
Күнделікті сабаққа оқушының жазу сауаттылығына үнемі ән берілсе, онда іс нәтижелі болатыны өз тәжірибемнен белгілі. Сауатты әрі каллиграфиялық дұрыс жазуда көрнектіліктің алатын орны ерекше. Сондықтан әрбір сабақтың тақырыбына сай әріп, сөз, сөйлем жазылған таблица, суретті карточка, сюжетті суреттер, дидакатикалық материалдардарды пайдалануға көңіл бөлемін.
Күнделікті сабақтың алдында жазылуы қиын сөздерді іліп қойып еске сақтауын қадағалаймын. Оқушылардың көбі текстегі жаңа ой басталатын жерде абзацтан бастап жазуды білмейді.
Бұл бас әріп, кіші әріп түрі мен жазба түрін білмеуінен болады.Әріптерді дыбыстағанда оны дұрыс айтып үйренбейді.Мысалы:кейде ұ әрпін ү, ы немесе і, о әрпін д, с-ны ш, ң-ды н деп айтады. Кейбір оқушылар әріптің негізгі формасын сақтамай және оларды бір-біріне өте жақын не өте алшақ жазуынан қате жібереді. Сөйлем аяқтағанда тыныс белгілерін қоймай, келесі сөйлемді бас әріптен бастамай, жалқы есімдерді кіші әріппен жазып қояды. Қатенің бір түрі сөз мағынасын түсінбей жазудан болады. Мысалы : «тастама» «кішкентай» сөзін киттей, «ештеңе» сөзін «іштеме» деп жазуы мүмкін сөздерді жазғанда әріпті тастап кету, бірдей екі әріптің біреуін қалдырып кетуі жиі кездеседі.
Басқа тілден енген термин сөздерді жазудан жиі қателеседі. Сауатты жазу үшін төмендегідей жұмыс түрлерін жүргізіп отырамын.
«Біріккен сөз» тақырыбын өткенде күнбағыс, итмұрын, асқабақ сияқты өсімдіктердің, аққу, бірқазан, көкқұтан сияқты құстардың суреттері бойынща ауызша сөйлем құратып, құраған сөйлемдердің суретін жауып қойып, жатқа жазғызып,біріккен сөздердің жазылуын меңгерулеріне аса көңіл бөлемін.
Оқушыларды сауатты жазуға үйретуде сөздік жұмыс жүргізудің де маңызы зор. Мысалы: дана- данышпан, ақылды, біліімді т.с.с,ару-жарақ- мылтық, найза, қылыш т.с.с
Мәнерлеп оқу-сауатты жазудың негізі. Дұрыс оқыған бала ғана дұрыс жаза алады.
Оқушыларды қатесіз дағдыландыру үшін көшіріп жазуға көп көңіл бөлу керек, немесе сөйлемде қалдырып немесе сөйлемде қалдырып кеткен сөздерді дұрыс тауып, оны орнына қойып, үйлестіріп жазу, берілген сөздерден сөйлем құрап жазу, сұрақтарға толық жауап жазу сауаттылыққа көмегін тигізіп отырады.
Оқушыларды суатты жазуға үйретуде түрлі жазба жұмыстардың жаттығулар, сөйлемдер, мазмұндама, шығарма, диктанттардың пайдасы зор.
Диктанттың түрлері көп.
Қатемен жұмыс жүргізгенде ерекше талдау жүргізіледі. Қате жіберген сөйлемдерді қайтадан жазғызып, астына сыздыру нәтижесін береді. Оқушыларды сауатты жазуға қалыптастыру үшн оларға кітапты көп оқу, қалай оқу,қалай пайдалану жөнінде айтып отырамын.Оқушыларды қатесіз, сауатты жазуға үйрету тәсілдері алуан түрлі. Өйткені әр баланың ерекшелігіне байланысты қатесіз жазуға үйрету әдісі әр сабақта өзінше орын алады.
1.Сөздерді буын жігіне қарай айту,жазу заңдылығын білмегендіктен сөздердің буын жігін ажырата алмай, тасымалдан жиі қателесу басым. Мысалы:сауап,тауық тәрізді сөздерді сау-ап, тау-ық деген түрде қате айту қате жазуға жол ашады. 
Сондықтанда мен әрбір сабақ сайын сөздерді дұрыс буынға бөлуді дағдыландыруға машықтандырамын.Бұл ұшын «Менің атым неше буннан құралған», «Ата-анамның аты неше буыннан құралған»және «Досымның аты неше буыннан құралған»деген сияқты ойындар пайдаланамын. 2. А,Ә,Ы,І,У, Ұ,Ү,Ө,И,Я,Ю дыбыстарының (әріптерінің) қандай сөздерде, қандай буындарда айтылу,жазылу заңдылықтарын жете меңгере алмаған- дықтары байқалды. 3. Дауыссыз Н-Ң,Т-Д;С-З,И-Й, Ж-Ш дыбыстарының емлесін шатастыру жиі кездеседі. Дыбыстардың артикуляциясын білмегендіктің, бір-біріне жақын дауыссыздарды ажырата алмаушылықтың түпкі негізі – бастауыш сыныпта сауат ашу кезеңінде дыбыс пен әріптің заңдылығын ұғынбағандықтан жіберілген олқылық.
4. Сөз ішінде НН, ЛЛ,ТТ,КК,ҚҚ,СС,ШШ, ПП,ММ тәрізді қатар келген дыбыстардың бірін жиі тастап кетеді.Мұндай қосарлы дыбыстардан жіберілген қателер сөздердің құрамын ажырата алмаушылық заңдылықтарынан туған. 
5. Қос сөздердің қосарланып, қайталанып қолданылатын түрінің емлесінен де қате жіберіледі.Бұл қателер қос сөздердің өзіндік заңдылығын жете меңгермеушіліктен туған.Сонымен қатар қос сөздердің дефис арқылы жазылатын ерекшеліктерін білмеуден қос сөздердің кейбір түрін сөз тіркесімен шатастыру жиірек кездеседі. 6. Біріккен сөздердің бір бүтін ұғым екендігін жете білмеушіліктен жіберілген қателер де кездеседі. Осы жерде жас ұстаздарға біріккен сөздердің емлесіне көбірек назар аударуға керек екенін айтқым келеді. Үйреткенде, мысалы:ТЕМІРҚАЗЫҚ (жұлдыз), БІРҚАЗАН (құс), ӘЛДЕҚАЙДА (есімдік) деген тәрізді мысалдар ұсынылып,бұлар былайша талданылады. Бірінші кезеңде бұл сөздердің қандай құрамды бөлшектерден жасалып тұрғаны анықталады: ТЕМІРҚАЗЫҚ сөзі – ТЕМІР-ҚАЗЫҚ; БІРҚАЗАН сөзі- БІР-ҚАЗАН; ӘЛДЕҚАЙДА сөзі-ӘЛДЕ-ҚАЙДА. Екінші кезеңде - жаңа материал біріккен сөздердің кем дегенде екі немесе одан да көп бөлшектерден жасалатыны түсіндіріледі. Кейбір сөздер ешбір өзгеріссіз біріккен: ӘЛДЕБІР; ТАСБАҚА; АҚБОЗАТ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет