Қорытынды
Қоғам мен жалпы білім беретін мектептердің сұранысына сәйкес бастауыш мектеп буында көркем жазу пәнінің мәні зор. Оқушылардың жазу дағдысы қалыптастыру оны кейінгі сыныптарда жетілдіру үшін, жазу әрекеті мен психофизиологиялық әрекеттерін ескеру жазуға үйренудің әр тәсілдерінен қарулану тек көркем жазу сабағында жүзеге асады. Ол үшін бастауыш сынып оқушыларында графикалық каллеграфиялық жазу дағдыларын қалыптастыру процессінің психологиялық физиологиялық дидактикалық негіздерін ашукерек.
Сонымен қатар оқушыларды жазу кезінде дыбыс таңбаларын дұрыс қолданып, көркем әрі сауатты жазумен бірге, айтылған ойды жылдам жазуға, оқылған тексті есте сақтап жазуға үйрету де өзекті мәселелердің бірі.
Бір қарағанда алфавиттегі санаулы дыбыс таңбаларын әдемі және жылдам жазуға балаларды үйрету онша көп қиындық келтірмейтін сияқты. Шын мәнінде бұл дағдыларды оқушылар бойында қалыптастыру барысында мектептің алдында көптеген қиындықтар кездеседі. Жазба жұмыстарын көптеп орындатуға қарамастан, кейбір оқушылар дыбыс таңбаларын, олардың бір – бірімен байланысу жолдарын жазу кезінде қолдана біледі. Дыбыс таңбаларын көркем әрі айқын жазуға дағдыланса да, жылдам жазуға әдеттенбегендіктен, айтылған ойға ілесе алмайды әрі жазу сауаттылығы мен анықтығы төмендейді.
Графикалық – каллеграфикалық дағдыны қалыптастырудың орфографиялық дағдыны қалыптастырумен байланыстылығын ескеріп отыру. Жазуға үйретудің әр түрлі тәсілдерін тиімді қолдана білу.
Бірінші сыныптағы жазу сабақтарының дамытушылық мүмкіндіктерін білу мұғалімнің, қазақ тілі сабағындығы көркем жазу минуттарын жоспарлай білу сияқты жазуға үйретудің теориялық және әдістемелік ерекшеліктеріне сүйену қажет.
Оқу тәрбие жұмысында оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, өз бетінше еңбектенуге, ізденуге және өз ойларын ауызша жазбаша жеткізе білуге үйрету – алға қойылып отырған мақсаттардың бірі болды. Бұл жұмысты қалыптастыруда жат жазу, мазмұндама, шығарма жұмыстарының маңызы зор екенін көрінді. Жазуға үйретудің оқудан бөліп қарауға болмайды. Оқуға үйретудің алғашқы күннен бастап жазуға қойылатын талапты естен шығармау керек. Әліппе кезеңінде алғаш білімдерін пысықтап, оқу және жазу дағдыларын дамыта түсу мақсатында арнайы мағлұмат беру. Бірақ бұл мағлұматпен шектелмей, балалар кітапшаларынан, журналдарынан алу, ертегі, әңгіме оқытып, жазғызған жөн. Жазуға төселдеру үшін шығармашылық пен ізденіс шеберлік керек. Бұл жұмыс жеңілден ауырға күрделеніп отырады. Алғашқы сабақтарда дыбыс саны аз сөзді, кейін дыбыс саны көп сөзді естіп жазуға төселдірілген дұрыс.
Сауатты көркем жазудың негізі - әліппенің сауат ашу кезеңінде қалыптасады. Бұл жұмыс шығармашылықпен ұштастырғанда ғана оқушы сауатты көркем жазуға төселеді.Осы мақсатта оқу белсенділігін арттыратын әріптік, буындық үлестірмелі материалдар пайдаланып, берілген сөздерді талдап, өзінің кассаларынан сөз құратып, оқытып, ауызша жат жазу жүргізу керек. Ауызша арқылы құралған сөзді тақтаға жазып, қатесіз көркем етіп дәптерге жазғызып, оны оқытып тақтамен салыстыру керек. Үйрету жат жазулары жеңілден басталып, біртіндеп күрделенеді. Бір – екі әріпті үйретісімен сабақ сайын үйрету диктантын жатқа жазуда оқушы сауатын ашып, естуін дамытады. Осыдан жұмыстың біріне әріпті жат жазуды ұсынамыз. Мұнда үйренген дыбыстардың әріптік таңбаларын қаншалықты меңгергенін байқауға болады. Ол үшін әріп жазуын мынадай мазмұнда өткізген жөн:
Естілу бойынша жазу
Кіші әріпін жазу
Жаттап жазу
Іздеген әріпін жазу
Дауыстыны жазу
Дауыссызды жазу
Суреттегі затты атап, бас әрпін жазу
Алфавиттік жұмбақты шешу
Әріп диктанттынан кейін қатемен жұмыс істелінеді. Ол үшін:
- өткен дыбысты есту бойынша жаза алмаса, суретші дидактикалық материал, жетекші сурет көрсетіп, алфавиттен таңбалануын көріп жазу немесе әр түрлі зат суретін көрсетіп, сол дыбыстан басталатын затты табу, әріпті жазу, білмесе оқушылар көмегімен орыдап дәптерге жазғызып, жаттықтырып, есінде сақталғанша жұмысты жалғастыру – алфавиттін берілген әріпті іздеп табу, жеке кассада жинау. Бұл үшін « Кім көп тереді? », « Теруге қатыс », « Жарысқа түс » деген ойындар ұйымдастыру нәтижесін көрсетті. – Бас әріппен кіші әріпті аралас беріп тауып жазу астын сызу жұмыстарында: « Қатем бар ма? », « Өзіңді байқа », « Іздеріңді тап » сияқты ойындар арқылы жұмыс істеу қолайлы.
Әріп жат жазуын жазуға үйренген оқушылар да сол әріптерден құралған буын диктантын жаздыру қажет. Алдымен буын кестесімен жұмыс жасап оқушы дағдысын жетілдіреміз.
Буын жат жазуда мынадай үлгіні ұсынады:
берілген әріптен буын құрау.
Жоқ буынды табу.
Буын жігіне айыру ( ажырату )
Буындар құрау, буындап сөз жазу.
Бастауыш сыныпта жазуға үйретуді машықтандыруда әріп буын жат жазуларын дұрыс жазып сөздердің мазмұнын түсініп алмайынша бірден сөз сөйлем жат жазуларын өз дүниесінде сауатты жазу мүмкін емес.
Жат жазу жиі болса оқушылардың сауаты артады. Жат жазудың мақсаты – оқыған ережені оқушының қаншалықты меңгергенін, қосымша қандай жұмыс жүргізу керек екенін анықтау. Баланың жазу дағдыларын жүргізуде жат жазу жүргізу жұмысына қоса қатені түзету жолдарын да ұсынамыз. Олар: үйрету жат жазуы және көшіріп жазу жат жазуы.
Достарыңызбен бөлісу: |