Сабақ беретін тобымда 16 студент, оның ішінде ерекше білімді қажет ететін білім алушыға тапсырманы жеңілдетіп беруді жоспарлап отырмын. Ойлау дағдыларының деңгейіне қолдануды жоспарлап отырм. Сабақ түсіндіру барысында «Кинометафора»



Дата21.11.2023
өлшемі43.5 Kb.
#483997
түріСабақ
доклад-курс


Қайырлы күн әріптестер!
Мен, Қазиева Алмагул Борисқызы Оңайбай Көшеков атындағы агарарлы-техникалық колледж оқытушысымын. Таңдаған бағытым-Аграрлық-технологиялық бағыт. Мамандық

Бұл бағыт бойынша, туынды және оның қолданылуы бөліміндегі Туынды бөлімшесінің 8-дің. 1.-де 1.-і Туындының анықтамасы. Функцияның дифференциалы туралы түсінік. Туындыларды табу ережелері тақырыбында сабақ үлгісін ұсынбақпын.


Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқу нәтижесінде 1) Функциялардың туындыларын есептеу; 2) Туындының геометриялық және физикалық мағынасын игеру; жоспарлап отырмын.
Оқу нәтижесінде Туындының геометриялық және физикалық мағынасын игеру; жоспарланғанмен бағалау критерийнде

  • анықтама бойынша функцияның туындысын табады;

  • функцияларды дифференциялдау ережелерін қолданады;

  • туынды табу ережелерін қолданып, есептер шығарады; деп жоспарлаймын,

себебі менің жоспарлаған тақырыбымда Туындының анықтамасы. Функцияның дифференциалы туралы түсінік. Туындыларды табу ережелері болғандықтан оқу нәтижесіндегі Туындының геометриялық және физикалық мағынасын игеруге тоқталмаймын деген жоспардамын.


Сабақ беретін тобымда 16 студент, оның ішінде ерекше білімді қажет ететін білім алушыға тапсырманы жеңілдетіп беруді жоспарлап отырмын.
Ойлау дағдыларының деңгейіне қолдануды жоспарлап отырм.
Сабақ түсіндіру барысында «Кинометафора» әдісі бойынша жаңа сабаққа байланысты бейнежазба көрсетуді жоспарладым. Бейнежазбада формулалар дәлелденіп, түсіндіріледі. Бейне жазбадағы ақпаратты тыңдайды, оқулықтағы ақпаратпен салыстырып, өздеріне жаңа ұғымды іздеп тауып, түсініксіз сұрақтарын оқытушыдан сұрайды. «Жыл мезгілдері» әдісімен топқа біріктіреміз. 4жыл мезгілдерінің суреттері жасырын қойылады. Суреттер бойынша топқа бірігеді. 1-«Қыс» 2-«Көктем» 3-«Жаз» 4-«Күз».
Тапсырма беру кезінде «Еркін пікір» әдісін жоспарладым. Топтан бір білім алушыдан шығып, тақтаға орындады. 4-топ бір-бірімен салыстырып, пікір айтады. Барлық топқа бірдей тапсырма беріледі.
Дене түзу сызық бойымен қозғалады. Оның t уақыты мезетіндегі жылдамдығы v(t)=2t-sin πt. Дененің үдеуі заңдылық бойынша өзгергенде, дененің 2-ден 6-ға дейінгі уақыт аралығындағы жүріп өткен жолды табуға бола ма?
Білім алушы: Есепті толықтай шығарып, дәптерге жазады.
Тапсырманы орындау қадамдары: математикалық моделін құрады; туындының анықтамасын қолданады; жауапты пайымдайды.
Барлық білім алушы: есепті шығарады.

Ерекше білім қажет ететін білім алушы: дайын есептің шығару үлгісі бар нұсқаулық бойынша есепті көшіріп жазады.


Тапсырма 2.
«Карусель» әдісі. Топтағы білім алушылар бір парақшаға жазып, бір-бірімен тапсырмаларының жауабын алмасады, пікір айтады.
Функциалдық сауаттылық керек
Марат бүйір бетінің ауданы 24м2 болатын, табаны шаршы тәріздес септик салуды жоспарлайды. Егер сыйымдылығы 6м3 болса, табан қабырғасы қандай болуы мүмкін?
Білім алушы: Есепті толықтай шығарып, дәптерге жазады.
Тапсырманы орындау қадамдары: математикалық модель құрады: туындыны табады; ең үлкен мәнін табады.
Барлық білім алушы: Туынды табу ережесін қолданып есепті шығарады.
Ерекше білім қажет ететін білім алушы: дайын есептің шығару үлгісі бар нұсқаулық бойынша есепті көшіріп жазады.
Жаңа сабақты бекіту
«Менің сөзім» әдісі. Білім алушылар шығарлған есептер бойынша өз пікірін немесе қолданатын формуласын айтады.
Есеп: Функцияның туындысын табыңдар: (тақтада орындалады)

а) f(x)=x2-3x+1 f' (x)=(x2) '-(3x) '+(1) '=2x-3


ә) f(x)=2x7+5x f' (x)=(2x7) ' +(5x) '=14x6+5
б) f(x)=7x8-8x7 f' (x)=( 7x8) ' -(8x7) '=56x7-56x6
в) f(x)=x5-2x3+3x-7 f' (x)=( x5) ' -(2x3) '+(3x) '-(7) '=5x4-6x2+3-0

Барлық білім алушы: Есепті шығарады және тақтаға жазады. Қажетті формуланы қосымша жазады.


а) f' (x)=(x2) '-(3x) '+(1) '=2x-3
ә) f' (x)=(2x7) ' +(5x) '=14x6+5
б)f' (x)=( 7x8) ' -(8x7) '=56x7-56x6
в) f' (x)=( x5) ' -(2x3) '+(3x) '-(7) '=5x4-6x2+3-0

Рефлексия. Сабақты қорытындылау мақсатында студенттердің сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын жоспарладым. Студенттер бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды деген жоспардамын.


Тапсырманың сипаттамасы тоқтала кетсек Математикалық сала: сандар мен өзгерістер. Мән мәтін: қоғамдық. Танымдық әрекет түрі: қолдану. Деңгейі: 3

Назарларынызға рахмет

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет