Бастауыш сыныпта қағаздан дизайн.
Әр түрлі материалдан жасалатын көркем бұйымдар мен заттардың жобасын ең алдымен дизайншылар жасайды. Дизайн дегеніміз – адамға қажетті заттар мен бұйымдарды ыңғайлы, үйлесімді және әдемі етіп жобалау, жасау.
Дизайн өнерінің терминдік атауы жаңа болғанымен, ол өзі негізінде ертеректен - ақ қалыптасқан. Қазақ халқының қолөнері түрлерінен дизайнды анық көруге болады. Қазақтың қарапайым жіп иіретін ұршығынан бастап дизайн. Ұлттық қару - жарақ, ыдыс - аяқ, музыка аспаптары, сандық пен кебеже түрлері, т. б. бәрі де дизайндық үлгіде жасалғандықтан дәлел бола алады.Дизайн өндірістік, графикалық, автомобильдік, интерьерлік жиһаздық компьютерлік болып бөлінеді.
Жалпы дизайн өнерінің өмірде араласпайтын жері жоқ, өндіріс болсын, күнделікті қолданылатын үй жиһаздарынан бастап жеке бұйымдарға дейін дизайндық үлгіде жасалады.Бүгінгі өмірде дизайнның алатын орны ерекше. Үйдің ішкі және сыртқы құрылысын еуропалық дизайнмен жасақтау дәстүрге айналып барады.
Дизайн дегеніміз – кез келген бұйымның жаңа үлгісін жан - жақты салыстырып, заман талабына сай жасау деген сөз.
Балалар қағаз бен қатырма қағазбен күнделікті ҿмірде жиі кездеседі. Бірақ ақыл-ойы дамымаған бірінші сынып оқушылар ұғымында бұл материалдар туралы түсініктер мен мағлұматтар болмайды. Оқушылар көркем еңбек сабақтарында әр түрлі сападағы қағаз,
қатырма қағаз, түптеу материалдарымен жҽне олардың қолданыс қасиеттерімен танысады.Олар мұқаба түптегіш мамандығы туралы қарапайым түсінік алады.
Балалар әр түрлі бұйымдарды жасау үдерісінде қағаз бен қатырма қағазды өндеу, таңбалаудың қарапайым тҽсілдерін оқып, меңгереді. Балалар жай жҽне күрделі пішіндерді қалыппен таңбалауда көп қиындыққа кездеспейді.Оқушылар қағаз бен қатынма қағаз жұмыстарында түрлі операцияларды орындау барысында алғашқы еңбек дағдылары мен іскерліктерін меңгере бастайды. Осындай жұмыстар үшін қолданылатың құралдарды сабақ барысында дұрыс қолдана білудің үлкен маңызы бар.
Қағаз бен қатырма жұмыстарына пайдаланылатын қайшы, пышақ, біз, тескіш сияқты құралдар ҽр уақытта жұмысқа даяр болуы керек. Құралдарды мезгіл-мезгіл тексеріп, қайрауды мұғалім ҿзі атқаруға тиісті.
Қағаздан сан түрлі дүние жасауға болады. Қағазды қалай болса, солай тастамай, оны өз орнымен жұмсай білу – үлкен өнер. Ал оны керегіне жаратып, жаңа дүние жасап шығару – нағыз шеберліктің белгісі.
Қолөнердің квиллинг, киригами, оригами, скрапбукинг аппликация сияқты және тағы басқа түрлері дәл осы қағазға байланысты. Демек мұнда пайдаланылатын негізгі материал – қарапайым қағаз.
Оқушылармен сәндік-қолданбалы өнер бойынша көркемдік (сәндік) жалсырмалау жұмыстары қарастырылған, оларға: геометриялық фигуралардан орындалған өрнектік жұмыстар, жапырақ, гүлдерді орналастыру арқылы орындалған өрнектік жұмыстар, қазақтың т.б. ұлттардың ою-өрнектік жұмыстары жатады. Мысалы: текемет, сырмақ, кілем, алаша, қоржын, аяққап үлгілерінің ою-өрнектері жатады. Ою-өрнектік жапсырмалау жұмыстарын орындауда қазақ ою-өрнектерінің атаулары, мағынасы туралы әрбір ою-өрнектердің бір-бірімен үйлесімділігін айыра білуге үйренеді. Оқушылар геометриялық фигураларды, гүлдерді, жапырақтарды қолданып, өрнектік жұмыстарды орындауды үйренеді. Жапсырмалау жұмыстары оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес беріліп бірте-бірте күрделене түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |