Бастауыш мектепте табиғи материалдан құрастыру.
Табиғи материалдармен жұмыс жасау – балалардың қиялын дамытуға, шығармашылықпен еңбек етуге ықпалын тигізеді. Ол үшін мұғалім табиғи материалдарды алдын-ала жинақтап, сұрыптап, кептіріп, баланың іс-әрекетіне пайдалануға дайындап қояды. Табиғи материалдармен жұмыс істеу ұқыптылықты, зейінділікті талап етеді. Жұмыс үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде табиғи материалдарды таңдау, талдау жасау (бұтақтар, кепкен жапырақтар, шырша бүрлері, ағаш қабықтары, т.б.) артық бөліктерін алып тастап, белгілі бір бейнеге ұқсату жолдарын ойластырады.
Екінші кезеңде табиғи материалдарды қолданып, негізгі алға қойған міндеттерді шешуде заттың жеке бөліктерін, негізгі бөліктеріне біріктіру, бейнені нақты бере білуге талпынады. Табиғи материалдардың сапасына, беріктігіне назар аударады.
Үшінші кезеңде баланың жұмыс істеп отырған тақырыбына сәйкес мазмұн бере әсерлеп безендіру, ой-қиялын дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыру, еңбек нәтижесінің сапалы болуына көңіл бөлінеді.
Табиғи материалдармен жұмыс істеуде, сабақ кезінде және арнайы мақсатты серуендер мен топсеруендерге (экскурсия) апарғанда, жұмыс істеуге қолданылатын материалдардың сапасын анықтап (қатты, жұмсақ, тегіс немесе тікенекті, мамық-үлпілдек, т.б.) өзі дайындайтын затқа лайықтап таңдап алады.
Табиғи материалдармен жұмыс істеудегі негізгі міндеттер:
болашақта өзі дайындайтын затқа сәйкес табиғи материалды таңдап алу іскерлік дағдыларын қалыптастыру;
негізгі әдіс-тәсілдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру (артық бөлшектерден тазалау, құрастыру, кеңістікте орналастыру, бір-біріне біріктіру, беріктігін сақтай білу, т.б.);
заттың бейнесін тұтас бере білу дағдысын қалыптастыру;
баланың өз ойынан мазмұн бере бейнені әсерлей білуі, табиғи материалдардың өзіндік ерекшелігін сезініп, дұрыс қолдана білуге жаттығуы.
Бастауыш мектеп оқушыларын еңбекке баулу әдістері
Оқыту әдістері педагогикалық әдебиеттерде оқушыларға білім беру, тәрбиелеу және дамыту мақсатына жетуге бағытталған, оқытушы мен оқушы қызметінің өзара байланыс тәсілі ретінде қарастырылады. Педагогика ғылымы мен мектептегі оқыту практикасында бай оқыту әдістері жинақталған. Оқыту әдістерінің әр түрлі классификациясы өмір сүреді.
Еңбекке және кәсіпке баулу үшін оқыту мен беруші қызметінің тәсілдері бойынша әдістерді жіктеу едеуір шешілді. Еңбекке және кәсіпке баулуда өз ара байланыс екі жақсы процесс оқытудың өз бетінше практикалық қызметі мен оқытудың басқару қызметі орын алады. Сондықтанеңбекке баулу әдістерін өз ара тығыз екі топқа бөлуге болады.
1. Оқытудың басшылығын оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау әдістері.
2. Оқыту әдістері.
Еңбекке және кәсіпке баулуда төмендегідей оқу әдістері кеңінен тараған.
1. Жаттығу (ақыл-ой қозғалыс, аралас)
2. Оқу эксперименті (лабораториялық, практикалық жұмыстар, ауылшаруашылық тәжірибе)
3. Оқу өндірістік жұмыстар.
4. Тапсырмаларды шешу. (техникалық, технологиялық, экономикалық)
5. Техникалық құжаттармен жұмыс жасау (оқу, схемалар сызбаларды, технологиялық карталарды оқу, құру, т.б)
6. Ғылыми техникалық әдебиеттермен жұмыс жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |