Оқыту модельдері - көрнекті оқу құралы, әр түрлі машықтандыруды, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін.
Зертханалық модельдер – жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда оюъектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады. Бұл модельдер – объектіні зерттеу, қасиеттерін болжау, зерттеу мақсатында қолданылады.
Ғылыми - техникалық модельдер – процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады.
Ойын моделдеріне - әскери, экономикалық, спорттық ойындар жатады.
Еліктеу модельдері – шын мәніндегі нақты объектін өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады.
Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.
Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады. Мысалы тіс емханасында дәл сол уақыт мезетіндегі оқушылардың тістерінің жағдайы туралы мәлімет береді:бастауыш сыныптағылардың сүт тісі, орта және жоғарғы буындағы оқушылардың емделген, емделуге тиісті тістерінің саны т.б.
Динамикалық модель – уақыт барысындағы объектінің қасиеттерін өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді. Мысалы, жеке оқушының емханадағы түбіртек кітапшасын динамикалық модель деп айтуға болады. Өйткені осы кітапша бойынша жыл сайын олардың денсаулығындағы болып жатқан өзгерістерді анықтау мүмкіндігі бар.
Үй салу кезінде оның іргетасының қабырғалары мен тіреулерінің үнемі түсіп тұратын күшке шыдамдылығын тексеру керек. Бұл – үйдің статистикалық моделі. Сондай – ақ дауылға, жер сілкінісіне т.б. уақыт факторларына байланысты болатын өзгерістерді де ескеру қажет. Бұл мәселелерді динамикалық модельге сүйене отырып анықтауға болады.
Дәстүрлі емес әдістерін қолдану
В.А. Сухомлинский айтқандай: «Балалардың мүмкіндігі мен дарындылығының бастамалары саусақтарының ұшында. Бейнелеп айтқанда, саусақтарынан, шығармашылық ойын қоректендіретін өте жіңішке жылғалар сынды жіптер тарайды.Баланың қолында неғұрлым шеберлік көп болса, соғұрлым ол ақылды болады». Педагогтардың пайымдауы бойынша-барлық балалар дарынды.Сондықтан дарынын уақытында байқап, сезіп, тәжірибесінде, нақты өмірінде қолдануға мүмкіндік туғызу қажет. Ересектердің көмегімен көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, бала жаңа туындылар жасайды . .Қайталанбайтын туындыларды ойластыру барысында ол әрқашан заттың жасалу тәсілдерімен тәжірибе жасайды. Мектепке дейінгі жастағы бала өзінің эстетикалық дамуында қарапайым көрнекі-сезімдік әсерінен түпнұсқалық кейіптің жасалуына бейнелеу-мәнерлеу әдістері арқылы өтеді.Сондықтан оның шығармашылығының негізін қалау керек. Неғұрлым бала жақсы көрсе, естісе соғұрлым қиялдау әрекеттері маңызды және нәтижелі болады..
Сондықтан да ,дәстүрлі емес әдістер шығармашылық жұмыста шығарманы қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін көркем суреттің құрамы мен түсін құруда және жаңа мәнерлі әдістерді қоса алғандағы суреттердің тиімді құрамы болып табылады.
Сурет салу әдістерін меңгерту мақсатында дәстүрлі емес әдістерді пайдалану балаларға қызығушылықтарын, еркіндіктерін, өздеріне деген сенімділіктерін
тудырады. Сондықтан, бала ерікті түрде қызығушылық танытып сурет салу үшін дәстүрлі емес әдісті пайдаланған жөн деп білемін. Себебі дәстүрлі емес әдістің құралдары қызықты, әрі сурет салу жолы оңай. Сонымен қатар оқу іс- әрекеті кезінде уақыт тиімділігімен ерекшеленеді.
Дәстүрлі емес тәсілді пайдалану кезінде анықтау , зерттеу қабілеті қалыптасады. Дәстүрлі емес әдіс балалардың бейнелеу өнеріне деген мотивациялық қозғаушы күші болып табылады. Сонымен қатар балалардың суретті соңына дейін «сала аламын ба» деген қорқыныштары кетеді. Дәстүрлі емес әдіс кезінде көру және саусақ маторикасы жақсы дамиды.
Балалар сурет салғанды өте ұнатады.
Дәстүрлі емес сурет салу кезінде бала
Түрлі құралдармен ,тәсілдермен танысады,. эстетикалық сезімі дамиды. Түстердің алуандығын ұғынады. Дәстүрлі емес тәсілді пайдалану кезінде шығармашылығын дамиды. Жеке және ұжыммен жұмыс жасауды , жұмысты соңына дейін аяқтауды үйренеді. Баланың қиялын, елестетуін, ойлауын, зейінін жетілдіру. Көру және саусақ маторикасын дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |