Сабақ және оның құрылымы


Коллаж және оны жасау технологиясы



бет23/73
Дата15.10.2022
өлшемі0.62 Mb.
#462777
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   73
Көркем еңбек

Коллаж және оны жасау технологиясы.
Коллаж - бұл әртүрлі материалдардан, мысалы, қағаздан, газет қағазынан, фотосуреттерден, ленталардан немесе қарапайым қағаз сияқты фонға жабыстырылатын басқа заттардан жасалуы мүмкін өнер туындысы. Коллаждарды цифрлық фонға жапсырылған физикалық материалдармен немесе электрондық суреттермен де жасауға болады. Коллаж (франц. collage – жапсыру, желімдеу) деген сөзден шыққан және әрлеу үшін әр түрлі материалдармен тәжірибе жасаудың қызықты тәсілі болып есептеледі.
1) суретшілер түрлі матаның, қағаз, газеттің қиындыларын, әйнек, түйме, фольга, ағаш қалдықтарын, т.б. пайдаланып (жапсырып, желімдеп), шығармшылық жетістіктерге жеткен. Кейіннен Коллаж көркемдеу-безендіру саласында қолданылатын болды. Сонымен қатар Коллаж балалар шығармашылығында кең қолдау тапқан өнерге айналды. Олардың ой-өрісінің шыңдалуына үлкен әсер етті. Коллажды алғаш дамытқандардың ішінде суретші Пикассоның үлесі зор болды;
2) 20 ғсырда музыкада орын алған тәсілді – шығармаға өзге композиторлар туындыларынан стильдік тұрғыда бөтен фрагменттерді енгізуді де Коллаж деп атайды;
3) полиграфиялық безендіру ісінде әр түрлі фотосуреттерді біріктіріп, қажетті мазмұндағы әсерлі сурет жасау тәсілі де коллаж деп аталады
Кесте сабағын тігу техникасы
Кесте-қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрі. Қолмен кестелеп, өрнек салу-өте көне заманнан қолданылып келеді. Ертеде халқымыз тұтынатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекелеп безендірген. Сол сияқты қазақ халқының қолөнерінің өмірге келуі халықтың көшпелі өміріне байланысты. Атадан баласына, анасынан қызына мирас болып келе жатқан сәндік өнерінің өзі ұлттық мәдениетіміздің дамуына ықпал етеді.
Кестелеп, өрнек салу-мата бетіне әшекейлеп безендіру. Кестелеуге әр түрлі маталар және әр түрлі жіптер пайдаланылады. Кесте тігудің негізгі құралы-кергіштер. Матаны керіп ұстайды және оны зақымданудан сақтайды. Кергіштерде бірінің ішіне біріктіретін екі дөңгелектен болады. Оны ағаштан, пластмасссадан, резеңкеден және металдан дайындайды. Инелер-мата қалыңдығымен жіптің жуандығына қарай таңдалады. Қайшылар оралған жіпті қию үшін қайтқы қайшылар, оралған жіпті қию және жіпті тегістеу үшін орташа қайшы қолданады. Мата қалыңдау болғаны дұрыс, бірақ тігісті тартып, иненің өтуін қиындатпауы керек, мата өте жұмсақ болса да тіккен кесте бедері әдемі көрінбей қалады. Кенеп матаның құрылымы қандай мөлшердегі болсын иненің өтуіне оңай, иненің қалдырған ашық іздері басқа маталарға қарағанда кейін тез жабылып кетеді.
Байқап қарасақ, біздің үй-тұрмысымызда тұтынатын бұйымдарымыз – сулық, майлық, қол сүлгі, терезе пердесі, жастық тыс, сейсеп, ақ жайма, жастық жапқыш, сәндік киімдерді, қабырғалық суреттерді т.б. көптеген бұйымдарды әсемдеуге болады екен.
Кестелеу өнері ертеден келе жатқан халық өнері. «Өнер таусылмас қазына, жұтамас байлық» дейді дана халқымыз. Бүгінгі сабағымызда қазақтың қолөнері – кесте түралы және кесте тігудің түрлерімен танысамыз. Кесте сан ғасырлар бойына халқымыздың талантты іскерлерінің көркем қиялдарын шеберлік құдретімен бейнелеген ақыл парасаттарының жауһары. Сол кестелеу өнерін жоғалтпай үйреніп, әрі қарай дамытү біздің міндетіміз.
Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан – ұрпаққа беріліп отырады. Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің табиғи ерекшелігіне, этикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып отырады. Көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Сол қолөнердің бір түрі – кесте тігу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет