Сабақ және оның құрылымы


Қағаздың түрлері мен қасиеттері



бет48/73
Дата15.10.2022
өлшемі0.62 Mb.
#462777
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   73
Көркем еңбек

Қағаздың түрлері мен қасиеттері.
Қағаздың 600-ден астам түрі бар. Қағаз 11 топқа бөлінеді:

  1. баспалық қағаз (баспаханалық, офсеттік, иллюстрациялық, картографиялық, т.б.) – тегістігімен, түсінің ақтығымен ерекшеленеді, баспа бояуы жақсы жұғылады. Тұсқағаздар мен газеттік қағаздар да осы топқа кіреді.

  2. Жазбалық қағаз (жазуға, конверттік, карточкалық, т.б. поштаға арналған қағаздар) – бетінің жылтырлығымен, жақсы желімделгіштігімен және сия сормайтындығымен ерекшеленеді.

  3. Сызба және сурет салу қағазы (сурет салу, сызба сызу қағаздары, сызбалық мөлдір және калькалық), әдетте толтырғышсыз (немесе аздап қосылған) массадан жасалады. Мөлдір болу үшін кейбір сорттары көбірек суланып, жоғары қысыммен каландрленеді. Электр оқшаулағыш қағаздың (конденсаторлық, кабельдік, телефондық, оқшаулағыш-орамдық, т.б.) механикалық беріктігі жоғары әрі жақсы диэлектрлік қасиеттерімен сипатталады.

  4. Сіңіргіш қағаз (сүзгілік, сорғыштық, т.б.) фибра, жарғақ, санитарлық-гигиеналық бұйымдар, т.б. өндіру үшін қолданылады. Бұлар кеуектеу келеді де, сұйықты жақсы сіңіреді.

  5. Аппараттық қағаз (таспалық, перфокарталық, т.б.) өте жоғары механикалық беріктігімен сипатталады. Жарық сезгіш қағаз фотографиялық және жарықпен көшіруге қажетті, т.б. қағаз жасауға пайдаланылады.

  6. Көшірмелік қағаз арнайы өңделіп дайындалады.

  7. Орамдық қағаз тағамдық және өнеркәсіптік бұйымдарды орауға, бууға, т.б. пайдаланылады. Бұлар берік талшықты материалдардан және өндіріс қалдықтарынан жасалады.

  8. Өнеркәсіптік-техникалық қағаз патрон, зімпара, диффузор жасауға, жіпке қосуға, дыбыс жазуға қолданылады. Қағаз массасын дайындау бірнеше сатыдан өтеді: талшықты материалдарды ұнтақтау, талшық түріне орай құрам дайындау, массаны бояу, желімдік ерітінді және үстемелер даярлау, т.б.

Талшықты материалдарды ұнтақтау – қағаз өндірісіндегі басты операцияның бірі. Ол үздікті не үздіксіз істейтін аппараттармен жүргізіледі. Ұнтақталған талшық суспензиясына қажетті қосымша заттар қосылып, қағаз массасы тиісті мөлшерге дейін сумен сұйытылады да, аппараттарда тазаланып, қағаз машинасына жіберіледі.[1]



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет