Сабақ және оның құрылымы


Кіші мектеп оқушыларының сызу және графикалық сауаттылығын қалыптастыру



бет44/73
Дата15.10.2022
өлшемі0.62 Mb.
#462777
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   73
Көркем еңбек

Кіші мектеп оқушыларының сызу және графикалық сауаттылығын қалыптастыру. Сауаттылықтың негізі ретінде графикалық (белгілік) бейнелеуді қарастыруға болады, ол адамның интеллектуалдық дамуының негізін қалайды. Зерттеулер көрсеткендей, функционалдық графикалық сауаттылығы қалыптаспаған оқушылар өзінің құрбыларынан көптеген интеллектуалдық даму көрсеткіштері бойынша қалып қоятынын көрсетті: – кеңістікте елестетуді дамыту деңгейі (кеңістіктегі кейіптерге сүйену қабілеті), белгілік кескіндемелерді, абстрактылық символдарды қолдану, креативтік ойлау және ұғыну және жаңаны жасай білу [23,24,25].
«Өте ерте замандағы жасалған кескіндемелер ақылды адамдардың іс-әрекетін көрсететін белгілердің бірі болып саналады. Қазіргі кезде бұл кескіндемелер визуалдық ақпаратты сипаттайтын өте күшті құралдарға айналды, олардың көмегінсіз қазіргі кездегі ғылымның, техниканың және өнердің бірде-бір түрін көз алдыда елестету мүмкін емес [6].
Графикалық, белгілік кескіндемелер адамға визуалдық ақпаратты тиянақтаудың, түрлендірудің және оны өзінің зерттеу және жобалау іс-әрекеттерін жүргізудегі негізгі құралы болып табылады. Сонымен қатар ол коммуникация мен ақпарат берудің маңызды құралы ретінде белгілі. Уақыт пен кеңістікте өтіп жатқан объектілер, процестер және құбылыстар тікелей бақылаумен ғана зерделенбейді, сонымен қатар олар графикалық кескіндемелерін (схемаларын, сызбаларын, графиктерін, диаграммаларын, белгілік және басқа да кескіндемелерін) терең талдау арқылы да зерделенеді. Адам қызметтерінің көптеген салаларында графикалық (көзбен көретін) ақпараттардың сақтауға, түрлендіруге, өңдеуге және беруге қойылатын талаптар сапалық өзгерістерге ұшырауда және олардың функционалдық графикалық сауаттылыққа әсері мол екені даусыз. Кескіндемелерді инструменталдық (қолмен) тұрғызу көлемі жыл санап азайып келеді, оның үстіне оларды компьютерлік графика құралдарын қолдана отырып жасауға қойылатын талаптар артып келеді. Графикалық модельдеудің негізгі әдістерімен, кескіндемелерді олардан ақпарат алу үшін түрлендірумен танысу адамға қай салада қызмет істесе де: оқуда, ғылымда, техникада және өнерде болсын қажет.
Ғылымның болжауы бойынша келешекте өңделетін ақпараттың 80–90% графикалық түрде берілетін болады. Технологиялық қоғамнан ақпараттық қоғамға өту қазірдің өзінде оқушылардың графикалық біліміне, ақпараттық технологияларды қолдануына жаңа талаптар қояды. Оқушылардың графикалық кескіндемелерге олардың бірыңғай мәдениет тілі (графикалық мәдениет) ретінде көзқарастарын қалыптастыру қажет.
Сонымен функционалдық графикалық сауаттылық (графикалық мәдениет) деп көзбен көретін ақпаратты графикалық түрде беру әдісі мен тәсілін меңгеруді, графиканы оқуда, ғылымда, өндірісте және жай өмірде қолданылатын ойды бейнелейтін құрал ретінде қолдана білуді айтады.
12 жылдыққа көшу жағдайында функционалдық графикалық сауаттылықты қалыптастыруда «Графика және жобалаудың» оқу пәнін оқу процесіне еңгізудің маңызы зор. Ол оқушылардың графикалық білімін жаңа концепциясын іске асырады. Концептуалдық ереженің негізін оқушылардың графикалық мәдениеті ретінде адамзаттың көзбен көретін ақпаратты графиканың дәстүрлік құралдарымен (қолмен, инструменттерді қолданып), сонымен қатар ақпараттық технологияларды (компьютерлік графика) қолданып өңдеу, түрлендіру және тасымалдау салаларындағы жетістіктерінің жиынтығын түсінеді.
Жобалық «Графика және жобалау» оқу пәнінің жаңа бағдарламасының жобасы оқушылардың графикалық мәдениетін және жобалау іс-әрекетін қалыптастыруға бағытталған. 3 кестеде оқу пәнінің құрылымы мен логикасы берілген.
«Графика және жобалау» оқу пәнінің мазмұнын реттейтін дидактикалық негізі оқушылардың графикалық білімінің жаңа концепциясы арқылы анықталады. Оның мағынасы «графика» және «жобалау» терминдеріне негізделіп, графикалық білімнің жаңа мазмұнын педагогикалық тұрғыда белгіленетін болады.
«Графика» деп Үлкен энциклопедиялық сөздік (ҮЭС) бойынша көзбен көретін ақпаратты тиянақтау құралын, ал «жобалау» нақты тіл (графикалық) нысанында ақпараттық түрде белгіленген объектілерді жасауға бағытталған зерттеу-жобалық мазмұны бар кез келген интеллектуалдық іс-әрекетті айтады. Алайда жобалау процесі тек қана графикалық іс-әрекетпен ғана шектелмейтінін айта кету керек.
Қазіргі заманда жобалаулық ақыл-ой мәдениеттің типтік сипаттарының аса маңызды бөлігі болып табылады, ол ғылымда, өнерде, білімде және адамның басқа да интеллектуалдық, шығармашылық қызмет салаларында кең қолданылады.
«Графика және жобалау» пәні жобаланатын объектілерді тек қана жазықтықтарда кескіндеуді ғана үйретіп қана қоймай, сонымен қатар болашақтың кескінін, іс-әрекеттің (жобалаудың) нәтижесін кеңістікте көре білуге баулитын болады.
Графикалық білім мазмұнының модульдері кәсіптік жобалау іс-әрекетінің ауқымдылығына байланысты анықталады. Әр модуль екі құрамдық компоненттен тұрады:
1 модуль. (Техника, технология және графика) - «Инженерлік графика», «Компьютерлік графика- I».
2 модуль. (Көркем образ және графика) - «Архитектуралық графика», «Компьютерлік графика- II».
3 модуль. (Жобалау графикасы) - «Сызба геометрияся және перспектива», «Компьютерлік графика- III».
4 модуль. (Ақпаратты, деректерді және білімді көзбен көру арқылы беру) - «Ақпараттық графика (Ақпаграфика)», «Компьютерлік графика- IV»
«Компьютерлік графика - I, II, III, IV» пәндерінің бағыттары мынадай болады:
- «Компьютерлік графика-I» - техника объектілерін конструкциялау және көзбен көру барысында «КОМПАС», «AutoCAD» бағдарламалық пакеттерін қолдану тәсілдерін меңгеру;
- «Компьютерлік графика-II» - архитектура және монументалдық өнер объектілерін конструкциялау және көзбен көру үшін «AutoCAD», «Arch CAD», «КОМПАС» бағдарламаларының пакеттерін қолдану тәсілдерін меңгеру;

- «Компьютерлік графика-III» - дизайн және декоративтік-қосалқы өнер объектілерін конструкциялау және көзбен көру үшін «Adobe Photoshop», «Corel Draw» бағдарламалық пакеттерін қолдану тәсілдерін меңгеру.


- «Компьютерлік графика-IV» - уақыт пен кеңістіктегі заттар мен фактілердің ара қатынасының деректік массивтерін графикалық кескіндеудің компьютерлік технологияларын қолдану тәсілдерін және олардың даму тенденцияларын меңгеру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет