Сабақ және оның құрылымы


Пластилинмен "картонға сурет салу" техникасы



бет62/73
Дата15.10.2022
өлшемі0.62 Mb.
#462777
түріСабақ
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   73
Көркем еңбек

Пластилинмен "картонға сурет салу" техникасы
Пластилинография – ермексаз арқылы сурет салу тәсілі. Бұл - бейнелеу қызметінің мүмкіндіктері көп ерекше түрі. Ол балаға көлемді игеруге, суретті бедерлі және тірі сияқты етіп жасауға мүмкіндік береді. Ерте жастан бастап бала ермексаз сияқты жұмсақ, иілгіш материалды біледі, бірақ әркім ермексаз арқылы сурет салуға болатынын біле бермейді. Пластилинография - бұл өте қарапайым және ерекше қабілеттілікті талап етпейтін техника.
1 кезең. Дайындық Бала алдындағы міндеттер: -
Басу тәсілін меңгеру.
Қысу тәсілін меңгеру.
Ермексазды саусақпен жаймалауды, тегістеуді меңгеру.
Саусақтың дұрыс қойылуын меңгеру.
Ермексаздың кішкентай бөлігін жұлып алу және екі саусақтың арасындағы шарды домалату тәсілдерін меңгеру.
Шектеулі кеңістікте жұмыс істеуді үйрену
№ 2 кезең. Негізгі Бала алдындағы міндеттер: -
Сурет контурынан шықпауды үйрену
Ермексаздың бірнеше түстерін пайдалануды үйрену.
Жұмыстың мәнерлілігі үшін, көмекші заттарды (сүйектер, қауырсындар және қолдана білу.)
Арнайы бедер басуды үйрену.
Істі аяғына дейін жеткізуді үйрену
Ұқыптылықты үйрену, өз жұмыстарын орындау
Басқа балалармен бірге ұжымдық композицияларды орындауды үйрену
Орындалатын әрекеттердің реттілігін қалпына келтіруді үйрену
Үлгі бойынша әрекет етуді үйрену
№3 кезең. Нәтиже, қорытынды кезеңінде
Баланың ұсақ қол моторикасы дамиды.
Шығармашылық қиялы артады.
Өзіне деген сенімділік пайда болады.
Жауапты болуға және жұмысты соңына дейін жасауды үйренеді.
Есіңізде болсын!
Бұл әдісте балаға жұмыс бергенде жас ерекшелігін ескеруіміз қажет күрделі жұмыс бала ынтасын жоғалтуы мүмкін
Симметриялы қағаз кесу техникасы
Симметрия- дегеніміз қандай да бір заттың екі жағының тепе-теңдігі, сәйкестігі.
Ал енді осы симметриялық бейнелеудің ең оңай жолы монотипиялық әдіспен парақты бүктеу арқылы жасап көрейік. Парақты бүктеп алып, жарты көбелектің суретін салып, оның үстінен бастыру арқылы бүтін көбелекті шығарамыз. Міне екі жағы бірдей тең, яғни симметриялы көбелек шықты. Жапырақты да сондай әдіспен жасаймыз. Монотипия дегеніміз: моно-бір, типия-баспа, яғни бірбасылымды сурет.
Қазақтың ұлтық ою-өрнектері өзінің әсемдігімен көз тартады. Ою-өрнектедің түрлері өте көп. Олардың әрқайсысы әртүрлі симметриялы. Сонымен қатар қазақ қыздарының әшекей бұйымдары да басқаларға қарағанда симметрия жағынан айқын көрінеді. оған мысал ретінде шашқа тағатын шолпы, білезік, белдік пен белбау сондайақ киіз үйдің жабдықтары сандықтың бетіндегі оюлардың барлығы симметриялы.балаларға симметриялы оюды көрсете отырып үлгісін кесіп алуды түсіндіру қажет Қағазды екіге,үшке бүктеу арқылы ою кескенде симметриялы бұйымның шығуы балалар үшін өте қызықты құбылыс болмақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет