Сабақ және оның құрылымы


Сабақ көркем еңбекке үйретудің негізгі формасы ретінде. 24. Сабақ көркем еңбекке үйретудің негізгі формасы ретінде



бет63/73
Дата15.10.2022
өлшемі0.62 Mb.
#462777
түріСабақ
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   73
Көркем еңбек

Сабақ көркем еңбекке үйретудің негізгі формасы ретінде. 24. Сабақ көркем еңбекке үйретудің негізгі формасы ретінде.

Көркем еңбек сабағы-оқушылардың білім мен іскерлік қабілетін арттырып қана қоймай олардың бойындағы шығармашылық ойлау қабілетін бала кезінен бастап қалыптастырады. Оқушылардың құралымен оқушылар іс-әрекеті қажеттілігімен және оларды мұғалім тарапынан басқару тәсілдерімен анықталады.


Еңбекке және кәсіпке баулудағы негізгі ұйымдастыру формалары болып
1. Сабақ немесе оқу.
2. Практикум.
3. Экскурция.
4. Өндірістік жағдайларға ұйымдастырылған еңбек практикасы.
Көркем еңбек пәнінің ерекшелігі, маңызы мен жаңаша оқыту әдістері Бүгінгі күнгі білім беру бағдарламасының басты бағыты - әрбір оқушыға нәтижеге бағытталған білім беру, дәстүрлі мәдениеттің негіздерін үйрету, оқушығы қолайлы жағдай жасау. Мектепте жүргізілетін көркем еңбек сабағының басты міндеті - жас ұрпақты келешекте кеңінен тараған кәсіптерді меңгеруіне көмектесу. Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сай мектептегі оқытудың негізгі міндеттері – білім беріп қана қою емес, білім мазмұны арқылы зерделі, білімді, ұлтымыздың болашағы үшін өз бетімен іс-әрекет ете алатан шәкірттерді дайындау.
Көркем еңбек пәні өз алдына мынадай міндеттерді көздейді:
- жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру;
- тұлғаның өздігінен айқындалуын қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттерін дамыту;
- оның өздігінен жетілуіне жағдай жасау;
- зерттеудің ғылыми әдістер туралы негізгі түсініктерін игеру;
- ұлттық қолданбалы өнерге қызығушылығын дамыту, ұлттық мәдениетті құрметтеуге тәрбиелеу;
Көркем еңбек сабағында оқушыларды еңбекке баулу олардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып,жүргізіледі.Көрем еңбек сабағы – әрбір оқушының рухани байып, дүниетанымын қалыптастыратын бірден-бір пән. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі өзінің лауазымдық міндеттеріне сай еңбекке баулудың, тәрбилеудің әдістемесі мен бағдарламасына сәйкес балаларды оқыту жұмыстарын жүйелі жүргізуі тиіс. Жұмысты тиімді ұйымдастыру ең бірінші даярлық типтік оқу бағдарламасына сай жасалатын күнтізбелік жоспардан басталуы шарт. Жоспардағы әрбір өтілетін тақырыпқа жете мән беріліп, оның өз мүмкіндіктеріне сәйкестігі, теориялық және практикалық сағаттарының мөлшері, қосымша компоненттерге байланысты мұғалімнің қосатын іс-әркеттері, оқу шеберханасының материалдық –техникалық базасы, оқу көрнекіліктері мен құралдарының жеткіліктілігі кеңінен зерделеніп барып, жоспарға енуі тиіс. Көркем еңбек пәні - жеке адамның дамып жетілуіндегі еңбектің негізгі құралы бола тұра, еңбек ету арқылы өз қабілетін, ата-бабасының ұлттық дәстүрлері мен өнерін одан әрі дамытуға, жалғастыруға бағытталған пән. Баланың ұлттық, тұлғалық, әдеп пен эстетикалық дамуына, кәсіп таңдауына, қазіргі әлеуметтік- экономикалық жағдайларға бейімделуіне жол ашады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет