Бүгіп тігу келесі түрге бөлінеді: ашық қиықты, жабық қиықты, жиектеп бүгіп тігу және астармен қосып тігу. Ашық қиықты бүгіп тігу сетінемейтін жүн матасынан тігілген әйел жакеті мен белдемше, кейбір балалар киімінің етегін өңдегенде және әр түрлі жүн матасынан дайындалған бешпент жағасының жиегін өңдегенде кеңінен қолданылады. Ашық қиықты бүгіп тігу ені 7-4мм, арнайы машинада бүгіп тігеді немесе жапсырып тігеді. Жабық қиықты бүгіп тігуді сетінегіш мата бұйымдарын өңдегенде кеңінен қолданады. Жабық қиықты етек қиықтарын бүгіп тігуде сетінейтін маталардың ішкі қиығын бүгу ені 3-7мм, сыртқы бүгу ені 4-40мм дейін. Жабық қиықты бүгіп тігу әйел пальтосының астар етегінде, ерлер жейдесінің төменгі қиығында немесе ақжайма қиықтарында қолданылады. Бүгу тігісінің ені 3-5мм, ішкі бүгу тігісінің ені 3-5мм. Жібек пен жүн маталарынан өңделетін пальто, белдемше мен көйлектің етегін жабық қиықты бүгіп тігуді шынжырлы бір жіпті жасырын тігісті машинада орындайды. Қалың маталарда сетінеуден сақтау үшін жиектеп бүгіп тігеді. Жиектеп бүгіп тіккен тігіс ені 5-7мм болады. Жиектеп бүгіп тігу әйел жакетінің етегін өңдегенде қолданылып, жиектелген қиығы қайықты тігіспен бекітіледі. Астармен қосып бүгіп тігуді астарлы киімдердің жеңін және бұйымның етегін астармен өңдегенде қолданылады. Бұйымның етегін астармен өңдегенде, жеңді бүгіп тігудегі тігістің ені 7-10 мм болады.
Жөрмеп тігу екі түрге бөлінеді: енмен жөрмеп тігу, әдіппен жөрмеп тігу, (жай және күрделі әдіппен жөрмеп тігу). Енмен жөрмеп тігуді орындау үшін бөлшектердің өң бетіне беттестіріп жиегімен тігіс жүргіземіз. Одан кейін бөлшекті өң бетіне аударады, негізгі бөлшектен 1-3 мм енде шеттік шығарып баса үтіктейді және үлгісіне қарай сәндік тігіс жүргізеді. Жөрмеп тігу ені 5-7 мм, енмен жөрмеп тігу көбінесе жаға, қақпақша жиегін өңдегенде қолданылады. Әдіппен жөрмеп тігу жай және күрделі түрлерге бөлінеді. Ал жай әдіппен жөрмеп тігуді бір тігіспен орындайды. Ол үшін бөлшектің қиығын қайырады, одан кейін оған екінші өлшемнің қиығын өң бет жағымен қояды. Содан соң екінші бөлшек жағынан тігіс жүргізеді, арақашықтығы 3-5 мм, ішкі қайыру сызығы 4-7 мм. Мұндай тігісті әйелдер киімі мен қалта, ілмекті жөрмеп тігуде қолданады. Күрделі әдіппен жөрмеп тігуді екі тігіспен орындайды. Алдымен негізгі бөлшекті екінші бөлшекпен біріктіріп тігісті айыра үтіктейді. Одан кейін екі бөлшекті өң бетіне аударады. Бұл тігісті қалың маталардан дайындалған бұйымдарда, әдіпті қақпақшалы қалталарды тігуде қолданады. Күрделі әдіппен жөрмеп тігуде тігіс ені 4-5 мм, ал әдіп ені 5-15 мм-ге дейін бөлінеді.Шеттік тігістерге жататын тігістер: - жиекті; - қайыру; - әдіпті
Достарыңызбен бөлісу: |