Сабақ жоспар № Экономика: таңдау мен шектеу туралы ғылым (Сабақтың тақырыбы) Модуль/пән атауы


Экономикалық теорияның құрылымы және атқаратын қызметтері



бет2/4
Дата09.07.2024
өлшемі66.81 Kb.
#502905
түріСабақ
1   2   3   4
№1 сабақ

Экономикалық теорияның құрылымы және атқаратын қызметтері
Экономикалық теория шеңберінде экономикалық талдаудың негізгі екі деңгейі ажыратылады және осы арқылы экономикалық теория ғылымы екі бөлімге бөлінеді:
1. Микроэкономика – бұл шектеулі ресурстар мәселесін жекелеген экономикалық агенттердің (үй шаруашылығы, фирмалар, т.б.) нарықтағы тәртіптері мен мінез-құлықтары тұрғысынан зерттейтін экономикалық теорияның бір саласы. Микроэкономикада 19 қолданылатын негізгі ұғымдар: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке, өндіріс факторлары, т.б.
2. Макроэкономика – бұл экономикалық мәселелерді біртұтас жүйе ретінде зерттейтін және агрегатталған өлшемдерді қолданатын экономикалық теорияның бір саласы. Макроэкономикада қолданылатын негізгі ұғымдар: жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, инфляция, жұмыссыздық, т.б.
Сонымен, экономикалық теория ғылымының адамға, оның қажеттілігі мен мүддесіне, олардың шектеулі ресурстар жағдайында тиімді шешім қабылдау мәселелеріне ерекше көңіл бөлетіндігіне көз жеткіздік. Экономикалық теория ғылымы адамдарды ең жақсы жағынан өмір сүруге ынталандырады және осы үшін тиімді экономикалық саясатты жүргізуді қарастырады. Жалпы экономикалық теория шаруашылық жүргізудің барлық түрлерін, қағидаларын, ережелерін, заңдылықтарын және ресурстарды тиімді пайдаланудың тиімді бағыттарын қалыптастырады.
5.Сабақ бойынша рефлексия
1. «Экономия», «саяси экономия», «экономикс», «экономикалық теория» ұғымдарының айырмашылықтарын көрсетіңіз?
2. Экономикалық теорияның зерттеу пәні болып не табылады?
3. Экономикалық теорияның ғылым болып қалыптасуындағы экономикалық мектептердің рөлі қандай?
4. Экономикалық теорияның қалыптасуы мен тарихи даму кезеңдері қандай?

Мына тұжырымдамалардың қайсысы микроэкономикаға және макроэкономикаға жататындығын анықтаңыздар:
а) үкімет бағаларды реттеу саясатын жүзеге асырады;
ә) ұзақ уақыт бойы құрғақшылықтың салдарынан Қазақстанның орталық аймақтарында егін шықпай қалды;
б) Қазақстанда минималды жалақы деңгейі 20 000 теңгені құрайды;
в) бюджет тапшылығын жою инфляцияны төмендетудің бір жолы болып табылады;
г) салықтарды төмендету елдегі іскерлік белсенділіктің жандануына мүмкіндік береді;
ғ) шәкіртақының мөлшері студенттің жанұясының орташа табысына немесе студенттің жеке табысына тәуелді болып келеді;
д) ұлттық ақша бірлігінің айналымға жіберілуі және оның айналымдылығы сыртқы экономикалық қызметті ырықтандырудың, экономиканың ашықтылық дәрежесінің элементі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет