Түстер және оны сипаттаудың әдістері
Түстерді компьютерге шығаруға мүмкіндік беретін, түстер сипаттамасы үшін арнайы құрал тағайындалған – ол түстер моделі. Оны компьютерлік графикада нәтижелі пайдалану үшін түс нүктелері электрондық сәуле әсерімен жарық береді Ол нүктелердің көлемі өте кіші (шамамен диаметрі – 0,3 мм). Әр түрлі нүктелердің бірігіп жарқырауынан басқа түстер пайда болады. Компьютер экранының әрбір шыққан жарық мөлшерін басқара алады. Сондықтан бояу нүктелерінің жарық қарқындығын өзгерте отырып мыңдаған түрлі бояулар алуға болады. Бір сөзбен айтқанда таңдалған түс негізгі үш түстең жарықтарынан
жасалады.Олар қызыл, жасыл және көк, егер олардың әрқайсысының қарқындығы 100 пайызға жетсе ақ түс пайда болады. Ал барлық үш жоқ болған жағдайда қара түс пайда болады. Компьютер мониторында қолданылатын аддитивтік түстер жүйесін RCB аббревматурасы деп атайды. Субтрактивті түстер жүйесі негізі мынадай түстерден тұрады: көгілдір, сары және күлгін. Осы үш түсті қолдану арқылы қара, қызыл, жасыл және көк түстерді алуға болады.Бұл негізгі түстерді әр түрлі мөлшерде араластыру арқылы көптеген басқа түстерді алуға болады.
Графикалық файлдар форматтары
Бейнені сақтау мәселесі оларды соңынан өңдеу үшін өте маңызды. Барлық қосымшалар үшін жарамды, біркелкі графикалық файлдар форматы жоқ және болуы мүмкін емес. Бірақ кейбір форматтар белгілі бір бөлімдер үшін стандартты болып қалыптасты. Графикалық файл форматтарын ажырата білу бейнені тиімді сақтау және әртүрлі қосымшалар арасында деректер алмасуды ұйымдастыру үшін өте маңызды.
Графикалық файл форматы сыртқы тасуыштағы графикалық деректерінің көрсетілуі және орналасу әдістері. Пайдаланушыға графикалық деректердің сақталуы туралы ақпаратты білудің қажеті жоқ. Дегенмен векторлық және расторлық формат ерекшеліктерін ажырата білу бейнені тиімді сақтау үшін маңызды. Векторлық файл форматтарының қарапайым графикалық объектілерді тұрғызуға арналған суреттерді сипаттайтын, командалар жиынтығы бар.
Расторлық формат файлының ерешеліктері:
Бейне өлшемі – суреттің көлденең және тік бағыттағы пиксельдер саны;
Биттік тереңдік – бір пиксель түсін сақтау үшін пайдаланатын бит саны;
Сүретті сипаттайтын деректер сол сияқты кейбір қосымша ақпарат.
Достарыңызбен бөлісу: |