Сабақ жоспары 1-сабақ Бөлім


Бекітемін:__________ Қысқа мерзімді сабақ жоспары 9-сабақ



бет20/31
Дата04.06.2024
өлшемі2.34 Mb.
#502306
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31
5кл әдебиет толық ҚМЖ 4-тоқсан

Бекітемін:__________ Қысқа мерзімді сабақ жоспары 9-сабақ



Бөлім:

4-бөлім: Отбасы құндылықтары

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :


Күні:


Сынып: 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Н. Ақыш. «Нағыз әже қайда?» әңгімесі. Шіркін, менің әжем

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

5. 1. 4. 1 көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту
5. 2. 2. 1 эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау;

Сабақтың мақсаты

Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқып, жатқа айта алады. Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтай алады.

Құндылықтарға баулу

Ұлттық мүдде құндылығы: қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу, қоғам игілігі үшін қызмет ету.
Ар-ұят құндылығы: адал еңбекті құрметтеу, сөзіне берік, ісіне адал болу, шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну.
Талап құндылығы: білуге, жаңаны тануға құштарлық, сыни және креативті ойлау, дұрыс қарым-қатынас орната білу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//
уақыты

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы
5 минут

Сабақтың ортасы


10 минут

20 минут


5 минут

Сабақтың соңы


5 минут

Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал
«Гүлмен тілек»
Гүлді алақанға ұстап тұрып, бір-бірлеріңе ізгі тілек айтыңдар
Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады.
1-тапсырма
Шығармадағы автордың бейнесін талдап, тұжырымдамалық карта арқылы анықта



Автор

Әже







Жанашыр




ЕББҚ оқушыға тапсырма
Сен автор ретінде осы шығарманы неліктен осылай бастадың? Егер сен автор болсаң осы шығарманы қалай аяқтар едің? деген сұрақтарға жауап дайында.
Өз жауабыңызды «Автор орындығында» оқы.


2-тапсырма
«Блумның кубигі» әдісі бойынша тапсырмалар беру.


АТА Шығармадағы кейіпкерлердің атын ата.
ТҮСІНДІР Шығарманың не туралы екенін түсіндір.
ОЙЛАН Жазушы ойы қандай?
НЕЛІКТЕН? Автор неліктен қыздарына әже іздейді?
НЕГЕ? Автор неге дастарқан басындағы әжені бірден ажырата алмады?
ҰСЫН Қима қағаздардың біреуін таңдап, үзіндіні оқып шық, мәнерлеп жатқа айт.
Қима қағаздардағы үзінділер:
1.Айналдырған екі бөлмені астан-кестен етіп мазаны ала бастаған кезде: «Келіңдер, ертегі айтып берейін», — деп жалынып-жалбарынып жүріп, үй ішінен безіп кеткен тыныштықты әрең қайырып алушы едім. Құрғақ ақылды құлақтарына қыстырмай, ойнақ салатын қос тентек «ертегі» деген кезде еріксіз жуасып, айтқанға оңай көнеді. Осылай алдап-сулаймын деп жүріп, бұл екеуін ертегі тыңдауға дәндетіп алған — менің өзім. Енді, міне, қымс етсе болғаны: «Папа, бізге ертегі айтып берші. Біз бұрын естімеген қызық ертегі..» — деп ай-шайға қарамастан, тақымдап келіп отырғаны. Тіпті, кейде мезгілсіз уақытта құмарта қалатындары бар.
2. Бұл екеуі — тек әженің ғана емес, жалпы қарт адамның мейірім-шапағатын сезінбей, балабақшаның бағымында, папасы мен мамасының қасында өсіп келе жатқан балалар. Әкем соғыста, шешем бертінірек қайтыс болды. Жалғыз әжем де уақыттың басқа салғанынан аса алған жоқ. Әйелім Балқыздың алыста жатқан әке-шешесі ауру-сырқаулы адамдар. Ұғымына жат нәрсе болғандықтан, «әже» дегеннің кім екенін төрт жасар сәби шынында да қайдан білсін.
3. Мен «әже» деген жанның жасы келген үлкен кісі екенін айтып, бірдемені әлсіздеу түсіндірген болып едім, онша нанымды шыққан жоқ. Жауабыма Аяның қанағаттанбай қалғаны анық еді.
— Папа, сен бізге бәрібір нағыз әжені көрсетесің ғой. Айтшы, көрсетесің бе? — деді сосын ол жаңағыдан гөрі жадыраңқырап. Аялы жанарларында тұтанған үміт ұшқынын жасырмай, сәбилік сеніммен бетіме тура қарайды.
Мен уәде еттім. Бірақ оны қалай орындайтыным туралы сол сәтте ойланған жоқ едім.


Қорытындылау
«Төрт сөйлем» тәсілі арқылы әңгіме туралы пікірлеріңді білдіріңдер:
Пі кір. Шығарма бойынша өзіндік пікірлеріңді бір сөйлеммен айтыңдар. Дәлел. Пікірлеріңді бір сөйлеммен дәлелдеңдер.
Мысал. Пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіріңдер.
Қорытынды. Шығарма мазмұны бойынша қорытынды шығарыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет