1-тапсырма
«Джиксо» әдісі арқылы берілген үзіндіні оқып, мазмұнын талдау
2-тапсырма
1.Д.Лондон «Мексика ұлы» әңгімесінің композициялық құрылымына талдау жаса
Композиция
|
Басталуы
|
|
Дамуы
|
|
Өрбуі
|
|
Шиеленісуі
|
|
Шарықтау шегі
|
|
Шешімі
|
|
2.Құрылымы бойынша шығарманы өз сөзіңізбен әңгімеле.
ЕББҚ оқушыға тапсырма
«Мексика ұлы» әңгімесінің желісі бойынша берілген сөйлемдерден сюжеттік кезеңдерін суретпен сәйкестендір.
|
«Мексика ұлы» әңгімесі бойынша үзінділер
|
Суреттер
|
А
|
Гонг қағылды да, айқас басталып кетті. Көрермендер бір серпіліп, алға ентелей қалысты. Шыдамсыздана шиыршық атып тұрған Дэнни екі аралықты бір-ақ аттап, Мексика баласын екі шайнап, бір жұту мақсатымен дүрсе қоя берді. Ол «ә» дегеннен-ақ Ривераға жұдырықты жаңбырдай жаудырып кеп жіберді.Тәжірибелі де шебер боксшының тұс-тұсынан төпелеген соққылары Ривераны жел айдаған қаңбақтай дөңгелетіп әкеп, керме арқанға жапсырды.
|
1
|
Ә
|
Дауыл толқынтқан теңіз шуындай ду соғылған шапалақтар үнінен селт етіп, басын көтерген Ривера айналасында құрдай жорғалаған жаттықтырушылар мен секунданттарын ертіп, орталық алаңға келе жатқан Дэнни Уордты көрді.
|
2
|
Б
|
Спайдер Ховерти Ривераның тоқыма көйлегін басынан сыпырған кезде, зал іші күңіреніп кеткендей болды. Қара торы өңі оны барынша арық та әлжуаз етіп көрсетті.Рас, бұлшық еттері оның бар болатын, бірақ қарсыласымен салыстыруға келмейтін. Алайда алабұртқан көпшілік оның апайтөс кең кеудесін байқай алмай қалды.
|
3
|
Достарыңызбен бөлісу: |