3.Жағымды ой-пікір (дәйексөз) әңгіме
|
Жақсыға қарасаң, жаның жадырайды.
Мақал.
Жақсы адамның қасында неге қуанышқа бөленесің?
Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?
Дәйексөзді алдымен мұғалім дауыстап оқып береді. Сосын балаларға дауыстап қайталап айтуды ұсынады. Мұғалім оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінгендерін сұрайды.
Қорытынды: Жақсы адамдар әрқашан жадырап, көңілдері көтеріңкі жүреді. Олар ақжарқын, кеңпейілді жүздері жылы болып келеді.
|
Дәйексөзді Бірінші ұл балалар қайталайды, сосын қыз балалар қайталап оқиды. Өз ойларын айтады.
|
4. Оқиға айту (әңгіме)
|
Мұғалім оқушыларға А. Ормантаевтың «Сәулет пен Дәулет» әңгімесін оқып береді. Сұрақтар қою арқылы кеңпейілділік, ақниеттілік, ақкөңілділік қасиеттерінің мәнін ашады.
Сәулет пен Дәулет
А. Ормантаев
Дәулет жетіде, Сәулет алтыда. Түс ауа Дәулет сыртта ойнап жүрген.
– Сәулет қайда? Ойынға неге келмеді? – деді кішкентай Зәуреш Дәулетке.
– Білмеймін.
Ол жүгіріп үйге кірді. Сәулет еден жуып жатыр екен.
– Бүгін мамамның туған күні. Жұмыстан шаршап келеді. Үйді тазалап, еденді жуып қояйын деп жатырмын.
Дәулет қатты ұялды.
– Кел, екеулеп жуайық, – деді қызарақтап.
– Жарайды.
Олар еденді екеулеп жуды. Үйді жинастырды. Сай жағасынан гүл теріп әкелді.
– Мама, туған күніңіз құтты болсын! – деп, екеуі жұмыстан келген мамаларына гүл ұсынды.
– Рақмет, рақмет, құлыншақтарым! – деді мамалары екеуінің бетінен кезек-кезек сүйіп.
– Мама, бұдан былай күн сайын еденді біз жуып қоямыз. Жарай ма? Түк те қиындығы жоқ екен, – деді Дәулет.
– Иә, мама, түк те қиындығы жоқ.
Сәулет те оны қоштап жатыр.
– Міне, адам болды деген. Айналып кетейін сендерден! – деп, аналарының көзінен ыстық жас ыршып кетті.
Сұрақтар:
Сәулет пен Дәулет аналарына қандай тосын сый жасады?
Сендер айналаңдағыларға қалай қуаныш сыйлайсыңдар?
Басқаларды қуанышқа бөлеу үшін адамға қандай құндылықтар ықпал етеді?
Өзіңнің жақындарыңды қуантқан кезің туралы әңгімелеп бер.
|
Оқушылар оқиғаны тыңдағаннан кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, кеңпейілділік, ақниеттілік,
ақкөңілділіктің адам өміріндегі маңыздылығы туралы ой түйеді.
|
|