15 минут
|
Бекіту тапсырмасы
|
«Аквариум» әдісі арқылы берілген жаңа тақырыпты топпен талқылап,ой-пікірлерімен санаса біліп, топпен ортаға салады.
ҚБ: «Қолпаштау» әдісі арқылы мұғалім оқушыларды ынталандырып, әрі қарай жұмыс істеуге жетелейді.
(Жұптық)Тапсырма-1: «Шыршаны безендір» әдісі арқылы тапсырманы жұппен талқылайды, өз ойларын ортаға салады, 2-ге бөлінетін сандарды тауып, тексереді, нәтижесін қағазға жазылған тапсырмаға қатысты сәйкестендіріп жауабын көрсетеді. Жауаптың дұрыстығын анимациялық презентация арқылы тексереміз( жауап дұрыс болса шар немесе жұлдыздар шыршаға ілінеді, дұрыс емес жауап берілсе, онда жыпылықтайды).Берілген сұрақтар арқылы жұптар бір-біріне сұрақ қою арқылы диалогке түседі.
Дескриптор:
Берілген сандардың 2-ге бөлгіштерін таңдайды;
ҚБ: «Шапалақтау» арқылы жұптар бірін-бірі бағалайды.
Жетекші сұрақтар:
Бөлу кезіндегі сандар қалай аталады?
а : b = с (Жауабы: а — бөлінгіш, b — бөлгіш, с — бөліндінің мәні)
Бөлінгішті қалай таба аламыз?
Бөлінгішті табу үшін бөлгіш пен бөліндінің мәнін көбейтеміз.
Бөлгішті қалай табуға болады?
Бөлгішті табу үшін бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлеміз
ҚБ: «Басбармақ» арқылы бойынша бағалайды.
Жетекші сұрақтар:
Натурал сандардың бөлгіштері деп қандай санды айтамыз?
Натурал сандардың бөлгіштеріне мысал келтіріңіз.
«Бөлінді» мен «бөлінгіш» сөзінің айырмашылығы неде?
Натурал сандардың бөлгіштерін қалай табамыз ? 12 саны арқылы түсіндіріңіз.
Қай натурал сан берілген натурал санға еселі?
2 санына еселі және еселі емес сан.
|