Сабаќ жоспары «Бекітемін»


Өткен тапсырма бойынша қайталау сұрақтары



бет49/79
Дата18.05.2022
өлшемі0.68 Mb.
#457054
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   79
0000a2be-4a2c6420

Өткен тапсырма бойынша қайталау сұрақтары

1.Жиым дегеніміз не?


2.Қарапайым және күрделі типтерді қалай ажыратамыз?
3.Жиым элементтерінің орны қалай анықталады?
4.Индекс дегеніміз не, оларға қандай талап қойылады?
5.Жиым элементтерімен индекстерінің типтері қандай болуы мүмкін?
6.Жиымды қалай сипаттаймыз?
7.Жиым элементтері мен индекстерінің типтері қандай болуы мүмкін?
8.Айнымалылар мен тұрақтылар дегеніміз не?
9.Жиымдарды программаға енгізу және шығару әрекеттері қалай ұйымдастырылады?
10.Программаның нәтижесін қалай көреміз?


Жаңа сабақты түсіндіру
Көмекші программалар туралы жалпы түсінік
Програманың адам түсінуі мен қабылдануына ыңғайлы жүргізуге бағытталған тәсілдер жиының құрылымдық программалау деп атайды. Әрбір программа бөліктері бір-бірімен логикалық байланыста болады,оның бір жеріне екінші бір жеріне секіру болмауы тиіс. Құрылымдық программалау-goto операторынсыз программалау болып саналады, яғни шартсыз көшу операторын пайдаланбау керек. Кез келген программа саны шектеулі стандартты логикалық құрылымдардан құралады. Негізгі логикалық құрылымдар:
- сызықтық құрылым- программадағы операторлардың немесе олардың топтарының жазылу реттелігімен тізбектеле орындалуы.
- тармақталу- берілген шарттың орындалу-орындалмауы бойынша алдын ала көрсетілген бірнеше мүмкіндіктің бірін жүзеге асыратын басқару құрылымы.
- қайталау- көрсетілген шарттың орындалуына байланысты оператор тобының циклде қайталануы.
Әдетте, циклден тыс кейбір әрекеттер тізбегін программаның бірнеше жерінде қайталауға тура келеді. Практикалық есептерді шығару кезінде де негізгі программаның білгілі бір бөлігін әр түрлі мән бере отырып, бірнеше рет қайталап пайдалануға тура келеді.Мұндай бір-біріне ұқсас программа бөліктерін қайталап жаза бермеу үшін оны жеке программа ретінде қарастырып,керек кезінде орындап отыру қолайлы.
Белгілі бір ат қойылып,жеке программа түрінде бөлек жазылған,қажет кезінде оны қайталап пайдаланып отыруға болатын негізгі программаның арнайы бөлігін көмекші немесе қосалқы прграмма деп атайды.
Қосалқы программаны пайдалану
- негізгі программаның көлемін кішірейтеді
- негізгі программада пайдаланылған айнымалыларды қосалқы программада да пайдалану мүмкіндігін береді.
- қосалқы программаға берілген компьютердің жедел жады көлемін ол орындалмай тұрғанда,бос ұя ретінде басқа мақсаттарға пайдалануға болады.
- қосалқы программаны пайдалану тәсілдері құрылымдық программалау талаптарына сай келеді.
Белгілі бір әрекеттерді орындау мақсатында алдын ала бекітілген аты бойынша шақырылып орындалатын программаның тәуелсіз бөлігі процедура деп аталады.Функция да процедура секілді орындалады,бірақ оның процедурадан екі айырмашылығы бар,олар функция аты өрнектердің операнд рөлін атқар алады,функция орындалмаған соң,програмаға тек бір ғана мән береді.Жұмысының нәтижесі бір ғана болатын працедуа функция деп аталады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет