Жанатын зат дегеніміз- жанғыш заттар ( сутек, метан, пропан, этан) . Сұйық жанғыш заттар ( ацетон, бензин, бензол, диэтил эфир) . Қатты заттар қатты заттар (полистиролл,ағаш өнімдері,қағаз бұйымдары)
Өрттің алдын алу шаралары
1.құрылыстық-жобалау;
2.техникалық;,
3.ұйымдастырушылық;
Жану процесінің физико-химиялық негіздері.
Жану дегеніміз көп мөлшерде жылу мен жарық бөліну мен өте тез жүретін химиялық тотығу реакциясы. Жану реакциясы болу үшін жанғыш заттың көп мөлшері және тұтатқыш көзі болуы керек. Жану процесі гомогенді және гетерогенді деп екіге бөлінеді.
Гомогенді жану дегеніміз – бастапқы заттар бір агрегаттық күйде болатын жану. Мысалы: газ-газ, сұйық-сұйық. . Гетерогенді жану дегеніміз- бастапқы заттар әртүрлі агрегаттық күйде болады және жанғанда бөліну шекарасы байқалады. Мысалы: қатты және сұйық заттың оттегі қатысында жануы. Жанудың жалынының таралу жылдамдығына байланысты дефлаграциялық (ондық м\с), жарылыстық (жүздік м\с), детонациялық (мыңдық м\с) бөледі, көбінесе өрттер дефлограциялық жанумен ерекшеленеді. Жанғыш және тотықтырғыштардың қатынасына байланысты қоспаларды кедей және бай қоспалар деп бөледі. Кедей қоспалардың құрамында тотықтырғыштар көп болады, ал бай қоспалардың құрамында жанғыш заттардың мөлшері көп болады. Өздігінен тез жүретін химиялық жану реакциясының 3 түрі бар: жылулық, тізбектік, комбинирленген.
Шынайы жану процесі комбинирленген, тізбектік, жылулық механизм бойынша өтеді. Жану процесінің пайда болуының бірнеше этапы бар: тұтану, жарқ етіп жану, тұтанып жалындау, өздігінен жану, атылып жану.
Жанудың және жарылыстың физико-химиялық негіздері. Жану және жарылысқа қажетті жағдайлар.
Жану – жылу және жарық бөлінуімен бірге жүретін тотығудың химиялық реакциясы. Үрдістің жүру жылдамдығына байланысты жану өздігінен жану және жарылыс түрінде болуы мүмкін.
Жарылыс – қалыпты мөлшерде жарық пен жылудың аз уақытқа бөлінуімен жүретін жанудың жеке түрі.
Жану процесі үшін:
Жанғыш заттан және тотықтырғыштан тұратын жану ортасы
Жалын көзі болуы керек.
Жану үрдісі пайда болуы үшін жану ортасы жалын көзінің көмегімен белгілі температураға дейін қыздырылған болуы керек. Жану пайда болғаннан кейін жану аумағы жанудың тұрақты көзіне айналады. Жанудың пайда болуы немесе жалғасуы жанғыш зат пен оттегінің белгілі жану көзінің жылулық энергиясының қоры болғанда ғана мүмкін болады. Тұрақты жанудың үлкен жылдамдығы таза оттегіде байқалады, ең азы ауада 14-15 пайыз оттегі болғанда байқалады. Ауада оттегі аз болғанда заттардың үлкен бөлігінің жануы тоқтайды.
Жанудың келесі түрлері:
Толық жану кезінде көміртегі оксиді, су, азот, күкіртті ангидрид, фосфорлы ангидрид жану өнімдері болады. Толық емес жануда өткір иісті, улы жанғыш және жарылысқа қауіпті заттар түзіледі: көміртегі оксиді, спирттер, қышқылдар, альдегидтер т.б. Заттардың жануы тек оттекті ортада ғана емес, сонымен қатар хлорлы, бром буы бар күкіртті орталарда да жану жүруі мүмкін.
Жанғыш заттар үш агрегаттық күйде болады: сұйық, қатты, газ тәрізді. Жеке қатты заттар қыздырғанда ериді де, буланып кетеді, тағы біреулері ыдырайды және газ тәрізді өнімдер мен көмір түріндегі қатты қалдық бөледі, келесілері ыдырамайды және балқымайды. Жанғыш заттардың көпшілігі агрегаттық күйіне тәуелсіз қыздырған кезде газ тәрізді өнімдер түзеді, олар оттегімен араласқанда жанғыш ортаға айналады. Жанармайды және тотықтырғышты агрегаттық күйіне байланысты былай бөледі:
гомогенді жану – газ тәрізді тотықтырғыштыортада газдардың және бу түзуші жанғыш заттардың жануы.
жарылғыш заттардың және күкірттің жануы
гетерогенді жану газ тәрізді тотықтырғышты ортада сұйық және қатты жанғыш заттардың жануы
сұйық жанғыш қоспа – сұйық тотықтырғыш жүйесіндегі жану
Жалынның таралуы. Жану теориясының негізгі сұрағы. Жалынның таралуының келесі режимдерін қарастырады:
жанудың қалыпты режимі;
дефлеграционды жану;
детонация.
IV. Қорытындылау
V. Бағалау
VI. Үй тапсырмасы
Бақылау сұрақтары:
Жалынның таралу түрлері?
Жанудың түрлері?
Тотықтырғыштарға нелер жатады?
Жану сипатына байланысты құрылыс материалдары қанша түрге бөлінеді?
Өрттің алдын алу шаралары?
Достарыңызбен бөлісу: |