Сабақ жоспары Жану туындау шарттары және өрттің топтастырылуы (сабақ тақырыбы) Модуль /пән атауы



бет2/3
Дата11.10.2022
өлшемі26.19 Kb.
#462440
түріСабақ
1   2   3
абак жопары 35

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру:
Жану дегеніміз- күрделі физико-химиялық процесс. Жану кезінде жанатын затпен тотықтырушылар қосылады да, жылу және жарық бөледі. Қандай да болмасын жану процесі үшін мөлшерлі және тотықтырғыштар керек.
Тотықтырғыштар: оттегі, хлор, бром, азот қышқылы, бертоле тұзы.
Жанатын заттар: қатты, сұйық, газ күйінде кездесуі мүмкін. Бұл заттардың барлығы жанған кезде жарық және жылу шығарады.
Жанудың түрлері. Жанудың бірнеше түрлері бар:

  • Жарқ етіп жану-қатты және газ күйіндегі заттардың жоғарғы жағында пайда болған булардың тез жануы;

  • Тұтанып жалындау – заттардың қайнау температурасына дейін қызып жануды қолдайтын заттардың булануына дейінгі кезеңді айтады. Тез жалындайтын 47-50С жанатын 50-80С ;

  • Өздігінен жалындау – заттардың басқа жылу көздерінен қызып, өзіндік қызуға айналуы.

  • Өздігінен жану дегеніміз – заттардың өздігінен қызуы арқылы болған жануды айтады.

  • Атылып жану дегеніміз – заттардың тез арада көп мөлшерде жылу шығарып, газ қысымының жоғарлауын айтады.

Жану сипатына байланысты құрылыс материалдары 3 түрге бөлінеді: жанбайтын, қиын жанатын, жанатын.
Жанбайтын зат дегеніміз – атмосфералық ауада жануға қабілеті жоқ заттар. Оларға материалдар, қоспалар, бұйымдар. Жанбайтын заттардың көпшілігі өртке қауіпті. Оларды мынандай топтарға бөлуге болады
Жанатын өнім бөлетін заттар немесе сумен және бір-бірімен әрекеттескенде жылу бөлетін заттар. Олар: кальций карбиді, металл күйіндегі натрий, қортылмаған әк , сұйытылған қышқылдар ( күкірт және тұз)
Тотықтырғыштар: калий пермаганаты, натрий оксиді, хром оксиді, қорғасын оксиді, азот қышқылы, сұйық оттегі.
Ауада өздігінен жанатын зат – сары фосфор және сұйық сутектік фосфор.
Қиын жанатын зат дегеніміз – тұтатқыш немесе жанғыш көздің әсерінен жануға қабілетті заттар. Бұл заттар жанғыш көз жойылғаннан кейін жанбайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет