6.Бағалау
5 - тапсырма Әр оқушыға шығармадағы кейіпкер бейнесін сипаттайтын үзінді жазылған үлестірме қағаздар таратылады. Оқушылар үзіндіні жатқа айтып, кейіпкерлерге портреттік мінездеме береді.
«Жас жігіттің дауысы аңсағанын көргендей қуанышты шықты. Оның астында жалын өрген қылаң бесті, үстінде өңіріне зер ұстаған кең мақпал қамзол, талдырмаш белін қызыл үдері белбеумен қынай буған, басында төбесін көк мақпалмен тыстаған құндыз бөрік. Тек ер-тұрманы ғана жұпынылау. Бір кезде көк сауырлап жез шегені тізілте қаққан ері басқа біреудің астынан ауысқан сияқты, әбден тозып, бояуы оңып, жарғақтанып кеткен. Ердің артындағы ұзын қызыл қоржыннан шекпен қап кигізген домбыраның мойны шығып тұр. Оның қасындағы күрең атты – жасы елуді алқындырған, әдемі дөңгелек қара сақалды, биік дөңес мұрынды, кішілеу өткір қоңыр көзі биік қабағының астында терең ұялаған, қағылез кісі. Бұл осы өңірге аты кең жайылған Естемес күйші еді. Ол маңдайына тосқан қолын түсіре берді де, етсіз салалы саусағымен қамшысының ұшын қағып алды».
Оқушылар жаттаған үзінділерін жұптасып тыңдайды. Содан кейін сыныппен «Нар идірген» күйін тыңдаған кезде қандай сезімде болдың? Жұбыңды тыңдаған кезде оның сезімі қалай көрінді?, Кейіпкерге портреттік мінездеме беруде неге ерекше мән бердің?» сұрақтарына жауап беріп, талқылайды. Сұрақтар мүмкіндік болса интерактивті тақтадан немесе флипчартқа жазылып тақтадан көрсетілуі керек. Сабақ соңында оқушылар: «Мен үш тапсырмада нәтижеге жеттім... ; Мен өте жақсы нәтижеге жетер едім, егер... ; Егер қайта орындауға мүмкіндік болса онда мен... жасар едім» деген «Жетістік» бағалау парағын толтыру арқылы өзін- өзі бағалайды.
|
Халық күйі «Нар идірген»
https://www.youtube.com/watch?v=TFFRkOuU58A
|
Сабақтың соңы
2минут
|
Кері байланыс: «Сенің сұрақтарың...» парағы
1. Cенің сұрақтарың...
2. Сенің есіңде ерекше қалатын ойлар...
3. Сенің бүгін білгенің… - оқушылар жауаптарын стикерге жазып, тақтаға апарып іледі
Үй тапсырмасы: сабақ.Т. Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесін
дегі кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау.
|
Стикерлер
|
Достарыңызбен бөлісу: |