Сабақ жоспары Мектеп: «Т. Рысқұлов атындағы орта мектебі және мжи» кмм



бет4/8
Дата27.01.2023
өлшемі39.38 Kb.
#468818
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
6- сынып кмж (1)

Тапсырма №2. Жеке жұмыс. Жазылым тапсырмасы.
Мақсаты: Оқылым материалы бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.
Дескрипторлар:
1. Берілген мәтінді оқиды;
2. Мәтіндегі маңызды ақпараттарды белгілеп алады;
3. Іріктелген ақпараттар негізінде мәтінді өз сөзімен жазады.

Тапсырманы орындау барысы. Берілген мәтінді мұқият түсініп оқиды. Оқу барысында мәтіндегі маңызды ақпараттарды белгілеп отырады. Кестенің екінші бағанына белгіленген ақпараттарды қолдана отырып, мәтін мазмұнын жинақтап жазады.





Мәтін

Жинақы мәтін

Сәби тәрбиесі мен мінез-құлқын қалыптастыруда бесік жырының орны мүлде бөлек. Ол баланың көкірек көзін ашады, жан-жүйесін тербейді, бойын сергітеді, көңіл-күйін көтереді. Әже мен ананың әлдиі сәбидің алғашқы өнер мектебі екені белгілі. Ұлы Абайдың: «Туғанда дүние есігін ашады өлең», - деуі тегін емес. Бесік жырында ұлттық тәрбиенің үздік үлгісі жатыр.
Бесік тербетуге жараған баланың өзі бөпесін өлең айтып ұйықтататын. Бұрын ананың бесік жырын сәби ғана емес, ауыл балалары, тіпті үлкендер де құлағын салып тыңдап отыратын.
(«Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» кітабынан)




Қалыптастырушы бағалау. «Сөйлегіш қолдар» әдісімен дескрипторлар арқылы жұптар бірін-бірі бағалайды. Жұбының жауабына қанағаттанған оқушылар бір-бірімен амандасады. Бір-бірінің жауабына қанағаттанбаған оқушылар қол беріспейді.


Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Бұл тапсырмадан не үйрендік?

  • Жинақы мәтін жазуда қандай кедергілер болды?



Тапсырма №3. Жеке жұмыс.
Мақсаты: Берілген тапсырмалар бойынша интербелсенді тақтадағы тапсырмаларды орындайды.
Дескриптор:

  • Суреттердің тақырыптарын ажыратады.

  • Қысқаша түсінік береді.

  • Берілген тапсырмаларды орындайды.

«Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша жұмыс жүргізеді. Кітаптағы 5-тапсырманы негізге ала отырып, интербелсенді тақтадан оқушылар жеке-жеке шығып тапсырмаларды орындайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет