1-тапсырма. «Болжау әдісі» арқылы сабақың тақырыбын анықтау.
Берілген үзінділердің тақырыбын анықтап, үзінді арқылы кейіпкерлердің іс-әрекетіне өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
Дескриптор:
-өткен тақырыптарды еске түсіреді;
-берілген үзінді арқылы шығарма тақырыптарын анықтайды;
-кейіпкерлердің іс-әрекетіне өз көзқарасын білдіреді. Өзіңді тексер!
Жарайсыздар, балалар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесінен үзінді. Сенім арту.
Оқушылар «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көреді.
Анықтама бұрышы
Портрет – бұл адамды бейнелеу. Портретте адамның ұзына бойы, отырған қалпы немесе бет - пішіні ғана бейнеленуі мүмкін. Осы көріністің бәрі - портрет деп аталады.
Жазушы адам портретін жасау үшін, оны оқушыларына жеткізіп беру үшін теңеу, эпитет, метафора тағы басқа бейнелеу құралдарын қолданады.
Жазушы шығармаға қатысушылардың сыртқы портретімен қатар ішкі портретін – мінезін, құлқын, наным-сенімін, дүниеге көзқарасын суреттейді. Әдебиетте мұны мінездеу дейді.
ТТ.Әр топқа тапсырма беріледі.
1-топ. Шығармадағы басты кейіпкер, Қожаның портретін сипаттайтын сөз тіркестері мен сөйлемдерді тауып жазыңыз. Шығарма негізінде кейіпкердің маңызды үш іс-әрекетін анықтаңыз.
Дескриптор:
-кейіпкер портретіне қатысты сөз тіркестері мен сөйлемдерді тауып жазады;
-маңызды үш әрекетін анықтайды
2-топ. Төмендегі сұрақтарды негізге ала отырып, ойыңызды төрт сөйлеммен жеткізіңіз.
- «Сенім» деген сөзді қалай түсінесіз?
- Сіздің ойыңызша, Қожаға сенім артуға бола ма?
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,…»
Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін…»
Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын…»
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім…»
Достарыңызбен бөлісу: |