5.Жинақтау
Жаңа үлгіде әртүрлі тәсілдермен элементтерді қиыстыру арқылы ақпаратты жүйелеу немесе балама шешім ұсыну:
|
10 мин
| Жинақтау кезеңі
Төрт сөйлем
1. Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірлеріңізді бір сөйлеммен жазыңыздар.
2. Дәлел. Өз пікірлеріңізді бір сөйлеммен дәлелдеңіздер.
3. Мысал. Пікірлеріңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіздер.
4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыздар.
|
Білімалушылар өз пікірлерін сөйлеммен дәлелдеп, тақырып бойынша қорытынды шығарады.
|
Кері байланыс
|
5 мин
|
«Пирамидалық талқылау» стратегиясы
Топ мүшелері өз пікірін жеке жазып, ортада талқылап, ортақ пікір қалыптастырады. Топ мүшелерінің саны 4 оқушыдан болуы керек. Әр топ таратылған флипчарт қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады. Жауаптармен танысып, ойларын қорғайды.
|
Әр топ таратылған флипчарт қағазға тапсырмаға байланысты жеке өз ойларын жазады.
Жауаптармен танысып, ойларын қорғайды.
|
5.Үйге тапсырма:
|
5 мин
|
Абай қарасөздері негізінде бір қарасөз жазу
|
|
6.Оқу іс-әрекетінің рефлексиясы
|
5 мин
|
«Бес саусақ» әдісі арқылы қорытады.
1.«Бас бармақ»- Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?
2. «Балалы үйрек»- бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза еттім?
3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
4. «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақ маған ұнадыма? Неліктен?
5 «Кішкентай бөбек»-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?
|
«Бес саусақ» әдісі арқылы қорытынды жасайды.
|