І. Ұйымдастырушылық кезеңі
|
Уақыт (минут)
|
Сәлемдесу
|
5
|
Білімгердің сабаққа дайындығын тексеру
|
5
|
Білімгердің зейінін сабаққа аудару
|
5
|
|
|
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау немесе үй тапсырмасын сұрау
|
10
|
Студенттерден өткен сабақ бойынша үй тапсырмасын сұрау.
|
Жеке балл қойып топпен жұмыс жасау.
|
|
ІІІ. Жаңа тақырыпты енгізу( жаңа тақырыпты түсініру, баяндау, оку т.б)
|
25
|
Ақпараттық технология түсінігі.
|
Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялар байланысы
|
Экономикалық ақпараттық жүйелердегі жаңа технологиялар.
|
|
|
IV. Жаңа сабақты бекіту( жаттығулар орындау, сұрақ- жауап, тапсырмалар)
|
20
|
Өтілген жаңа тақырып бойынша сұрақ-жауап , тапсырма беру
|
Жаттығулар орындау.
Деңгейлік тапсырмалар беру.
|
|
|
V. Сабақты қорытындылау( білімгердің сабақ барысында алған білідерін қорытындылау және бағалау)
|
5
|
Сұрақтарға жауап берулері арқылы және тапсырма нәтежиесіне байланысты білімгерлерге бағалау жүйесі арқылы балл қою.
|
|
VI. Үйге тапсырма
|
5
|
Өз бетінше сабаққа дайындалып, мәтіндік редакторың жаңа мүмкіндіктерін анықтап келу.
|
Ақпараттық технология түсінігі.
Экономиканы басқаруда ақпараттық жүйелердің құрылуы және қызмет етуі ақпараттық технологияның дамуымен тығыз байланысты.
Ақпарат дәстүрлі материалдық ресурстар, мысалы, мұнай, газ, пайдалы қазбалар т.б сияқты қоғамдағы маңызды, бағалы ресурстардың бірі болып табылады.
Ақпараттық технология - құбылыстардың немесе процестердің, обьектілердің жағдайы туралы жаңа сапалы ақпарат алу үшін қажетті өңдеудің, жинаудың және таратудың әдіс-тәсілдерінің жиынтығын пайдаланатын процесс.
Ақпараттық технологияның мақсаты - адамның оны талдауы және оның негізінде қандайда бір қызметті орындау туралы шешімді қабылдауы үшін ақпаратты өндіру.
Ақпараттық технология ақпараттық жүйелермен тығыз байланысты. Ол оның негізгі ортасы болып табылады. Ақпараттық технология компьютерде берілген, сақталған әр түрлі дәрежедегі қиындықтағы операцияларды, қызметтерді, этаптарды орындаудың нақты рәсімделген ережелерінен тұратын процесс болып табылады.
Ақпараттық технология, басқалар сияқты, келесідей талаптарға жауап беру керек:
- ақпаратты өңдеудің барлық процесінің этаптарға (фазаларға), операцияларға мүшеленуінің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету.
- қойылған мақсаттарға жетуге қажетті барлық элементтерді қосу.
- тұрақтылық сипаттың болуы.
Нарықтық қатынастар жағдайында ақпаратқа және ақпараттық қызметтерге сұраныстың өсуі ақпаратты өңдеудің кең көлемді техникалық құралдарының, әсіресе, электронды есептеуіш машинаның және байланыс құралдарының өсуіне алып келді.
Ақпараттық технологияны этаптардан, қызметтерден, операциялардан тұратын иерархиялық құрылымнан көруге болады.
1 - деңгей- этаптар- салыстырмалы түрде ұзақ технологиялық процестер іске асыра алады.
2 - деңгей-операциялар- 1-деңгейдегі программалық ортада таңдалған нақты обьектінің құрылуы орындалады.
3 - деңгей- қызметтер- сәйкес операцияларға қойылатын мақсаттарды орындауға әкелетін әрбір бағдарламалық жұмыс тәсілдерінің стандартты жиынтығы.
Қоғамдағы ақпараттық ресурстарды қолданудың маңызды құраушы процесі болып ақпараттық технологиялар табылады. Қазіргі уақытта ол көптеген кезеңдерден тұрады. Бұл ең алдымен ғылыми техникалық прогрестің дамуымен, ақпаратты өңдейтін жаңа техникалық құралдардың пайда болуымен байланысты. Қазіргі уақытта ақпаратты өңдеудің техникалық құралы болып дербес компьютер табылады. Ақпараттық сфераға дербес компьютердің енуі және телекоммуникациялық байланыстың қолданылуы ақпараттық технологияның жаңа кезеңінің дамуын анықтады.
Жаңа ақпаратық технология – дербес компьютерді және телекоммуникациялық құралдарды пайдаланып, қолданушының «достық» интерфейсті жұмысының ақпараттық технологиясы.
Жаңа ақпараттық технологиялардың 3 негізгі принципі бар.
1) компьютермен интерактивті жұмыс режимі.
2) басқа бағдарламалық өнімдермен өзара байланысы(интеграция)
3) берілген міндеттердің өзгеру процесіне икемділігі.
Ақпараттық жүйенің жіктелуі.
1 кесте. Ақпараттық технологияның классификациясы.
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
|
АЖ – де пайдалану тәсіліне байланысты
|
Дәстүрлі
|
Жаңа ақпараттық технологиялар
|
Басқару есептерін қамту дәрежесіне байланысты
|
Деректерді электронды өңдеу
|
Басқару функцияларын автоматтау
|
Шешім қабылдауды қолдау
|
Электрондық офис
|
Эксперттік қолдау
|
Жүргізілген технологиялық операциялар класына байланысты
|
Мәтіндік редактормен жұмыс
|
Кестелік процессормен жұмыс
|
МҚБЖ – мен жұмыс
|
Графикалық объектілермен жұмыс
|
Мультимедиялық жүйелер
|
Гипермәтіндік жүйелер
|
Қолданушының интерфейсінің типіне байланысты
|
Пакеттік
|
Диалогтық
|
Желілік
|
Желіні құру тәсіліне байланысты
|
Локальдық
|
Көпдеңгейлік
|
Бөлшектелінген
|
Қызмет көрсету облысы бойынша
|
Бухгалтелік есеп
|
Банктік қызмет
|
Салықтық қызмет
|
Сақтандыру қызметі
|
Басқалар
|
Басқару – маңызды функция, онсыз кез келген әлеуметтік–экономикалық, мекемелік-өндірістік жүйелердің (өнеркәсіп, мекеме, территория) мақсатты бағытталған қызметін елестету мүмкін емес.
Басқару функциясын жүзеге асыратын жүйе басқару жүйесі деп атайды. Бұл жүйенің іске асыратын маңызды функциясы жоспарлау, болжау, есеп, анализ, бақылау және байыптау.
Басқару жүйе компоненттерінің арасында ақпарат алмасумен байланысты. Басқару процесінде әр уақыт мезгілінде басқару есептерін шешуді қамтамасыз ету және жүйеге әсер ету үшін жүйенің жағдайы туралы, берілген мақсатқа жеткендігі (немесе жетпегендігі) туралы хабар алып отырады. Сондықтан экономикалық объектіні басқару жүйесіне өзінің ақпараттық жүйесі сәйкес келеді, бұл экономикалық ақпарат деп аталады.
Экономикалық ақпараттық жүйе – бұл экономикалық объектінің тікелей және кері ақпараттық байланыстарының сыртқы және ішкі ағымдарының, ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін табу барысына қатысатын әдістердің, құралдардың, мамандардың жиыны.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат, экономикалық – математикалық модельдер мен әдістер, техникалық, программалық, технологиялық құралдар мен мамандар жиынын білдіреді.
Ақпаратты түсу көзіне қарай ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы ақпарат жоғарғы органның жарлығынан, орталық және жергілікті органдардың әртүрлі материалдарынан, басқа мекемелерден түсетін құжаттардан тұрады. Ішкі ақпарат өнеркәсіптегі өндірістің жүргізілуі, жоспардың орындалуы, бөлімшелердің жұмысы туралы, қызмет бөлімшелері туралы ақпаратты қамтиды.
Ақпараттық жүйеде үш процесс ақпаратты өндіреді, олар мекеме шешім қабылдау, басқару, проблема анализі және жаңа өнімдер шығару мен қызмет көрсетулер қажет ететін ақпаратты дайындау, - бұл енгізу, өңдеу, шығару. Енгізу процесінде мекеменің ішінде немесе сыртқы ортадан жиналған тексерілмеген мәліметтер алынады. Өңделу процесінде ол шикі материал басқа маңызды формаға келтіріледі. Шығару сатысында өңделген деректер персоналдар мен процестерге беріледі.
Мекемені басқаруда ақпараттық технологияларды пайдалану кез – келген компанияны нарықтық конъюктураның өзгерістеріне қалыптасуы негізінде басқарылуды биіктетеді. Сәйкес автоматтандыру мыналарға мүмкіндік береді:
Деректердің бірлік банкі негізінде жетекшілер мен мамандарды максималды толық, оперативті және шынайы, дәл ақпаратпен қамту есебінен компанияны эффектілі басқаруды жоғарылату;
Оптимизациялау және стандарттауды пайдаланып құжатайналымды жақсарту;
Ақпаратты өңдеу процесін автоматтандыру, регламенттеу және компания қызметкерлерінің қажетті ақпаратты алуын жеңілдету есебінен істі жүргізу шығынын азайту. Қызметкерлерді өте көп жұмыстарды орындауынан босатып, басқа кәсіпкерлік маңызды жұмыстарға бағыттау;
Басқарудың барлық деңгейінде ақшалық қаражаттардың түсуінің және шығысының сенімді есебін және бақылауын қамтамасыз ету;
Төменгі және орташа звенолардың басшылары өз бөлімшелерінің қызметін сараптау және басшыларға, жеке бөлімшелер жетекшілеріне аналитикалық есеп (отчет) дайындау;
Бөлімшелер, филиалдар және орталық аппарат арасында ақпарат алмасудың эффектілігін жоғарылату;
Ақпаратты өңдеудің барлық сатыларында деректердің толық қауіпсіздігін және бүтіндігін кепілдеу және т.б.
Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялар байланысы
Қазіргі заманда мекемені нақты басқару үшін мыналар қажет:
өндіріс және өндірісті қамтамасыз ететін процестерге мониторинг жүргізу;
құжаттар мұрағатына, жобалық және техникалық құжаттарға, өндірістік процестердің технологиялық картасына жылдам рұқсат алу;
жұмыс орнының жүктелуі, өндіріс бөлімдері бойынша материалдарының жылжуы, жұмыс уақытының үлестірілуі туралы ақпарат алу;
инвентаризациялауды үздіксіз жүргізу, материалдардың қорының, дайын өнімнің өзгерісін тіркеу, шығындарды детальды классификациялау.
Осы күрделі кешенді есептерді шешу үшін ААЖ адамдарға ақпаратты эффектілі өңдеу әдістерін әртүрлі қолданбалы программалар пакеті түрінде ұсынады.
Ақпараттық технология және қолданушы интерактивті сұхбат процесінде ақпараттық өнім құрады..
Ақпараттық өнімдер – қызметтер үш құрамды бөліктерге бөлінуі мүмкін: байланыс, ақпарат, көңілаулау.
Басты ақпараттық тенденция – барлық ақпараттық өнім түрлерін күрделендіру және интеграциялау.
Жаңа ақпараттық технология деп, ақпараттық жүйелер және есептеу техникасының негізінде ақпаратты жинау, сақтау, іздеу, жинақтау, өңдеу, тасымалдау әдістері мен тәсілдерінің жиынын түсінеміз. Жаңа ақпараттық технологиялар компьютерлерді және телекоммуникациялық техникаларды қолдануға негізделеді. Ол жалпы және проблемалық бағыттағы қолданбалы программалық пакеттерді кеңінен пайдаланады, сонымен қатар қолданушыға ЭЕМ желілерін пайдалану арқылы ұзатылған мәліметтер қорына және программаларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі қасиеттерін көрсетуге болады:
қағазсыз технология, яғни компьютердің жадысында не дискте құрылатын немесе монитор экранында бейнеленетін ақпаратты негізгі жинақтаушы, электронды құжат;
кең мүмкіндікті интерактивті (диалогты) режим көмегімен қолданушы оперативті түрде кез – келген есепті шешуді басқара алады;
компьютермен тілдесу әдісі кез – келген дәрежедегі дайындықты қолданушыға меню жүйесін, анықтамалықты пайдаланып, ақпаратпен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.;
Ақпаратты көрсету формаларының сәйкестігі ақпараттың барлық өңделу этаптарында өтпелі (сквозной) ақпараттық қолдауды орындауға мүмкіндік береді.;
Барлық қолданушыларға кез – келген техникалық, программалық және жүйенің ақпараттық ресурстарына оперативті қолдау көрсететін ақпараттық желілер және коммуникация құралдары негізінде есепті ұжымдық шешу әдістерін пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: |