Сабақ жоспары Сабаққа жіберілді Сабақ тақырыбы: «Қазіргі кездегі білім беретін оқу орындарындағы тәрбиенің ерекшеліктері»


Тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы және жүзеге асырылуы келесілермен реттеледі



бет3/7
Дата05.02.2023
өлшемі61.42 Kb.
#469151
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
план тәрбие жұмысының әдістемесі

Тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы және жүзеге асырылуы келесілермен реттеледі:

  • -Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңымен;

  • -Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңымен;

  • -Балалар құқықығы туралы конвенциямен;

  • -Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен;

  • -Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарымен;

  • -Колледж Жарғысымен;

  • -Сапа саласындағы саясатпен;

  • -СМЖ құжаттарымен;

  • Тәрбие жұмысын ұйымдастыру туралы ережелермен.

Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты кәсіптік, интеллектуалдық және әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, әлеуметтік белсенділігі мол, денсаулығы зор, нақтылы кәсіби бағыттылығы мен кәсіптік құзыреттілігі бар, Қазақстан Республикасының азаматы және патриоты ретіндегі студент тұлғасының қалыптасуы, өзіндік өсуі, өзін-өзі жүзеге асыруы, әлеметтенуі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
Тәрбие жұмысы келесі міндеттерді шешу үрдісінде жүзеге асырылады:

  • -тұлғаның шығармашылықпен және өзін-өзі жүзеге асыруға бағытталған толыққанды әлеуметтік-педагогикалық тәрбиелеу ортасын құру

  • -адамдарға деген гуманистік тұрғыдағы тәрбие, қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұрып жатқан басқа этностар мен этностық топтардың мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін құрметтеу, ұлттық мұраны насихаттау, толеранттік сана-сезімді, келісімділік пен бейбітшілікте өмір сүру білігін қалыптастыру.

  • -балаларға ізгіліктік, рухани және мәдени құндылықтар мен қажеттіліктерді, қоғамдағы этикалық нормалар мен көпшілік мақұлдаған мінез-құлық тәртібін қалыптастыру.

  • -балалардың азаматтық-патриоттық тәрбиесін ұйымдастыру:

  • -шығармашылық, спорттық және ғылыми ұжымдардың, қызығушылықтары бойынша үйірмелердің жұмысын ұйымдастыру және құру:

  • -дене шынықтыру және салауатты өмір салты құндылықтарын насихаттау:

  • -ғылыми-ағартушылық, дене шынықтыру-спорттық және мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу, балалардың бос уақытының қамтылуын ұйымдастыру:

  • -балалар проблемасын зерделеу және әлеуметтік-психологиялық көмектер ұйымдастыру:

  • -өскелең ұрпақты ана тілі, мәдениеті, дәстүрлері мен басқа да құндылықтары арқылы тәрбиелеуде отбасының ролін арттыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет