Сабақ жоспары Сабаққа жіберілді Сабақ тақырыбы: «Қазіргі кездегі білім беретін оқу орындарындағы тәрбиенің ерекшеліктері»



бет7/7
Дата05.02.2023
өлшемі61.42 Kb.
#469151
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
план тәрбие жұмысының әдістемесі

6. Сабақ бойынша рефлексия:
«Аяқталмаған сөйлем» рефлексиясы
7. Үй тапсырмасы:
1 Үлгі-өнеге әдісіне тәрбие жұмысының жоспарын құру;
2 Мектепке дейінгі мекемеде ұйымдастырылатын жарысқа жоспар түзу.


8 Бағалау

5 сабақ жоспары


Сабаққа жіберілді


__________________


Сабақ тақырыбы: «Жеке адамның санасын қалыптастыру немесе сендіру әдістері»
Модуль /пән атауы: «Балалармен тәрбие жұмысын жоспарлауда тәрбие әдістерін, нысандарын, тәсілдерін, құралдарын қолдану»


Педагог Камысбаева И.М. дайындады
2022 жылғы «18» қазан;
2022 жылғы «20»қазан


1. Жалпы мәліметтер:


Курс, топ: ІІ-курс, МДТ-21-9-2;
МДТ-21-9-1


Сабақ түрі: Жалпы білімді меңгерту


2. Мақсаты, міндеттері:


3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі:
1) Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістерін тиімді қолдануды жоспарлай алады;
2) Сендіру әдістерін қолдана алады және біледі
4. Қажетті ресурстар: тірек-сызбалар, қанатты сөзер
5. Сабақтың барысы
Кіріспе бөлім:
Студенттердің қатысуын тексеру. Студенттердің сабаққа зейінін аудару.


Негізгі бөлім:
Жаңа тақырыпты түсіндіру, меңгерту.
Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, байымдау - пікірін айту, баға беру, сендіру):
• этикалық әңгіме;
• әңгімелесу;
• пікірталас;
• өнеге;
• сендіру.
Сананы қалыптастыру әдістерінің синонимі - сендіру әдісі арқылы тәрбиеші балаға адам мінезіне қойылатын талаптар, еңбектің, басқа адамдармен қарым-қатынастың маңызы туралы айтып, оның дұрыстығына баланың көзін жеткізуге ұмтылады. Баланы жақсы сөз бен іске сендіру үшін педагог тілді қолданады. Беделді, мәдениетті, тәжірибелі педагогтың сөзі балаға өтімді болады.
• Этикалық әңгіме - этикалық, эстетикалық мәселелерді балаға талдату. Педагог балалармен әңгімелескенде, олардың ойын тыңдап, онымен санасады, ынтымақтаса жұмыс істеп, адамның мінез-құлқына, жүріс-тұрысына қойылатын талаптарды бұзған балалардың іс-қылықтарын талдайды. Әңгімені бастауға себепші болатын балалардың теріс қылықтары. Этикалық әңгіменің жақсы өтуіне әсер ететін жағдайлар:
• бір мәселе төңірегінде бірнеше пікірлердің айтылуы;
• бала сұрақтарын педагогнің мақұлдауы, оған өзінің жауап беруіне көмектесу;
• әңгіменің дайын жауаптарының болмауы;
• баланың өз ойын айтып, басқалардың пікірлерін тыңдауы;
• қарым-қатынас мәдениеті, педагогтың бала дәлелді пікір айтқанша шыдамдылық көрсетуі;
• әңгімені лекцияға айналдырмау;
• әңгіменің жылы шырайлы жағдайда өтуі;
• баланың ішкі сырын айтуға көмектесуі;
• әңгіме материалдарын баланың өмірінен алу;
• түрлі пікірлерді біліп, оларды бір-бірімен салыстыру, дұрыс пікір шығару;
• жас ерекшеліктеріне сай болуы;
• тартымдылығы, қызықтылығы;
• педагогнің артық сөздер айтпауы.
Педагог тәртіп бұзған балалармен жеке сөйлесіп, оның кателігін өзіне әдепті түрде түсіндіреді. Әңгіме тақырыбына байланысты техникалық құралдар қолданылады. Әңгіме педагогтың қысқаша сөзінен басталады. Ол балаларға мәселелі сипаттағы сұрақтар қойып, талдатып, қорытындылайды.
• Пікірталас. Пікір білдіру, баға беру баланың дүниеге сенімін арттырып, ондағы қателіктер мен кейбір адамдардың жалған көзқарастарымен күресуге үйретеді. Пікірталас балалардан ақыл-ой қызметін, сезім белсенділігін талап етеді. Педагог пікірталасты өткізбес бұрын оның тақырыбын, сұрақтарын тұжырымдап, жүргізушіні белгілеп, қолданылатын әдебиеттерді ұсынып, балаларды пікірталас ережелерімен таныстырады.
• Түсіндіру. Бір топқа, жеке балаларға жаңа ережелер басқа адамды құрметтеу, өзін басқа кісінің орнына қою, т.б. түсіндіріледі. Партаны сызу, дөрекілік жасау теріс қылық екенін түсіндіре берудің қажеті болмағандыңтан басқа әдіс қолдану керек. Педагог адамшылық қасиет туралы баланың пікірін сұрап, баланы жақсы сапалардың қажеттігіне сендіріп, баланы теріс қылығы үшін ұялтып, түзелуге бағыттайды.
• Өнеге. Педагог балаларға әдебиеттегі және өмірдегі түрлі кейіпкерлерді үлгі еткенде бала өзінің ішкі жан-дүниесіне үңгіле бастайды. Бала басқа адамға еліктегіш. Бастауыш сынып балалары барлық адамдарға еліктейді. Жеткіншектер өздері таңдаған адамдарына еліктейді. Балалар әдеби және тарихи кейіпкерлерге, құрбыларына, ересектерге, ата-аналарына, педагогдерге, бұқаралық ақпарат құралдарының, өнердің жас ұрпаққа үлгі ететін адамдарына еліктейді.
• Сендіру. Педагог өз пікіріне баланы сендіргісі келіп, оған былай дейді: "Ақымақ - жаман адам, себебі ол өз ісіне есеп бермейді". Балаға сабаққа кешігудің зияндығын дәлелдеу үшін: "Бәріміздің ойымызды бөліп жіберетіндіктен, адамдардың кешіккені ұнамайды,", - дейді. Мәдениеттіліктің пайдасына баланың көзін жеткізу үшін, педагог: "Суды стақанмен іш, шишаның аузынан ішуге болмайды", - дейді. Педагог балаға қарым-қатынастың маңызын ашу үшін: "Сен газетті үйіңе ұмытып кеткендіктен, сынып сағатымыз ойдағыдай өтпейді" - дейді. Диалог әдісін қолданатын педагог: "Мен осылай ойлаймын, сендер қалай ойлайсыңдар", - деп сөйлеседі. Пікірталас жұмыс барысында пайда болады немесе оны педагогнің өзі ұйымдастырады. Көркем шығармадан алған әсерін педагог балаға былай білдіреді: "Мына портреттегі адам екінші портреттегі адамға қарағанда сұлу"."Сенің ақылық бар ғой, жібірлеген құрбыңнан кешірім сұра", - деп, педагог балаға нұсқау береді. Ол жасырын тұрде болғандыңтан бала басқаша қабылдайды. Ертегі, әдеби кітаптар, мерзімді баспасөз материалдары мектеп жасындағы балалардың адамгершілік санасын қалыптастыратын құралдардың бірі. Балалар жағымды кейіпкерлерге еліктеп, жамандыңтан аулақ болуға үйренеді. Көзін жеткізу - тәрбиешінің өз тәртібі, жұмыс тәсілдері арқылы жүзеге асатын, балалар көзқарасына ықпал етудің педагогикалық тәсілі. Қоғамдық пікір. Балаларға тәрбиешінің қоятын талабы ең алдымен ұжымның талабы екендігін түсіндіру керек. Ұжымның талабы - жалпы қоғамдың пікірдің көрінісі. Қоғамдың пікір ұжымдағы іс-әрекетті ұйымдастыру және мінез-құлықты қалыптастырудың негізгі әдісінің бірі. Қоғамдың пікір ұжым мүшесінің, жекелеген топтардың іс-әрекетін, қылығын бағалауда қолданылады. Қоғамдың пікірдің негізгі нысандары - ұжым мүшелерінің жиналыста, жиындар да, митингіде, жергілікті баспасөзде және дөңгелек үстел басында, ашың әңгімеде, кемшіліктерді сынап, жаңа міндеттерді жүзеге асырудың жолдарын белгілеуі. Cендіру әдісі - балаларды иландыру керек, кейбір нәрселерді ұғымды, түсінікті, иланымды етіп айту керек. Н.И.Болдырев: «Сендіру дегеніміз - тәрбиеленушінің санасына, сезіміне, еркіне әсер ету арқылы үнемі ақыл-кеңес беріп, оны жағымсыз қылықтарынан арылтып, жағымды моральдық санасын қалыптастыру мақсатын қояды. Бұл әдіс тәрбиеленушінің көңіл-күйіне әсер ету арқылы жеке адам ретіндегі баланың сана-сезімін қалыптастырады» - деп көрсетеді.
Сендіру әдісі балаға әсер етпейтін айналадағы ортамен тығыз байланыста жүргізіліп, баланың айналадағы дүние мен өзін түсінуіне ықпал етеді. Сендіру әдісі баланың сенімін қалыптастырумен байланысты. Бала санасында сенімді қалыптастыру үшін екі нәрсеге жете назар аудару керек. 1) білім, пікір, идея - сенімнің мазмұнын құрайды; 2) қалыптастырылатын сенімнің дұрыстығы; осыған байланысты екі мақсатты шешу көзделеді: балаға дұрыс ақпарат (білім, идея, т.б) беріп, оны санасында бекіту; сол қабылдаған ақпаратқа өздік қатынасын (мықты сенімін) орнықтыру. Бірінші мақсатты шешу қиынға соқпайды. Өйткені, ақпарат беріп, оны бекітудің түрлі жолдары бар (әңгіме, түсіндіру, әңгімелесу барысында ақпар беру, көрсету, ақыл-кеңес беру, кітап, журналдардан қажетті ақпарат алу, есіне салу, т.б.). Екінші мақсатты шешу күрделі. Мықты сенімді қалай қалыптастыруға болады? Ол үшін мықты сенім қандай жағдайда пайда болатынына тоқталайық. Адамның не нәрсені өз көзімен көруі немесе оқып танысуы, беделді адамдардың айтқанын естуі, дәлел келтіруі, белсенді қарым-қатынаста, пікір алмасу барысында көзінің жетуі, ең соңында өзінің өгелерді сендіруі тиіс. Сонымен сенім адамның белсенді қатынасында пайда болады.
В.М.Коротовтың «Общая методика учебно-воспитательного процесса». -М., 1983. атты еңбегінде сендіру әдісін былай жіктелген:
- ақпараттық-дәлелді әдіс;
- ізденіс әдісі;
-пікірталас әдісі;
- өзгелерді сендіру арқылы өзін сендіру әдісі.
Осы әдістердің бірлігі мықты сенімді қалыптастырады. Сендіру әдістерінің алуан түрлілігі балалар сенімінің түрлі деңгейі мен шығармашылық қабілетін қалыптастырады. Ең алғашқы ақпараттық-дәлелді әдіс - алғашқы сенім деңгейін, ал соңғы, өзгелерді сендіру арқылы өзін сендіру әдісі - ең жоғары сенім деңгейін қалыптастырады. Көрсетілген сендіру әдістері сенімнің қалыптасу деңгейінің кезеңдеріне сәйкес болады.
Сендіру процесінде тәрбиеші балалар бойында әлеуметтік және адамгершілік құндылықтары мен өмір шындығына қатынасын қалыптастырады. Оны қалыптастыру алынған ақпаратқа ғана тәуелді емес, сонымен бірге таңдап алынған әдіске байланысты. Иландыру материалдары дәлелді болып, оған олардың көзі жетсе, пікірталас барысында бала өз пікірін тиянақтап, меңгерген идеясы сенімге айналады.
6. Сабақ бойынша рефлексия:
«Құмырадағы гүл» рефлексиясы


7. Үй тапсырмасы:
Сендіру әдісіне сәйкес тірек – сызблар дайындау.
8 Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет