6. Сабақ бойынша рефлексия:
СИНКВЕЙН Бірінші жол - тақырып атауы; Екінші жол - тақырыпты екі сөзбен сипаттау,- белгі немесе сын есіммен; Үшінші жол - осы тақырыптағы іс-әрекетті үш сөзбен сипаттау, - етістікпен; Төртінші жол - төрт сөзден тұратын фраза, тақырыпқа қатысты сөйлем; Бесінші жол - синоним, тақырыпты ашатын.
7. Үй тапсырмасы:
1 Балабақшада азаматтық- патриоттық құқықтық тәрбиеге байланысты тәрбие жұмысы жоспарын құру.
8 Бағалау
№ 5 сабақ жоспары
Сабаққа жіберілді
__________________
Сабақ тақырыбы: «Тәрбие әдістерінің түрлері оларды топтастырудағы қажеттіліктер»
Модуль /пән атауы: «Балалармен тәрбие жұмысын жоспарлауда тәрбие әдістерін, нысандарын, тәсілдерін, құралдарын қолдану»
Педагог Камысбаева И.М. дайындады
2022 жылғы «11» қазан;
2022 жылғы «13»қазан
1. Жалпы мәліметтер:
Курс, топ: ІІ-курс, МДТ-21-9-2;
МДТ-21-9-1
Сабақ түрі: Жалпы білімді меңгерту
2. Мақсаты, міндеттері:
Студенттерге тәрбиенің әдістерін тірек-сызбалар арқылы түсіндіру. Тәрбиенің жалпы әдістерін жүйелеу. Тәрбие әдістері мен құралдарын ажырата білуге үйрету. Жас ерекшелігіне сай іс-әрекет түрлерін жіктеу. «INSERT» әдісі арқылы қажетті мәліметті түртіп алу.
3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі:
-тәрбие әдістерін ажырата білу;
-тәрбие әдістері мен тәрбие құралдарын ажырата білу;
4. Қажетті ресурстар: тірек-сызба
5. Сабақтың барысы
Кіріспе бөлім:
Студенттердің сабаққа зейінін аудару.
Негізгі бөлім:
Жаңа тақырыпты түсіндіру, меңгерту.
Тәрбие әдісі дегеніміз:
Жеке басқа ықпал ету құралы
Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс – әрекетінің өзара байланыс тәсілдері;
Тәрбие мақсатына сай балалардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы;
Тәрбие мақсатына жету жолдары;
Тәрбие әдісі – қойылған мақсатқа жетудегі балалар ұжымы мен тәрбиешілер іс – әрекетінің күрделі жиынтығы. Оның көмегімен тәрбие процесінде баланы тұлға ретінде қалыптастыру мақсатты түрде іске асырылады. Әрбір әдіс құрал болып табылады. Оның көмегімен тәрбие процесінде баланы тұлға ретінде қалыптастыру мақсатты түрде іске асырылады. Олар түрлі тәсіл көмегімен іске асырылады. Тәжірибелі педагогтар көптеген жанама әдістер қолданады. Олар тікелей әсер етпейді, жолдастары, ұжым, қызықты іс-әрекеттер, көркем әдебиет т.б. арқылы әсер етеді. Жанама әрекет баланы бойында белсенділік, тәуелсіздік туғызады.
Бүгінгі таңда балабақша тәжірибесінде өолданылып жүрген тәрбие әдістерінің біріңғай жүйесі қалыптасқан. Әдістерді тиімді пайдалану және тұлғаға жасалған ықпалдың нәтижелі болуын қамтамасыз ету мақсатын көздеп топтастырады. Әрбір әдістің өзіне тән белгілері, ерекшелігі, міндеті, бір – бірімен байланысты да топтастыруды, жіктеуді қажет етеді.
Педагогика оқулықтары ме ғылыми зерттеу еңбектерінде тәрбие әдістерін жіктеуге байланысты ортақ пікір жоқ. Дегенімен де қалыптасқан тәжірибе бойынша әдістерді негізінен үш топқа жіктейді. Г.И.Щукинаның «Педагогика» оқулығында тәрбие әдістерін:
1 Жеке адамның санасын қалыптастыру;
2 Қоғамдық мінез – құлықты қалыптастыру;
3 Мінез – құлық пен іс-әрекетті ынталандыру деп жіктесе,
В.А.Сластенин оған қосымша мінез – құлықпен, іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беру әдістерін қосады.
Ғалым – педагогтар Н.И.Болдырев, Н.Г.Гончарев, Р.Р.Королев еңбектерінде тәрбие әдістерін сендіру, жаттығу, мадақтау және жазалау деп қарастырады.
Жоғарыда келтірілген тәрбие әдістерін жіктеу түрлерінің қайсыбірін алсақ та, олар негізінен жеке тұлғаның қалыптасуындағы оның мәні мен іс – әрекетін ұйымдастырудың маңыздылығына байланысты дәлелдейді. Сол себептен де тәрбие әдістерін топтастыру немесе жіктеу тәрбиенің мақсат – міндеттері мен мазмұнына байланысты анықталады.
Тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, педагогикалық жағдаяттарға байланысты. Мысалы, үйрету әдісі мектепке дейінгі жастағы балалар тәрбиесінде қолданылады. Үйрету әдісі арқылы балаларды мектепте, отбасында әртүрлі іс-әрекетіне дағдыландыруға болады.
Тәрбие жұмысында әр баланың даму ерекшелігін, жеке ерекшелігін ескерген жөн. Тапсырма беру кезінде бала темпераменті ескеріледі. Мысалы, сангвиник бала қиыншылыққа кездессе, бастаған ісін аяғына дейін орындамайды, сондықтан үнемі бақылап, тапсырманы толық орындауға үйрету, жаттықтыру қажет. Бұл әдістер оларды жауаптылыққа, кішіпейілділікке, ұқыптылыққа үйретеді.
Балалардың арасында моральдық ұғымдар элементтерін жете білмегендіктен, түрлі жағымсыз әрекеттер болады. Мұндай педагогикалық жағдаяттарда этикалық тақырыптарға әңгімелесу әдістері қолданылады. Тәрбие әдістерінің көмегімен балалардың әртүрлі іс-әрекеттері ұйымдастырылады, адамгершілік келбеті айқындалып, дүниетанымы, көзқарасы қалыптасады. Барлық тәрбие әдістері бір – бірімен өзара байланысты, тәрбие жұмысына игі әсер етеді. Баланың іскерлігін, дағдысын тереңдетеді, қоғамдық өмірге, еңбеккек баулиды.
Тәжірибеде тәрбие жұмысының формасы, әдісімен қатар тәрбие құралдары қолданылады. Оған: оқу еңбегі, қоғамдық пайдалы еңбек, қоғамдық жұмыс, ойын, үйірме, спортпен айналысу жатады. Баланың әртүрлі даму сатысында олар өзгеріп отырады. Мысалы, мектеп жасына дейінгі кезеңде баланың негізгі әрекеті ойын болса, мектеп кезінде бірінші орын оқу еңбегіне беріледі. Бұл әрекеттердің қай – қайсысы болсада жеке тұлғаның қалыптасуына үлке әсер етеді.
Тәрбие теориясы мен тәжірибесінде тәрбие тәсілдері деген ұғым қолданылады. Тәрбие тәсілі+тәрбие әдісінің құрамды бөлігі және жеке бөлшегі. Тәсіл белгілі бір жағдайда әдісті нақты өалай қолдануды қамтамасыз етеді. Мысалы мақтау әдісінің түрлі тәсілдері бар: құптау, мақтау, алғыс, марапаттау, т.б.
Тәрбие процесінде сендіру әдісінің маңызы зор және ол төмендегідей тәсілдер арқылы іске асырылады: сендіру, көзін жеткізу, түсіндіру, әңгімелесу, баяндау т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |