Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: Дәрігердің қабылдауында


Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету»



бет9/9
Дата20.01.2022
өлшемі91.6 Kb.
#454700
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9


Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.




1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

1.Үйіңнің жанында емхана бар ма?

2.Сен емханаға соңғы рет қашан бардың?

3.Емханаға кіммен, не үшін бардың?





Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.



  • Дескриптор Жалпы – 3 балл

  • Берілген сұрақтарға жауап береді.







2-тапсырма. Диалог. Суреттерге қара. Тірек сөздерді пайдаланып, диалог құрыңдар.

Тірек сөздер: емхана, отбасылық дәрігер, тіс дәрігері, жүректі тыңдау, қан тапсыру, кеңес беру және т.б.





  1. Оқушылар тірек сөздерді пайдаланып диалог құрады.

  • Дескриптор Жалпы – 3 балл

  • - тірек сөздерді пайдаланады.

  • - диалог құрады.







3-тапсырма. Мәтінді оқы. 

Мен бүгін таңертең анаммен емханаға бардым. Бірінші қабатта қан тапсырдым. Сосын жоғары көтерілдім. Емханада отбасы дәрігері, тіс дәрігері, көз дәрігері бар. Отбасы дәрігері мені жақсы таниды. Себебі ол бізді жыл сайын тексереді. Дәрігер менің жүрегімді тыңдады. Дәрумен ішуге кеңес берді. Ет, балық, сүт, жеміс-жидектің пайдалы, фастфуд тағамдарының зиян екенін айтты.




  1. Оқушылар мәтінді оқиды.

  • Дескриптор Жалпы – 4 балл

  • Мәтінді мәнерлеп оқиды.




Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.



Үй тапсырмасы: 4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жаз. Сөз екпінін қойып оқы. Мәтінді екінші жақтан баянда. Мысалы: мен емханаға бардым. Сен емханаға бардың.

«Жетістік баспалдағы»

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.



Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет