Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) Ойтүрткі сұрақтары арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
«Миға шабуыл» әдісі оқушыларға суреттер көрсету.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
Мезгіл және мекен үстеулер
Үстеу – Қимыл мен іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, сыны, себебін, амалын білдіретін сөз табы.
Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетіп, қайда? Қайдан? Қалай қарай? Деген сұрақтарына жауап береді. Мысалы. Тауға қарай (қайда?) өрмелеу, алға (қайда?) жылжыды, ілгері-кейін (қайда?) қозғалды.
Мезгіл үстеуі қашан? Қашаннан? Деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытты білдіреді. Мысалы. Таңертеңнен (қашаннан?) кетті, жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) т.б.
|
Берілген сұрақтарға жауап береді.
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|