1 – сурет – SQL Query Analyzer терезесі Барлық әрекеттер саймандар панелі арқылы жүзеге асырылады. Саймандар панелінде келесі әрекеттерді орындайтын батырмалар орналасады:- текст немесе grid-кесте сияқты нәтижені шығарады;- команда орындалуысыз оның дұрыстығын тексереді;- команданы іске қосу;- сұранысты болдырмау;- сұраныс орындалуы жөнінде қосымша статикалық ақпаратты шығару;- ағымды қосылыстың параметрлерін шығарады;- терезені екіге бөлу: сұраныс терезесі және нәтиже терезесі;- деректер қорын таңдау.
14 2 – сурет – SQL Server Enterprise Manager терезесі SQL Server Enterprise Manager серверді конфигурирлеуге мүмкіндік береді. Берілген утилита клиент компьютерінде де іске қосылады. Утилитаның сол жағында объект утилиталарының иерархиясы, ал оң жағында объект мазмұны орналасады (сур. 2). Enterprise Manager менюі және саймандар панелі таңдалған объектіге байланысты өзгертіледі.2 – сурет – SQL Server Enterprise Manager терезесі
15 Деректер қорды жасауДеректер қоры екі тәсілмен жасалады: Enterprise Manager утилитасы арқылы немесе Create Database командасы көмегімен. Databases тобында қолданылатын серверді таңдап, Action менюіндегі New Database командасын орындау қажет. Содан кейін ДҚ файл параметрлерін анықтайтын сұхбат терезесі мен транзакция журналы шығады:- Name – жасалатын деректер қордың атауы;- Automatically grow title – ДҚ-дың өлшемінің автоматты өсуіне рұқсат бермейді: in megabytes – мегабайтқа ауысуына нұсқау береду, by percent – пайызда көрсетеді;- Restrict File growth – мегабайтта бір мәндерге байланысты ДҚ-дың өсуін шектейді;- Unrestricted file growth – ДҚ-дың өлшемін тексеретін режимді сөндіреді.
16 Кестелермен жұмысРеляциялық деректер қорында мәліметтер базалық кестеде сақталады. SQL Server-дің бір деректер қорында мәліметтер екі миллиардқа дейін жетуі мүмкін. SQL Server-де кестені не SQL Server Enterprise Manager көмегімен, не Transact-SQL тілінде CREATE TABLE командасы арқылы. Бұл командада келесі опциялар бар:- құрылған кестесі бар деректер қор атауы;- кесте қолданушысы;- кесте атауы;- 1-ден 1024 баған аралығында спецификациялар;- бірінші кілтті шектеу (қажет емес);- 1-ден 250 шектеулер (қажет емес);- сыртқы кілттің 1-ден 253 шектеулер (қажет емес);- кесте сақталатын файлдар тізімі (қажет емес).Бағанның әр анықтамасында оның атауы мен мәліметтер типі бар болу керек. Кейбір мәліметтер типтері үшін ұзындық пен дәлдік берілуі қажет. Сонымен қатар, decimal мәліметтер типі үшін үтірден оң жағынан қарағанда мәндер саны берілуі қажет.Кестені құру үшін Action менюінде New Table командасын таңдау қажет. Содан кейін, жасалатын кестенің атауы сұратылады. Келесі опциялары бар кестенің дизайнері ашылады:- Column Name – баған атауы;- Data Type – берілген өріс типі. Кесте 3.1-де Microsoft SQL Server негізгі типтері көрсетіледі:
17